Патогенділер (грек: раthos азап шегу, зиян шегу; genis - туылу) - бүл адамдардың, жануарлар мен өсімдіктердің жұқпалы ауруларының қоздырғыштары. Эволюция барысында патогенді микробтарды- адаптациялануының тереңдегені сонша, олар белгілі бір уақытта макроорганизмнен тыс жағдайда бола алатынына қарамастан, макроорганизмде тіршілік етуі микробтың биологиялык түр ретінде сакталуына қажетті шарт болып табылады. Осыған орай, олар үшін ауру- бұл эволюция барысында макроорганизммен симбиоздық қатынас қалыптасуының нәтижесі болып табылады.