2-бап. Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасының негіздері 1. Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы, ана, әке және бала мемлекеттің қорғауында болады.
2. Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасы:
1) еркек пен әйелдің некелік (ерлі-зайыптылық) одағының еріктілігі;
2) отбасындағы ерлі-зайыптылар құқықтарының теңдігі;
3) отбасының ісіне кімнің болса да өз бетінше араласуына жол берілмеушілік;
4) отбасы ішіндегі мәселелерді өзара келісім арқылы шешу;
5) балалардың отбасында тәрбиелену басымдығы, олардың өсіп-жетілуі мен әл-ауқатты болуына қамқорлық;
6) отбасының кәмелетке толмаған, қарт және еңбекке қабілетсіз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін басымдықпен қорғау;
7) отбасы мүшелерінің өз құқықтарын кедергісіз жүзеге асыруын қамтамасыз ету, осы құқықтарды сот арқылы қорғау мүмкіндіктері;
8) отбасының барлық мүшелерінің салауатты өмір салтын қолдау қағидаттарына негізделеді.
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексі.
Отбасылық құқық − отбасылық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.