Орындаған: Осатай Индира жхб-011



Дата08.02.2022
өлшемі121,63 Kb.
#123096
Байланысты:
Бөж-1 Осатай Индира ЖхБ-011 саясаттану


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ - түрік университеті



Орындаған: Осатай Индира ЖХБ-011


БӨЖ тапсырмалары: Саясаттану ғылымын зерттеген ғалымдардың еңбектеріне шолу жасаңыз.
Қазақ халқының саяси ұғымдарға бай рухани мұрасы да әлемдік саяси ой-пікірдің құрамдас бөлігі екені сөзсіз. Қазақтың бірінші фәлсафашысы, саясаттанушысы деп біз – Әбу Наср әл-Фарабиді (870-950) айтамыз. Екінші Ұстаз туындылары Шығыс елдерінде кеңінен таралды, арабтық Испанияның арқасында Еуропда да мәшһүр болып иврит және латын тілдеріне аударылған. Кейбір деректердің айтуынша ойшыл еңбектерінің саны 160-тан асады. Өзіміздің қазақ топырағында дүниеге келіп, мұсылман араб қоғамында кәсіби тұрғыда жетілген Әбу Наср әл-Фараби бүгінгі уақытта барынша өзектілікке ие болып отырған саясаттанудың түп-тамырын қалады. Ұлы ойшыл «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы» туралы еңбегінде мемлектті адамдардың өз қажетін бірлесіп қоғамдық жолмен жақсылап қанағаттандыру үшін жасаған ұйым деп білді. Оның пайда болуына тіршілік үшін күрес айтарлықтай ықпал етті. Сондықтан адамдардың ұжымда өмір сүріп, бақытқа қол жеткізудің тұжырымдамасын белгіледі. Қайырлы және қайырсыз басқарудың ара жігін айқындады. Ол бірінші болып адам проблемасын көтерді. Бақытқа қол жеткізудегі білімнің көмегін насихаттады. Кемеңгер ойшыл шығыс қоғамындағы гуманисзиді дәріптеген нағыз саясаткер ретінде танылды. Оның ілімін Орта Азия топырағында танымал болған басқа да ойшылдар ары қарай жалғастырды.
Түркі топырағының асыл перзенті Жүсіп Хас Қажы Баласағұн (1021-1075) аты әлемге әйгілі қоғам қайраткері, ол Баласағұн қаласында туып, әйгілі түрік қағанаты құлаған соң құрылған Қарахан империясының мәдени орталығының бірі болған Қашқарда тұрған. «Құтты білік» атты атақты еңбегі нағыз саяси туынды. Поэма 85 тараудан тұрады. Өзінің мәшһүр еңбегін ойшыл Қараханид әулетінен шыққан Табғаш Боғра-хақан – Абу Хасанға арнап жазып, осы еңбегі үшін хасс-қажыб (сарай министрі) дәрежесін алған. Жүсіп дәуірінде қарахандықтардың жеке өлке билеушілері өзара билікке таласып бастары қосылмады. Сондықтан туындыда мемлекетті орталықтандыру, оның бірлігі, мемлекетті басқару мәселелеріне басым көңіл бөлінген. Ол – тек саяси трактат қана емес, онда өмірдің мән-мағынасына, адамның тағдыры, оның қоғамдағы орны мен рөлі, халықтың мінез-құлқы, салт-санасы, әдет-ғұрпы және т.с.с көзқарастар жинақталған. Ол шындыққа, бақытқа жетудің жолын іздеді. Әділет, ақыл, қанағатты насихаттады. Әділ заң мен еркіндікті көкседі.
Қазақ халқының ірі ойшылдарының біріне Қожа Ахмет Йассауи (1093-1157) жатады. Ол «Диуани хахметте» әділдікті, имандылықты, шыншылдықты, мейірімділікті дәріптейді. Адал билеушіні нақтылайды. Парақор әкімдерді әшкерелейді. Бұл ойшылдың ілімі бүгінгі таңдағы қоғамды қобалжытып отырған мәселелермен төркіндес деуге болады.
Қазақ халқының саяси тарихында өшпес із қалдырған танымал хандар да бар. Оларғ22а Қасым, Есім хандар жатады. «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» деп халық олар жасаған заң тәртіптерін көпке дейін ұмытпаған, алайда олар бізге дейін жетпеді. Ал, Тәуке ханның «Жеті жарғысы» негізінен сақталған. Бұл заңда құқықтық тәртіп пен мемлекеттік құрылымның негізгі принциптері айқындалады. Тәуке хан «Халық кеңесі» мен «Билер кеңесін» тұрақтандырып, маңызын арттырған. Сайып келгенде қазақ қоғамына түбегейлі өзгерістер енгізген нағыз реформатор болған.
ХIХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырда саясат түсінігіне байланысты жаңа көзқарастар пайда болды. Осыған байланысты, саясат – басқару туралы ғылым және барлық адамдар қауымдастықтары мен топтарындағы бедел мен басқаруды нығайтты. Саясаттың осындай түсінік ретінде бастамасы неміс социологі Макс Вебердің (1864-1920 жж) алдыңғы қатарлы шығармаларында бастау алды. Ол «Саясат – атақ пен мамандық» деген еңбегінде: «саясат ол мемлекеттер арасында немесе мемлекет ішінде, не жеке адамдар арасында басқаруға ұмтылу немесе басқаруды бөлісуге әсер ету деп жазған (М.Вебер Таңд. Шығарм. – М., 1990, 644, 646 бб). Ол өзінің зерттеу қызметінің принципі ретінде плюрализм идеясын негіздеді. Оның іздеген басты мәселелері – қоғамның шаруашылық өмірінің, әртүрлі әлеуметтік топтардың материалдық және идеологиялық мүдделері мен діни сананың араларында қандай байланыстар бар, соларды ашуға тырысты. Ол әлеуметтік құрылым мен таптық жанжалдарға ерекше мән берген. Осы тұста оның Маркстің көзқарастарына қарсы шығатын тұстары жиі болған. Нақтылайтын болсақ оның ойынша болашақ қоғам жұмысшы табының диктатурасы емес, шенеуніктердің диктатурасына негізделеді деген.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ даласында саяси идеология ретінде ағартушылық кең өріс алды. Бұл бағыттың белді өкілі деп біз Абылай ханның шөбересі Шоқан Уәлихановты (1835-1865) айта аламыз. Шоқан Азия мен Қазақстан жағдайында халықты аяусыз қанап, соның нәтижесінде билеп-төстеушілердің орынсыз баюына жол ашатын нәрсе – олардың қолындағы шексіз билік деп ұқты. Сондықтан халықты қанаудан құтқару үшін бай-манаптардың билігін жою немесе тым болмаса олардың саяси үстемдігін шетеп, бұқара халықтың демократиялық құқығы мен бостандығын кеңейтпек болды. Жалпы, ол билікті халықтың еркімен шектеуді дұрыс деп санады. Ойшыл адамгершілгі мол адамның еркіндігін насихаттаған. Ал адамилыққа қол жеткізудің негізгі нысаны білімде деген ой тастаған. Бұл уақытта Шоқанның замандасы Ыбырай Алтынсарин де (1841-1889) қоғамда белсенділік көрсетіп, халықты дүниеге «дұрыс көзқараспен» қарауға тәрбиелеуді өзінің мақсаты етіп қойды. «Қазақ даласындағы жұт жөнінде» деген еңбегінде халықтың болашағы отырықшылыққа көшу және егін шаруашылығымен айналысуда деген пікір білдірген. Білім мен жеке бас мәдениетін көтеруге үндеді. Қазақ қыздарын оқытуға ерекше көңіл бөлді. Көптеген мектептер ашты. Білімнің мансабы мен мәніне терең үңілу қазақ топырағының кемеңгер хәкімі Абай Құнабаевтан да (1845-1904) жақсы байқалады. Абай патша өкіметінің сойылын соғып, байлардың мүддесін қорғайтын қарапайым халықты езуші старшина, би, болыс және т.б. атқамінерлер сияқты әлеуметтік топтың қоғам дамуына кедергі келтіріп отырғандығын жақсы түсіне білді. Сондықтан ол ел басқару жүйесінде жаңа заң, ережелер енгізуді армандап, сол жолда жүзден аса бабы бар ереже жазған (М.Әуезов. Шығармалар. Алматы, 1969, 12-том, 295-б).
Қазақ халқының саяси санасының дамуына ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басында пайда болған алғашқы зиялылар тобы да зор ықпал етті. Оларға Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай, Мұхамеджан Тынышбаев, Мағжан Жұмабаев, Бақытжан Қаратаев, Халел және Жаһанша Досмұхамедовтар және басқалар жатады. Олар Ресейдің отрашыл саясатына қарсы ұлт-азаттық қозғалысын басқарып, қазақ халқының ұлттық бірлесуін мұрат етті. Олар қазақ елінің өзін-өзі басқару, түбінде дербес мемлекет құру, қазақ жеріне ішкі Ресейден қоныс аударуға шек қою, адам құқықтары мен бостандықтарын сыйлау, демократиялық прнинциптерді қазақ жеріне кіргізуді мақсат етті. Алаштың білімді дебілікті асыл азаматтары қызыл империяның құрбаны болып кетті. Бірақ олардың саяси мұраты өз өміршеңдігін ешқашан жоймақ емес.
Осындай саясаткерлердің сан түрлі дәлелдеулеріне сүйене отырып, айтатынымыз, саясаттанудың зерттейтін нысаны – саясат, қоғамның саяси өмірі, бүтіндей алғанда, қоғамды қоршаған саяси шындық. Саясаттану пәні дегеніміз бұл –саясаттану – қоғамдағы саясат пен саяси қарым қатынас туралы, саяси өкіметтің дамуы мен қалыптасу заңдылықтары туралы және адамның қоғамдық өмірдегі орны туралы ғылым.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет