2.2 Дене тәрбие сабағын дене жаттығуларымен құру негіздері
Сабақты құру үлгісінің жалпы ерекшеліктері және әр түрлілігі. Дене жаттығулары сабағы дене тәрбиесі жүйесінің бөлігі болып саналады, яғни оларда іс жүзінде құралдары мен әдістері пайдаланылады, сонымен бірге соңғы нәтижеде оның міндеттерінің негізін құрайтын дене тәрбиесінің принциптері жүзеге асады. Дене жаттығуларымен шұғылдану барынша әр түрлі - серуендеу, таңертеңгілік дене шынықтыру, спорттық сайыстар, суға шомылу, туристік жорықтар, дене тәрбиесі сабақтары және т.б. Дегенмен, олардың барлығында кейбір сәйкес жалпы заңдылықтары бар. Бұл заңдылықтарды білу әрбір жекелеген жағдайда жете түсініп, барынша тиімділікпен дене жаттығуларының шұғылданушылардың ағзасына әсер етуін іске асыруға жағдай жасайды.
Дене жаттығуларының шұғылдану үлгілері мен мазмұнының өзара байланысының диалектикалық сипаты педагогикалык қатынаста өте маңызды болып табылады.