Орындаған: студент А.Е.Акулова 1 тапсырма.Сөйлемдерді мұқият оқыып, көшіріп жазып
төл сөзді түзу сызықпен, автор сөзін ирек сызықпен белгіле.
1 «Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі»,
– дейді Ахмет Байтұрсынов. 2.Міржақып Дулатов Ахмет Байтұрсынов шығармалары туралы былай деді: «Ақын аз Байтұрсынов Ахметтей, м Сөзі – алтын, мағынасы – меруерттей».
3 «Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кең тілім,– деп өз тіліне аяныш білдіре отырып, Мағжан Жұмабаев сүйсіне былай дейді:- Таза , терең, өткір, күшті, кең тілім!»
4 Сәкен Сейфуллин: «Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңбайды…,»- деп айтты өзінің мақаласында.
5.Жүсіпбек Аймауытов: « Ана тілі – халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы,-дей келе,- өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі.»-дейді. 2.тапсырма Әдеби шығармадан немесе өз ойларынан бірнеше мысал келтіру.
ТӨЛ СӨЗ
ТӨЛЕУ СӨЗ
– Қиындықтан қалай шығудың жолын мен білмеймін, – деді анасы.
Анасы қиындықтан қалай шығудың жолын білмейтіндігін айтты.
Әркім әр түрлі сөз айтып даурығып жатқанда, Сырбай: – Тоқтатыңдар! – деп ақырды.
Әркім әр түрлі сөзді айтып даурығып жатқанда, Сырбай тоқтатуын ақырып бұйырды.
– Қазақтың мұң-мұқтажына алтын діңгек болған сенбісің? – деді басын көтеріп. – Қайдан жүрсің?
Қазақтың мұң-мұқтажының алтын діңгегі екенін айта келіп, басын көтерген қалыппен қайдан жүргенін сұрады.
– Сенімен сырымды бөлісейін деп келдім, – деді Гүлнұр.
Гүлнұр оған сырымен бөліскелі келгенін айтты.
– Баламды сізге бірер сағатқа қалдыруыма бола ма? – деп сұрады Айман көршісінен.