Орындаған: Сайланбаева Айым Группа: Тх 18-15 Тексерген



бет2/3
Дата07.02.2022
өлшемі119,93 Kb.
#91916
1   2   3
Байланысты:
Сайланбаева Айым ТХ-18-15 СРС-9
Сайланбаева Айым ТХ-18-15 СРС-9, Сайланбаева Айым ТХ-18-15 СРС-9, 1314703, 15 лекция, неотложные состояния (хирургия).docx, 4кл қазақ тілі 21, 4кл математика 21, 4кл әдебиет 21
II.Негізгі бөлім
2.1.Ғылыми іс - әрекет, оның мақсаты мен ерекшеліктері.
Ғылыми жұмыстың мақсаты – іргелі және қолданбалы міндеттерді шешу. Іргелі ғылым табиғат пен қоршаған әлемнің ғалами мәселелерін қарастырады, оның зерттеу пәні ретінде әлем мен бүкіл жаратылыс құрылымының жалпы заңы мен ортақ заңдылықтары табылады. Бұл ғылымның маңызы ешқандай критерийлермен өлшенбейді, одан алынған нәтижелерді жақын уақытта қолдану мәселелері қойылмайды.
Қолданбалы ғылым іргелі ғылымның жетістіктеріне сүйене отырып, өмірге жақын түсінікті міндеттерді қарастырады. Мұнда ғылыми нәтижелерді іс жүзінде пайдалану негізгі міндет болып саналады, сондықтан бұл салаға жататын зерттеулерді бастар алдында «бұл кімге қажет ?» деген сұрақтар қойылады. Іргелі және қолданбалы ғылымның арасында айқын шекара жүргізу мүмкін емес, себебі қолданбалы ғылым өзінің даму барысында және жетістіктерін қорытындылай келе бірте – бірте зерттеудің іргелі түріне айналады. Ал керісінше, іргелі ғылым тапқан жаңалықтарды пайдалана отырып, қолданбалы ғылым өндіріс пен шаруашылықтың ірі мәселелерін шешуге көп ықпал жасайды. Жүргізіліп отырған жұмыстың түріне қарай қолданбалы ғылым теориялық немесе эмпирикалық (тәжірибе) сипат алады.
Теория сипатына ие ғылыми жұмыс жүргізу барысында соңғы нәтижеге жету үшін әдебиет көздерінен ақпарат жинақталады, талданып қорытылады, өңделеді, есептеледі, жаңа ой – пікір ұсынылып, болжау жасалады. Ғылыми жұмыстың мұндай сипаты дедуктивті әдіс деп аталады. Ғылыми іс - әрекеттің бұл түрінде зерттеушінің шығармашылық қабілеті, оның ақпараттық толықтығы, ақпараттың зор ағымынан тиісті қажет бөлігін дер кезінде табу қабілеті аса маңызды. Сырттан қарағанда мұндай іс - әрекет көзге көрінбейді. Ал шын мәнінде зерттеуші дәл сол кезде басымен, яғни миымен күшті жұмыс жасайды. Дәл осылай ғылымның көптеген негізгі заңдары қалыптасқан, мысалға физикада, математикада т.б.
Мұндай іс - әрекеттің түрі, нәтиже алуда белгілі қауіп – қатер әкеледі, себебі көп жағдайда, жоғарыда айтқандай, адамның өзіне оның шығармашылық қабілетіне, қиялына күнделікті құбылыстарды түсініксіз, әдеттен тыс фактілерді байқауында, одан жаңа идеяны ойлап табуына байланысты. Сондықтан кейбір жағдайда орасан зор уақыт өткізіп, зерттеуші ешбір қорытындыға келмеуі немесе теріс нәтиже алуы да мүмкін.
Теория ғылымы өз кезегінде аналитика және өнертапқыш түріне бөлінеді.
Аналитикалық ғылым белгілі түсініктер мен заңдарды математикалық өңдеудің есептеу әрекетінен құралады, мұның мақсаты аталған заңдармен құбылыстардың сандық сипаттамасын беру. Бұл зерттеулердің мақсаты, зерттеу объектісін жүзеге асырудың түрлі жағдайында бет алысын болжамдап математикалық байланыстылығын табу.
Теория ғылыми жүзеге асуда арнайы жабдық пен бөлмелер қажетсінбейді, зерттеуші ешкімнің көмегіне зәру емес, керек нәрсені өзі – ақ қамти алады.
Өнертапқыштық іс - әрекет бұған дейін беймәлім, белгі мен қасиеттер ашу арқылы зерттеу объектісіне қажетті сапалы дәреже (индикатор) мен санды деңгейін (параметр) аса зор өлшемге көтеру мүмкіндігін туғызатын жаңашылдық сипатындағы ерекше шешімдер іздеп табудан құралады. Мұндай іс - әрекет жүргізу үшін, тек қана ақпараттық қамсыздандырумен шектелуге болмайды, ол үшін көп білу керек, зор шығармашылық қабілеттерді, қиялды өз бойында қалыптастыру қажет, ерекше ойлау дағдысын тәрбиелеу - қалыпты пікір шешімге бағынбай, өз көзқарасын байыту қажет. Дәл осындай шешімдер ғылыми ой - өрісті ілгері жылжытады, жаңа көкжиек, бағыт ашады, ескірген идеялар тоқырауынан алып шығады.
Эмпирикалық (тәжірибелік) ғылым жаңа жетістіктер мен идеяларды шығару үшін көлемді практикалық жұмыс өткізуі керек. Ақпараттың негізгі ағымын тәжірибе барысында лабораторияларда, арнайы қондырғыларда өткізілген жұмыстардан алынған нәтижелер құрайды. Ғылыми жұмыстың мұндай түрінде үлкен төзімділік, мақсаттану, сәтсәздәкке мойымау қабілеті, жылдар бойы көлемді, бір сарынды жұмыстарды жүргізе беру ниеті аса қажет.
Ғылыми іс - әрекеттің бұл түрінде шығармашылық, қиялдану элементтері теориялық іс - әрекетіне қарағанда әлдеқайда қарапайым. Жеке зерттеушінің енші – үлесі мұндай жұмыста аздау болып келеді. Теория мен эмпирика ғылымдары бір – бірін толықтырады, байытады.
Шығармашылық - белгілі бір нәрсенің шегінен шығып ойлаудың ең биік формасы, сондай-ақ шығармашылық жаңа бір нәрсені туғызатын әрекет. Соңғы айтқанымызға міндетті таңдау мен қоя білу, жақсы нәрсені іздеу жэне оны шешу әдісі, нәтижесінде - жаңаны жасап шығару жатады.
Шығармашылық адам әрекетінің кез-келген саласында орын ала алады: ғылыми әрекетте, өндірістік - техникалық салада, саясат саласында, өнер саласында т.б.
Көбінесе, ғылыми шығармашылық қоршаған ортаның танымымен тығыз байланысты. Ғылыми-техникалық (немесе жай ғана техникалық) шығармашылықтың адамның тәжірибелік қажеттіліктерін қанағаттандыратын бағыты және мақсаттары бар. Оның астарынан ғылым жетістіктерінен қолдану негізінде техника саласындағы міндеттерді іздеу мен оны шешуді түсінуге болады. Бүкіл адамзат тарихы бойы өткен замандардың ғалымдары мен өнертапқыштары жаңа нәрсені жасап шығару үшін өндірістік әдіс «байқап көру және қате» әдісін қолданды. Ойлауға сыйымды, мүмкін нұсқаулардың көп бөлігін жүйесіз таңдай отырып, олар (кейде!) қажетті шешімге келіп отырды.
Таным теориясының келтірілген элементтері ғылыми-техникалық шығармашылықтың негізгі әдіснамалық құралдары болып табылады, оларға эвристикалық тәсілдер мен активизация әдістері және шығармашылық еңбекті ғылыми ұйымдастыру жатады. Солардың бірнешеуін келтірейік.
Ұсақтау (уату) және біріктіру тәсілі. Мысалы басқа бір бөлшектермен толтырылған гайка, резьба және корпус болттан еркін шешіліп алынуы мүмкін, ал автокөлік дөңгелегін екеу етіп біріктіру оның қауіпсіздігін барынша арттырады. Шығарып тастау тәсілі (кедергі жасайтын бөлшектерді бөлу немесе тек қажеттіні ғана бөлу). Мысалы, флюорография кезінде көптеген адам мүшелерін рентген сәулесінен қорғау үшін сәуле өтетін жолға қорғаныстық берьерлер қойып, өкпе клеткаларының қажет бөліктеріне өте алатындай орын қалдырады.
Инверсия тәсілі (қалыптасқан әрекет орнына қарама-қайшы әрекет қолдану). Мысалы, жүзгіштердің шынығатын жабдығында қарсы алдына су жіберіп, ал жүзгіштің өзі орнында қалса.
Басқа бір өлшеуге өту тәсілін қолданған, мысалы бөрене ағашты диаметрмен сақтау, ұзындығын арттыру және пучканы вертикаль жағдайда орналастыру.
Әмбебаптылық тәсілі (портфель тұтқасы біруақытта эспандар қызметін атқара алады).
Зиян келтіру тәсілі мүмкін пайдаға асуы мүмкін, мысалы, өзендер ағып қосылғанда және жағалауға су тасқыны қаупі төнгенде, өзеннен келетін «артық» суды үлкен резеңке резервуарлар көмегімен бөгеу. Мұндай судамбалары (бөгеттері) бір-ақ минут ішінде құрылады және алынып тасталынады.
Өзін-өзі қызмет көрсету тәсілі қолданылған, мысалы, уатқыш аппарат корпусының төзімділігін арттыру үшін оған магнит қасиетін беру жолымен, өз бетіндегі жаңарып отыратын бөлшектерді ұстап отыру.
Осылайша, аталған тиімді шығармашылық тәсілдердің мәні олардың атауымен ашылады. Сонымен қатар, ұжымдық шығармашылық әрекетті психологиялық активизациялау әдісі қызығушылық туғызады. Соның бірі «ми шабуылы» («мозговая атака»), А.Осборн ұсынған әдіс. Психологиялық шиеленістерді жою үшін, мысалы сынға ұшырау, идея жасап шығару процессі және сыни баға ми шабуылында уақытқа қарай бөліп тасталынған және адамдардың әр түрлі топтарына қарай өткізіледі. Бірінші топ тек әртүрлі ұсыныстарды қозғайды және сынсыз шешу нұсқасын дамытады. Оған, фантазияға қабілетті адамдарды жатқызған жөн. Екінші топ бұл «эксперттер» дамыған идеялар қүндылықтары туралы пікір тасушылар. Оның құрамына сараптау және сынай ойлау қабілеті бар адамдарды жатқызған дұрыс.
Кез-келген ғылыми ізденіс айрықша ерекшелікке ие, оларға танудың мақсатты процессі, оған тән реттілік және ұсынылған ережелер, қорытындылар және жалпылауларға негізделген ғылыми ізденістің логикасы жатады. Ғылыми ізденіс әрқашанда ғылыми білім деңгейін арттыруға, жаңа шынайы идеялармен байланысты табиғаттың жаңа заңдылықтарын ашуға бағытталады.
Мақсатты тағайындалуы бойынша ғылыми зерттеулердің мынадай түрлерін көрсетеді:
- фундаментальды, олар белгісіздіктің жоғары дәрежесіне ие, олардың нәтижесі жаңа құбылыстарды және табиғат заңдылықтарын ашу, қоғамның ғылыми білімін кеңейту және оларды тәжірибелік қызметте қолдану;
- қолданбалы – олар жаңа ізденіс немесе белгілі құбылыстар мен табиғат заңдылықтарын жетілдіру болып табылады, олардың мақсаты – алынған нәтижелерді адам мен қоғамның тәжірибелік қызметінде қолдану.
Ғылыми танымның нәтижелері түсініктерді қалыптастырумен аяқталады. Ғылымның түсініктілігі бір-бірімен тығыз байланысты аксиомалар, теоремалар мен тұжырымдардың қатаң логикалық құрылысымен түсіндіріледі. Түсініктер көп жақты құрылымға біріктірілген. Теория – бұл түсініктің кеңейтілген түрі. Кез келген ғылыми теория – Евклидтің не Н.И. Лобачевскийдің геометриясы, кванттық механика, не қазіргі заманғы космогония - түсініктердің қалыптасуының мысалы бола алады. Түсініктердің қалыптасуы - үздіксіз жүретін күрделі үрдіс. Әрбір ғылым белгілі бір заңдылықтарға бағынатын түсініктер жүйесі болып табылады.
Ғылым кумулятивті үрдіс деп аталатын тек қана фактілердің жай жиынтығы емес. Фактілерді әдетте гипотеза мен теориялар арқылы түсіндіруге тырысады. Олардың ішінде белгілі бір кезеңде парадигмаға айналатын жалпыға ортақ немесе фундаменталды теория болады. Кезінде осындай парадигма ретінде Ньютонның аспан және жер денелерінің қозғалыс теориясы қарастырылды, өйткені, бұл теорияға нақты механикалық процестерді зерттеуші дерлік ғалымдар сүйенді. Дәл осылай, электрлік, магниттік, оптикалық және радиотолқындық процестерді зерттеуші барлық ғалымдар Д.К. Максвелл жасаған электромагниттік теорияның парадигмасына сүйенді.
Ғылыми революцияларды талдау үшін, ғылымға парадигма түсінігін енгізген америкалық ғалым Томас Кун (1922-1996 ж.) олардың ерекшелігін – бұрынғы парадигманың жаңа парадигмаға ауысуы, яғни зерттеліп отырған процестердің жаңа, терең және күрделі түріне ауысуын көрсетіп кеткен. Оның пікірі бойынша ғылымның дамуын екі кезеңге бөлуге болады:
1. Қалыпты кезең, бұл кезде ғалымдар парадигманы жеке, арнаулы сипаттағы мәселелерді шешуге пайдаланаған;
2. Экстраординарлық кезең - жаңа парадигманы іздеу кезеңі.
Осындай қөзқараста жаңа парадигманың бұрынғы зерттеулермен ешқандай байланысы жоқ бола тұрып, оның өзінің пайда болуы түсініксіз болатыны сөзсіз. Шын мәнінде, парадигмаға қарама-қарсы аномалиялық фактілер мысалдарынан – анализ, бағалау сияқты процестердің ғылымның кәдімгі даму кезеңінде-ақ пайда болып жатқандығын байқауға болады. Сондықтан ғылымның дамуының көрсетілген кезеңдерін бір біріне үзілді – кесілді қарама - қарсы қою негізсіз болып, бұл көзқарас көптеген ғалымдардың тарапынан қарсылыққа кездесті.
Ғылыми танымның әдістері жалпы деңгейлеріне, ғылыми зерттелу үдерісіне, қолданылу ауқымының кеңдігіне қарай бірнеше топқа бөлінеді. Сондай-ақ олар:
- жеке,
- жалпы ғылыми және
- жалпылама (философиялық) әдістерге бөлінеді.
Жеке әдістер нақты зерттеулердің тар шеңберінде қолданылады және зерттелетін объектілердің сапалық ерекшеліктерімен тығыз байланыста болады. Пәндік бағдарына қарай зерттелу үдерісіне: физикалық, биологиялық, әлеуметтік әдістері қолданылады. Мысалы, химиядағы валенттілікті табу, социологиядағы анкета жүргізу әдістері сияқты. Зерттелетін объекті мен оны зерттеу арасындағы тәуелділікті ескере отырып, зерттеуші объект пен әдістің сәйкестілігін қадағалау керек.
Жалпы ғылыми әдістер ғылыми зерттеулер аясында кең қолданылады.
Аналогия және модельдеу әдістері. ''Аналогия'' деп түрлі объектілер арасындағы, олардың белгілерінің, қасиеттерінің, қатынастарының арасындағы ұқсастықты атаймыз. Объектілер арасындағы ұқсастың пен айырмашылық оларды салыстыру кезінде айқындалады. Демек, аналогия әдісінің негізі салыстырудан тұрады деген сөз. Аналогия әдісі ғылымның көптеген салаларында - математикада, физикада, химияда, кибернетикада, қоғамдық пәндерде қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет