Тұлғаның және
топтардың
қарым-
қатынасы
Орындаған: Әсілбек Б., Сеңгірбай
А.
Сабақтың жоспары:
1.Қарым-қатынас түсінігі. Қарым-
қатынастың түрлері, формалары,
қызметтері.
2.Тұлғааралық коммуникация, өзара
әрекеттесу, тұлғааралық қабылдау
түсініктері.
3.Қарым-қатынас стильдері.
4.Көшбасшылық және жетекшілік.
Қарым-
қатынас
Сөйлесу
Ақпарат беру
Ой алмасу
Мойындау
Бағалау
Түсіну
Қабылдау
Қарым-қатынас - адамдар
арасындағы байланыстың орнауы
мен дамуы, ортақ іс-әрекет
қажеттілігі мен ақпарат алмасуды
қамтамасыз ететін күрделі көп
жақты процесс.
Қарым-қатынас:
Психология ғылымындағы негізгі ұғымдардың біреуі –
қарым-қатынас. Қарым-қатынассыз жеке адамды түсіну,
оның дамып-жетілуін талдау мүмкін емес.Қарым-қатынас
түрлері мен формалары бойынша әр алуан. Тура, жанама,
тікелей, біреу арқылы (тікелей емес). Алғашқысы тікелей
қарым-қатынас, соның негізінде тікелей емес қарым-
қатынас пайда болады. Тікелей емес қарым-қатынас –
жазбаша түрдегі немесе техникалық құралдарды пайдалану
негізіндегі толық емес психологиялық контакт. Адамзат
тәжірибесін игеруде жазудың, кітаптың, басқа әр түрлі
техникалық құралдардың пайда болуы тікелей емес қарым-
қатынас жасаудың жүйесін күрделендірді. Қарым-қатынас
ары қарай жеке адамаралық және көпшіліктік қарым-
қатынас болып бөлінеді.
Қарым-қатынас түрлері мен формалары
Жеке адамаралық қарым-қатынас – топтарда, жұптарда
жеке дара ерекшеліктерін білу, қайғы-қуанышына
ортақтасу, түсіну, бірігіп іс-әрекет ету негіздерінде
қалыптасатын түрі. Көпшіліктік қарым-қатынас – көпше
түрдегі таныс емес адамдардың және көпшіліктік мәлімет
құралдары арқылы қарым-қатынас жасау, осындай
қатынастың түріне өнер, эстетикалық –қарым-
қатынастарды да жатқызады.Қарым-қатынаста адамдар
өзін көрсетеді, өзі үшін және басқалар үшін психологиялық
қасиетерін аша түседі. Сонымен бірге ол қасиеттері қарым-
қатынаста қалыптасады да, адамдармен қарым-қатынаста
адамның адамзаттық тәжірибені игеруі, қалыптасқан
мораль, құндылықтар, білім мен іс-әрекет түрлерін игеруі ,
жеке адам және дара адам түрінде қалыптасуы іске
асырылады. Яғни қарым-қатынас адамның психологиялық
дамуының маңызды факторы.
Жалпы алғанда қарым-қатынасты былай анықтауға болады: адамның
бүкіл өмірі барысында психикалық процестері мен мінез-құлқы
қалыптасатын жан-жақты шындық.Қарым-қатынастың маңызды 5
функциясын бөліп қарастыруға болады. Қарым-қатынас адамдардың
ұжымдық іс-әрекетінде байланыстырғыш рөлді атқарады. Бұл функциясын
шартты түрде «прагматикалық» функция деп атауға болады. Бұл шартты
орындамау Інжілде айтылған атақты Вавилон мұнарасы туралы аңызға
әкеліп соғуы мүмкін.
У.Джеймстің айтуынша: «Адам үшін қоғамда өз
бетімен назардан тыс қалу және басқалардың
оны мүлдем байқамауы – ең зор жаза». Көптеген
псизотерапевттік жүйелерде адамның мұндай
жағдайы «қолданылмаған, бекітілмеген» деген
ұғым арқылы беріледі, және де «Сенікі жөн
емес», «Сен жамансың» деп мойындамауға
қарағанда, бекітілмеу «Сен бұл жерде жоқсың»,
«Сен тірі адам емессің» дегенді көрсетеді.
Атақты ағылшын психологы Р.Д.Ленг – бекітілмеу,
көптеген психологиялық ауру, әсіресе шизофринияның
себебі деген қорытындыға келген. Оның байқаулары
бойынша, басқа да зерттеулер көрсеткендей, эндогенді
психозбен көбінесе ата-аналары тарапынан шеттетілген
балалар ауырады екен. Адамдар өміріндегі әр түрлі
дәстүрлер – амандасу, түрліше көңіл аудару рәсімдері
«бекітілу терапиясы » деп саналады. Қарым-қатынастың
төртінші функциясы жеке адамаралық қатынастарды
ұйымдастыру және қолдау болып табылады. Басқа
адамдарға деген эмоциялық көзқарастар – «сүйкімді -
сүйкімсіз», «ұнайды- ұнамайды» деген терминдермен
белгіленеді. Әрине, эмоциялық қарым-қатынас адам
өміріндегі жалғыз қатынастың түрі емес, бірақ олар
адамның барлық қарым-қатынас жүйесінде көрінеді,
көбінесе іскерлік немесе тіпті рөлдік қатынасына да өз
әсерін тигізеді.
Тұлға
Тұлға — жеке адамның
өзіндік адамгершілік,
әлеуметтік,
психологиялық қырларын
ашып, адамды саналы іс-
әрекет иесі және қоғам
мүшесі ретінде жан-
жақты сипаттайтын ұғым.
Тұлғааралық қатынас — этно психологияда
әрбір тайпаның, халықтың ұлттық дәстүрлерге
байланысты әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері
және т.б. Тұлғааралық қатынас әрбір халық пен
ұлттың этностық қарым-қатынас
ерекшеліктерімен өзгешеленеді. Мысалы,
қарым-қатынастың абысын-ажын арасындағы
сақина-жүзік, білезік алмасу; ер-азаматтар
арасында ер-тоқым алмасу; сауға тарту,
сәлемдеме жолдау және т.б. түрлері болған. Сол
сияқты, ізет, құрмет, сыйластық сезімдері де
адамдар арасындағы қатынастың бір түрі болып
саналады.
Қарым-қатынас адамзат қоғамының және жеке тұлғаның жарқын өмір
сүруінің міндетті шарты. Қарым-қатынас аса үлкен құндылық болып
табылады.
Қарым-қатынассыз адамның тек өзін-өзі танып білу, әлеуметтену яғни
индивидтің жеке тұлға ретінде дамуы, әлеуметтік тәжірибені адамнан
адамға, ұрпақтан ұрпаққа тарату, әлеуметтік топтардың қауымдастықтар
мен мемлекеттердің өмір сүруінің өзі, сондай-ақ, индивидтің (дара
адамның) психикалық іс-әрекеті де мүмкін емес.
Адамның оны қоршаған ортамен өзара
әрекеттесуі қоғамдық өмірде, ең алдымен
өндірістік іс-әрекетте адамдар арасында
қалыптасатын объективті қатынастар
жүйесінде жүзеге асады. Қоғамның негізі
ретінде өндірістік қатынастардың мәнін
аша отырып К. Маркс былай деп жазды:
«Өндірісте адамдар тек табиғатпен ғана
қатынасқа түспейді. Олар бірлескен іс-
әрекеттерімен өзара алмасу үшін қанадай
да бір түрде бірлеспей, бірікпей ештеңе
өндіре алмайды. Өндіру үшін адамдар
белгілі бір байланыстар менқатынастарға
түседі, әрі тек осы қоғамдық байланыстар
мен қатынастардың шеңберінде ғана
олардың табиғатқа деген қатынасы іске
асады».
Қарым-қатынас стильдері
ПАССИВТІ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС СТИ І
АГРЕССИВТІ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС СТИ Ь
ПАССИВТІ-АГРЕССИВТІ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС
СТИ Ь
БЕ СЕН І ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС СТИ Ь
Достарыңызбен бөлісу: |