Инфекциялық процестің негізінде паразитизм феномені жатыр, өйткені паразит деп аталатын біреуі, ие деп аталатын екіншісін қоректік көзі және тұрақты немесе уақытша мекендейтін орны ретінде пайдаланады
Инфекциялық процестің негізінде паразитизм феномені жатыр, өйткені паразит деп аталатын біреуі, ие деп аталатын екіншісін қоректік көзі және тұрақты немесе уақытша мекендейтін орны ретінде пайдаланады.
Адамдардың, жануарлардың және өсімдіктердің инфекциялық және инвазиялық ауруларының қоздырғыштары паразиттерге жатады, яғни олар тірі жүйе ортасында паразиттік тіршілік етуге қабілетті.
«Паразитизм" термині - бұп ерекше түсінік және паразит популяциясы гетерогенді. Микроб популяциясының паразитизмдік дәрежесі ең алдымен мекендейтін ортамен байланысты, сондықтан популяциялық-экологиялық тұрғыдан паразитизмді үш категорияға бөледі: облигаттылар, факультативтілер және кездейсоқтылар.