Орындаған: Сержанов Ерлан. Топ: 2-008 Мамандығы



Дата14.05.2020
өлшемі14,72 Kb.
#68483
Байланысты:
адам филос Ерлан Сержанов (1)


Орындаған: Сержанов Ерлан.

Топ: 2-008

Мамандығы: Жалпы Медицина

Тақырыбы: Адам философиясы және құндылық әлемі.Қазіргі философиядағы адам мәселесі

Адам туралы философиялық ойға дүниетанымдық және танымдық факторлар көбірек әсер етеді. Қазіргі биология, психология,мәдениеттану, тарих, этнография жалпылауды, философиялық рефлексияны талап ететін әртүрлі мәліметтерді жинақтады.Адам философиясының негізі адамның өз табиғатын ішкі жан дүниесін танып білуге бағытталатын және философиялық ойды дамытатын негіздердің бірі болып табылады.Философияда сонау бұрыннан бері келетін бір сұрақ мазалайды,ол жалпы адам деген кім,оның табиғатын,болмысын оның мәнін айқындауга негізделінеді.Адамның өзін танып білуі философияның орталық мәселесі.

Адам мәселесі жөнінде сонау ерте замандағы ойшылдар жеке бір тақырып ретінде қарастырган.Мысалы Конфуций-Адамдардың сені білмейтініне алаңдама,өзіңнің адамдарды білмейтініңе алаңда деп айтып кеткен болса,ал Лао-цзы: «Адамдарға қарым-қатынаста жоғары ізгілікті меңгерген адам достық пейілді болуы тиіс; сөздері шын жүректен шығуы тиіс; басқаруда дәйекті болуы тиіс; істерінде мүмкіншіліктерді есепке алуы керек; іс-әрекеттерінде уақытпен санасуы тиіс»-деп адамның философиясының тереңдігін көрсетеді.Сол секіліді Абай атамыздыңда адам философиясына қосқан үлесі өте көп. Абай атамызыдын рухани әлемі дүниетанымы ерекше бір тылсым, таптырмайтын құндылық. Оның ойшыл - дана ретіндегі   философиялық орталық мәселесі адам. Абай атамызыдың өзінің азаматтық парызын түсініп, саналы түрде жаңа ізденістер мен ерекше әрекеттер жасап, адамтану адам болу ілімінде көп жаңалықтар ашты. Абай атамыздың философиясының басты мақсаты адамды барынша жоғары денгейге жеткізіп, кемелдіктің  онтологиялық-аксиологиялық мәнін ашу.Ал құндылық мәселесіне келер болсақ – бұл қандай да бір нәрсенің мәнділігі, маңыздылығы, қалаулылығы, пайдалылығы және қымбаттығы. Ол қашанда әлдекімнің бағалылығын, яғни объективті болмысты және сонымен бір мезетте оның әлдекім үшін құндылығын, яғни субъективті бағалауды білдіреді. Дүние құндылыққа толы – материалды (заттар, әшекей бұйымдар, алтын мен асыл тастар, ақша, меншік және т.б.), табиғи (күннің атуы мен батуы, теңіздер мен таулар, гүлдер және т.б.), көркем (әдебиет пен өнер туындылары) және адами құндылықтар. Бір нәрсені екіншісінен артық көру жалпы тірі табиғатқа тән. Аң екеш аңның өзі төлін қызғыштай қорғайды. Дегенмен, құндылықтың антропогенді, яғни адамға тән екендігін баса айту қажет, өйткені барлық жаратылыстың ішінде адам ғана табиғи және мәдени туындыларды, идеялар мен амал-әрекеттерді, жалпы басқа адам мен қоғамды, сондай-ақ өзін-өзі бағалауға қабілетті. Құндылықтар адамның әлеуметтік болмысына тартылған, адам құндылықтарға мүдделі әрі мұқтаж болып табылады.



Қорытындылай келе философиядағы адам мәселесі болсын құндылық болсын тамыры тереңге жайылған тақырыптардын бірі болып табылады. Адам философиясының негізі адамның өз табиғатын ішкі жан дүниесін танып білуге бағытталатын және философиялық ойды дамытатын негіздердің бірі болып табылса,құндылық адам бойындағы ен ерекше қаиеттердің бірі,егер адам бойындағы қандайда бір құндылықтары жоғалатын болса,онда адам деген статустан айырылып қалатынымыз сөзсіз,сондықтан құндылығымызды жоғалтпайықшы.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет