Орындаған: Сырлыбай м



Дата22.12.2021
өлшемі1,49 Mb.
#127426
Байланысты:
Нұр Отан


Алматы энергетика және байланыс университеті

Орындаған:Сырлыбай м

ЭЭк-21-18

Мазмұны


1……Аталуы

2……Тарихы

3……Басшылығы

3.1……Партия төрағасы

3.2……«Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары

4……«Нұр Отан» партиясының жарғысы

5……«Нұр Отан» партиясының Бағдарламалық құжаттары

6……«Нұр Отан» партиясының идеологиясы



Аталауы

2006 жылы 22 желтоқсанда «Отан» партиясының кезектен X съезінде, «Отан» Республикалық саяси партиясын «Нур Отан» Халықтық-демократиялық партиясы деп өзгерту туралы ұсыныс қабылданып, «Отан» РСП-ның Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулы шығарылды.

1998 жылғы 21 қазанда Қазақстан Республикасында «Президентке үміткер Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты қолдаудың қоғамдық штабы» қоғамдық қозғалысы тіркелді. Штаб сайлау науқаны кезінде саяси партиялар және қозғалыстармен бірге қызмет істеді. Штаб жұмысына белгілі мемлекет және саясат қайраткерлері – Терещенко С.А, Дунаев Г.И., Такуов Х.Ш белсене ат салысты. Тап сол кездері қоғамдық қозғалысты саяси партияға айналдыру туралы идея дүниеге келді. 1999 жылғы 19 қазанда жиналыс өтіп, «Қоғамдық штабты Республикалық «Отан» саяси партиясы» етіп өзгерту туралы шешім қабылданды. 1999 жылғы 12 ақпанда партия Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеуден өтті. Міне осы күн Тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихындағы партия қызметінің өз жұмысын бастаған уақыты болып есептеледі.

Партия мұрағатында Республикалық «Отан» саяси партиясының мүшесі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 1999 жылдың 22 ақпанымен белгіленген есеп кітапшасы мұқият сақтаулы.

.

Тарихы

Басшылығы

Партия төрағасы:

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев(1-сурет)

1-сурет


Терещенко, Сергей Александрұлы (наурыз 1999ж. — қараша 2002ж.)
  • Ермегияев, Амангелді Динұлы (қазан 2002ж. - наурыз 2004ж.)
  • Жұмағулов, Бақытжан Тұрсынұлы (2005 - 2008ж.ж.)
  • Калетаев, Дархан Аманұлы (2008-2009 ж.ж.)
  • Нығматулин, Нұрлан Зайруллаұлы (19 қараша 2009ж. — 24 қыркүйек 2012ж.)
  • Сағынтаев, Бақытжан Әбдірұлы (қыркүйек 2012ж. — қаңтар 2013ж.)
  • Байбек, Бауыржан Қыдырғалиұлы (қаңтар 2013ж. — 9 тамыз 2015ж.)
  • Мырзахметов, Асқар Исабекұлы (8 тамыз 2015ж. — 6 мамыр 2016ж.)
  • Құл-Мұхаммед, Мұхтар Абрарұлы (6 мамыр 2016ж. — 1 ақпан 2018ж.)
  • Әшімбаев, Мәулен Сағатханұлы (1 ақпан 2018ж.)

«Нұр Отан»партия төреғасының бірінші орынбасары

«Нұр Отан»партиясының құжаттары

Партия Жарғысы – ұйымдастыру мен қадағалау үшін ерікті түрде партия мүшелері қабылдаған толық ережелер жиынтығы. Партия деп – мемлекеттік биліктің, жергілікті өзін-өзі басқарудың өкілді және атқарушы органдарында азаматтардың, түрлі әлеуметтік топтардың мүддесін білдіру және оларды қалыптастыруға қатысу мақсатында олардың саяси еркін білдіретін Қазақстан Республикасы азаматтарының ерікті бірлестігі танылады. Партияның мақсаты - саяси жұмыс әдістерімен азаматтық қоғамның дамыған институттары, қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті саяси жүйесі бар экономикалық мықты, демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет құруға қол жеткізу. Партияның міндеттері:

мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына саяси көшбасшылар, партия мүшелерін даярлау, оларды қолдау және ұсыну;

партияның бағдарламалық және жарғылық мақсаттары мен міндеттерін халық арасында түсіндіру және насихаттау, өз қызметі туралы ақпарат тарату;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық референдумдарға қатысу;

мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында партия және оның мүшелерінің, азаматтар мен түрлі әлеуметтік топтардың мүддесін қорғау; партия Бағдарламасына сәйкес әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларды жүргізуге қатысу, өмір сапасының ұлттық стандартын қалыптастыру;

кіші және орта кәсіпкерлікті, шаруа, фермер шаруашылықтарын қолдау; ұлтаралық және конфессияаралық келісім мен қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуға жәрдемдесу;

заң жобаларының бүкілхалықтық талқылауларына қатысу; өкілді және атқарушы органдарға енгізу үшін қоғамдық пікірді зерделеу әрі заң және басқа да нормативтік құқықтық актілер жобаларына ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, оларды депутаттық бірлестіктер арқылы іске асыру;

қоғам мен мемлекет өмірінің әлеуметтік, экономикалық және өзге де салаларына жастарды біріктіруге жәрдемдесу;

белгіленген тәртіппен партия мүшелерін мемлекеттік марапаттауларға ұсыну;

партия мүшелерін моральдық тұрғыдан көтермелеу;

азаматтардың бойында жемқорлық фактілеріне төзімсіздікті тәрбиелеуге жәрдемдесу, билік органдарының қызметіне қоғамдық бақылауды жүзеге асыру.



«Нұр Отан»партиясының идеалогиясы

2013 жылы қабылданған доктринасында «Нұр Отан» партиясы - "қоғамды ұйыстыратын және Елбасының мемлекеттік бағытын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін басым саяси күш" -деп айтылған. Доктринаға сәйкес партияның идеологиясындағы басты құндылықтар:


  • Басты құндылық - адам
  • Бостандық
  • Заңның үстемдігі
  • Әділеттілік
  • Ынтымақшылдық
  • Болашаққа ұмтылыс
  • Отбасы және Дәстүр


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет