Орындаған;Айдос Басықара Қабылдаған;Н. Мухаметжанова


Ермұқан Бекмаханов қызы Найлямен бірге, 1957 жыл



бет8/9
Дата08.02.2022
өлшемі337,33 Kb.
#122879
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
«Адам құқықтарын шектеуге ,,,,,,,,,,

Ермұқан Бекмаханов қызы Найлямен бірге, 1957 жыл

Бостандыққа шыққаннан кейін Бекмаханов докторлық диссертациясын қайта қорғауға мәжбүр болды. Әрине, бұрынғы «қателіктер түзетілді». Кейінгі еңбектерінде маркстік-лениндік әдіснамадан қия баспайтын болды. Ермұқан Бекмаханов пен қызы Найля Бекмаханованың авторлығымен өңделіп, 1977 жылы он алтыншы рет жарық көрген, 7-8 кластарға арналған «Қазақ ССР тарихы» оқулығында «Кенесары Қасымовтың 1937-1938 жылдардағы феодалдық монархиялық қозғалысы» деп аталатын 29-параграф бір-ақ беттен тұрады. Осы беттегі «Кенесары Қасымовтың қозғалысы реакцияшыл, қазақ ақсүйектерінің феодалдық монархиялық қозғалысы еді. Бұл қозғалыс Қазақстанда ортағасырлық тәртіпті нығайтуға бағытталып, Қазақстанның Россияға қосылуына бөгет жасалды» деген қорытынды (16-б.) жоғарыда аталған «Правда» газетіндегі тұжырыммен сөзбе-сөз сәйкес келеді. 2010 жылы Мәскеудегі «ЖЗЛ» сериясы аясында Бекмаханов туралы кітап шығарған зерттеуші Медеу Сәрсеке 1951 жылғы атышулы мақаланы «Правда» газетінің өз қызметкерлері ұйымдастырған деген пікір айтады. «Қазақстан КП(б) Орталық комитетінің бірінші хатшысы Ж. Шаяхметов оған қол қоюға тиісті адам екен. Бірақ Жұмекең авторлықтан иланымды желеу айтып бас тартқан соң, орталықтағы билік оны жоғарыдағы үшеумен ауыстырған. ...Әрине, неше жыл бойы соңына шам алып түсіп, «домалақ арыз» жолдап, түрліше айтыс-тартыстар да ұйымдастырып, пышағын қайрап жүрген қызғаншақ әріптестері өз ортасындағы жалғыз докторды солтүстіктегі жер түбіне жөнелтуге ерекше белсенділік көрсетіп, әпербақандық танытқаны – бүгінде де зор қынжылыспен мойындайтын ащы шындық!» дейді («Мәскеу. «ЖЗЛ» сериясы, 9-шы кітап», М.Сәрсекемен сұқбат, «Егемен Қазақстан» 29 желтоқсан, 2010 ж.). «Шаяхметов ауторлықтан бас тартты» дегеннің өзінде де оның пленумда жасаған баяндамасының құлашы «Правдадағы» мақаладан әлдеқайда кеңге сермелді («Большевик Казахстана», №10, 7-б. қазан, 1951 ж.).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет