Дастанның бұдан кейінгі тараулары «Тілді тыйып үстау — әдептіліктің шарты», «Тіл жайында», «Дүниенің өзгеріп тұратыны жайында», «Жомарттық пен сараңдық жайында», «Игі мінез бен жарамсыз қылық жайында» , т. б. деп аталады.
Сонымен, «Ақиқат сыйы» дастанының авторы оқушысын білімді, инабатты, мейірімді, әдепті сөйлейтін, жомарт, адал жан болуға үндейді. Жарамсыз мінез- қылықтан сақтандырады.
Ахмед Иүгінеки «Ақиқат сыйы» дастанының соңында адам бойындағы ізгі қасиеттер туралы өз ойын қорыта келіп, кітап оқушысына қарата былай дейді.
Ақмет Әдиб — атым, үлгі — сөзім,
Қалады мүнда сөзім, кетем өзім,
Күз келер, жаз да кетер, өмір де өтер,
Сонымен жұмыларда екі көзім.
Ей досым, жаздым кітап түрікшелеп,
Мейлің сөк, мейлің қала ерекше елеп.
Артымда ат қалсын деп жаздым мұны Ғажайып таңсық сөзбен ерекшелеп.