Орындаған: Султанова Альвира Топ: пмно-001 2 курс В. А. Сухомлинскийдің педагогикалық идеясы



бет4/4
Дата13.12.2021
өлшемі28,11 Kb.
#125361
1   2   3   4
Байланысты:
инклюзив баяндама
анатомия тірек қимыл, инклюзив баяндама
Педагогке философ сияқты, оның танымдық қағидалары, педагогикалық сенімдерін қалыптастыру үшін ондаған жылдарды қажет етеді. В.А.Сухомлинскийдің көптеген жылдары осыған кетті.

В.А.Сухомлинскийдің рухани күш-жігері мен талантының шарықтаған кезінде 1970 жылы 2 сентябрьде дүниеден озды. 1942 жылы Москва маңында алған ауыр жарақаты із-түссіз кеткен жоқ, кейін ол біліне бастады.

Өзінің педагогикалық еңбегі үшін ол екі рет Ленин орденімен марапатталды. 1957 жылдан В.А.Сухомлинский РСФСР Педагогикалық ғылымдар академиясының корреспондент-мүшесі, 1958 жылдан УССР-нің еңбек сіңірген мұғалімі. 1968 жылы оған үкіметтің ең жоғарғы Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Сол жылы СССР Педагогикалық ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесіне сайланды. В.А.Сухомлинский – 41 монографиялар мен жекеленген кітаптардың, 600 астам ғылыи мақалалардың, 1200 әңгімелер мен ертегілердің авторы. Оның еңбектерінің жалпы таралымы біздің елімізде және шет елдерде әртүрлі тілдерде 4 миллионға тарта данаға жетті. 1970 жылдың сәуір айында ол еңбектерінің жиынтығы бойынша докторлық диссертацияны қорғау үшін “Жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу мәселелері” тақырыбында баяндамасын аяқтады. В.А.Сухомлинскийдің еңбектерінің ішінде еліміздің педагогикалық жұртшылығы мен көптеген шетелдерде белгілі және кеңінен тараған “Балаға жүрек жылуы”, “Азаматтық қалыптасуы”, “Коллективтің құдыретті күші”, “Павлыш орта мектебі”, “Мұғалімдерге жүз кеңес”, “Мектептің жас мұғалімімен әңгіме” т.б. кітаптарын ерекше атауға болады. А.С.Макаренконың идеясының белсенді ізбасары және жалғастырушы В.А.Сухомлинский ұжыммен және жеке оқушымен жұмыс істеу әдістемесіне көптеген жаңалық енгізді. В.А.Сухомлинский дәстүрлердің, фольклордың, табиғаттың және т.б. тәрбиелік ықпалы мәселелерін терең және жан-жақты талдады. Оның қызметінде әрбір педагогтың өзінің кәсіби қызметіне шығармашылықпен қарау мәселесі басты орынды алды. Өзінің “Мектептің жас директорымен әңгіме” еңбегіне былай деп жазды: “Егер педагогикалық еңбек мұғалімі қуаныш әкелсін десеңіз, егер күнбе-күнгі өткізілген сабақтар жалықтыратын, бірсарынды қайталанып отыратын жұмысқа айналмасын десеңіз, әрбір мұғалімді зерттеудің бақытты жолына жетелеңіз”. Бүкіл әлемге ерекше танымал болған В.А.Сухомлинскийдің “Балаға жүрек жылуы” еңбегінде ол балаларды үйлесімді дамытуға бағытталған тәрбиешінің жұмысының жемісті болуы әрбір баланың рухани өмірі мен даму ерекшеліктерін тек ғана терең білгенде ғана мүмкін екендігін анық та және айқын көрсетіп берді. В.А.Сухомлинскийдің көзқарасының қалыптасуына Я.Корчактың әсері ерекше болды. Белгілі поляк педагогының тамаша еңбектерімен, атап айтқанда “Баланы қалай сүюге болады” (1920), “Қашан мен қайтадан кішкентай боламын” (1926) В.А.Сухомлинский соғысқа дейін таныс болған еді. Я.Корчак гитлер конц-лагерлерінің бірінде 1942 жылы тамыз айының бас жерінде. Жетімдер үйінің тәрбиеленушілерімен бірге қайтыс болды. Өзінің өмірін сақтауға болар еді, оған бірнеше рет қашуға ұсынған болатын-ды. Бірақ ол өзіне шексіз сенген адамдарды сатып кете алмады. Көргендердің айтуына қарағанда, достарының геттоны тастап кету және өзін аман сақтау туралы ұсынысына, өз ісіне берілгендігімен жауап берді. Я.Корчак газ толтырылған камерада өлім азабының соңғы минуттарының алдында қолынан ұстап, балалары мен бірге болды. Бүкіл өз өміріне терең адамгершілік мән бете отырып, өз борышын балаларының алдында аяғына дейін орындады. Адамгершіліктің ең жоғарғы өлшеулі болып табылатын Я.Корчактың ерлігін В.А.Сухомлинский соғыстан кейін білді. “Януш Корчактың өлімі – деп жазды “Балаға жүрек жылуы ”кітабында, - оның ерлігі ерекше адамгершілік күш пен тазалықтың мен үшін жігерлендіретін шабыт болып табылады”. Балаларды мадақтау және жазалау идеясы тәрбие құралы ретінде кездейсоқ пайда болған жоқ. Оның көп жүйелерде қызығушылық танытты. В.А.Сухомлинский – гуманистік дәстүрлердің лайықты ізбасары болып табылады. Павлыш мектебінде жазалаусыз тәрбие бүкіл педагогикалық ұжымның педагогикалық қағидасы болып табылады. “Он жыл мен, - деп жазды В.А.Сухомлинский,- өзімнің тәрбиеленушілерімді жазалаусыз тәрбиеледім және олар белгілі адамдар болып шықты”. В.А.Сухомлинский баға туралы жазалау құралы ретінде айта келіп, оны тек ғана жоғары сыныптарда қанағаттанғысыз баға қою баланың жүрегін жаралайды, психологиясына әсер етеді, өзіне деген енімі жоғалады. Сухомлинскийдің айтуынша, барлық балалар І сыныпқа бір ғана мақсатпен жақсы оқу үшін келеді. Тек ғана баланың оқудағы 7 жетістігі, оның әрбір күн сайын алға басқан қадамы оған күш-жігер береді. В.А.Сухомлинский төрт жыл бастауыш сыныпта оқығанда бірде-бір қанағаттанғысыз баға қоймапты. Бірде бір бала екімен жазаланбапты. Баға В.А.Сухомлинскийше, жазалау емес, жалқаулығы үшін жазалау емес, әруақытта да оптимистік түрде еңбегі үшін марапат деп түсінді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет