Дифракциялық торлар
Егер жарық бір саңылаудан емес, қатар жатқан бірнеше саңылаулардан өткізілсе, онда байқалатын дифракциялық жолақтар енсіз және жарығырақ болады. Олай болса, бірдей өзара параллель орналасқан саңылаулар жиынтығы дифракциялық тор деп аталады. Дифракциялық торға түсірілген жарық көршілес күңгірт сызықтар аралығындағы мөлдір саңылаулардан жақсы өтеді.
Енді осындай мөлдір торды схема түрінде көрсетейік. Бұл тордың үш саңылауын ғана кескіндеп, оған монохромат жарықтың параллель шоғы жоғарыдан төмен қарай тік түссін (5.1.2-сурет).
- сурет
Тордағы мөлдір саңылауларлың ені , ал мөлдір емес аралықтар ені тең. Ал дифракциялық тордың тұрақтысы немесе периоды деп аталады. Гюйгенс принципі бойынша саңылаулардың әрбір нүктелері элементар тербелістердің дербес көздері болып табылады да, олардан барлық жаққа когерентті жарық толқындары таралады. Барлық саңылаулардан бастапқы бағытқа бұрыш жасай таралған жарықтың параллель шоқтары жолында тұрған жинағыш линзаның бас фокус жазықтығының бір нүктесінде жиналады. Яғни, экрандағы нүктенің жарықталынуы сол дифракцияланған шоқтар қосылғандағы интерференция нәтижесіне байланысты, осылайша интерференциялық кескіндер қосылған жарық толқындарының фазаларының айырмасына тәуелді болады. Ал фазалар айырмасы көршілес саңылаулардан таралған жарық шоқтарының сәйкес екі шеткі сәулесінің жол айырмасына байланысты болады, яғни
(5.1.4)
Егер осы жолдар айырмасы жарты толқындардың жұп санына тең болса бағыты бойынша таралған көршілес жарық шоқтары қосылғанда бірін-бірі күшейтеді де, дифракциялық жолақ жарық болады, сөйтіп дифракцияланған монохромат жарықтың күшею шарты (максимум)
(5.1.5)
мұндағы
Егер де көршілес шоқтардың сәйкес екі сәулесінің жол айырмасы жарты толқынның тақ санына тең болса, онда жарық шоқтары бірін-бірі әлсіретеді де, дифракцияланған монохромат жарықтың нашарлау шарты (минимум) мынаған тең болады:
(5.1.6)
мұндағы
Ал барлық саңылаулардан бағыты бойынша таралған параллель сәулелердің жолдарының айырмасы бүтін толқындар ұзындықтарына тең болса, онда бұл бағытта таралған жарық толқындары бірін-бірі күшейтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |