Орындаған: Шайханова А. А факультет: Стоматология


Девитализацияны витальді әдісімен емдеуді қолдануға мүмкіндік болмайтын жағдайда қолданылады



бет2/3
Дата10.05.2023
өлшемі0,57 Mb.
#176380
1   2   3
Байланысты:
Пульпит емі

Девитализацияны витальді әдісімен емдеуді қолдануға мүмкіндік болмайтын жағдайда қолданылады.

Девитализацияны витальді әдісімен емдеуді қолдануға мүмкіндік болмайтын жағдайда қолданылады.

Бұл:

- организмнің анестетикке сенсибилизациясы;

- науқастың әр түрлі инъекциялардан қорқуы;

- Инъекционды емес жансыздандыру әдісінен әсер тумаған жағдайда;

- витальді әдістің сәтсіздігінде (жеткіліксіз жансыздану);

- жалпы соматикалық статусы төмен науқастарда.

Девитальді пульпотомия (ұлпаның ампутациясы)

Қолдану көрсеткіштері:

  • Ұлпа гиперемиясы;
  • Анестериктерге қарсы көрсеткіш болса;
  • Балаларда, қарт адамдарда;
  • Ұлпаның жедел жартылай қабынуы;
  • Ұлпаның созылмалы фиброзды қабынуы;
  • Түбірі қалыптасып бітпеген тістердің ұлпа қабынуында;
  • Түбір өзектерінің өтімділігінің төмендеуі;
  • Ауыз қуысының шектеліп ашылуы;
  • Науқастың жалпы жағдайының нашарлауы.
  • Ұлпаның созылмалы гипертрофиялық қабынуы;

Ұлпаны өліеттендіріп жартылай алу (девитальді ампутация)

Емді ауыз қуысының санациясынан кейін жүргізеді. Мүмкіндігінше тыныштандыратын және анальгетикалық заттармен премедикация (қарсы көрсеткіштері болмаса) жүргізген дұрыс.

Бұл әдіс 2 реттік қаралуға есептелген:

I-ші реттік қаралу:

  • Бірінші кезең. Ауыз қуысының санациясы. Премедикация.
  • Екінші кезең. Тіс жегі қуысын егеу. Егелген қуысты жылы антисептик ерітіндісімен жуып, мақта тампонмен кептіреді.
  • Үшінші кезең. Девитализациялайтын пастаны қою. Пастаның үстіне құрғақ мақта шаригін қояды (егер ұлпа қуысы ашылса). Кариозды қуысты жасанды дентинмен (дентин-пастаны қолданбаған дұрыс!) герметикалы жабады. Науқасқа девитализациялық пастаны қойғанан кейін ауру сезімі пайда болатынын ескерген жөн! Ауру сезімін төмендету үшін ішке жансыздандырғыш заттар тағайындалады. Кейінен, келесі реттік қабылдау уақыты таңдалады.

II-ші реттік қаралу:

  • 1. Уақытша пломбыны алу.
  • 2. Кариозды қуысты түгел егеу.
  • 3. Тіс қуысын ашу.
  • 4. Сауыттық ұлпаны үшкір эксковатормен немесе шар тәрізді бормен пульпотомия жасау.
  • 5. Түбір сағасын ашу және түбір сағасынан ұлпаны резекциялау (копьевидный бормен немесе Gates-Glidden борымен).
  • 6. Антисептиклы өңдеу: фурацилиннің 1:1000 ерітіндісімен, 1% хлоргексидин ерітіндісімен және т.б.
  • 7. Тіс қуысын кептіру, және ұлпа тұқылын емдік пастамен жабу
  • 8. Тісті уақытша, кейінен тұрақты пломбамен жабу.


  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет