Зақымданбаған, қалыпты клапандарда дамыған эндокардит. 70% қалыпты ауыздың микрофлорасына кіретін α гемолиздеуші стрептокок (Streptococcus viridans), 25% жағдайда Staphylococcus aureus және Staphylococcus epidermidis анықталады, ал 5% жағдайында әртүрлі басқа микрофлорамен шақырылады.
Нашақорларда 55% Staphylococcus aureus, А тобындағы стрептококтар 15% жағдайда және 15% грам теріс бактериялар шақырады.
Инфекциялық эндокардит
Ағымы бойынша: жедел және жеделдеу түрлерін ажыратады.
Ағымы бойынша: жедел және жеделдеу түрлерін ажыратады.
Жедел эндокардит. Клапандардың жылдам бұзылыстарымен жүреді және 50% науқастар бірінші тәуліктерде немесе аптада қайтыс болады.
Жеделдеу эндокардит. Өзгерген кейде деформацияланған клапандарда дамиды. Бірнеше апталардан бірнеше айларда жүреді.
Екі түрінде де фибриннен, лейкоциттерден, қабыну экссудатынан және микробтардан тұратын вегетациялар кездеседі.
ИНФЕКЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ЭНДОКАРДИТТЕР:
(абактериальді тромбоэндокардит) көп жағдайда рактан және басқа ауыр сырқаттардан қайтыс болған науқастарды патологоанатомилық зерттеулер кезінде анықталады. Сондықтан терминальді эндокардит деп аталады. Тромбтық сіңбелер қолқа немесе митральді клапандарында диаметрі 1-5мм, микробсыз фибрин, қанның формалық элементтерінен тұратын тромб түзіледі.
КАРЦИНОИДТЫ ЭНДОКАРДИТ
ас қорыту жолдарының карциноидты ісіктері жиі секреторлы белсенді болады және биогенді аминдерді (мысалы сератонин) бөледі. Ішектен шыққан веналық қан бауырға барып белсенділігін жояды. Егер карциноид бауырға метастаз берсе, ісіктің белсенді заттары тура қанға түседі де оң жүрекше мен қарыншаның эндокардын және үш жармалы клапанды зақымдайды.