Ұлттық сананы қалыптастыру тарихи білім беруге байланысты.
1995 жылы Президент Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасымен «Қазақстанда тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасы» жасалып, мемлекеттік саясат жөніндегі Ұлттық кеңесте бекітілген. Сонан бергі атқарылған ауқымды жұмыстардың ішінде «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында атқарылған іс-шаралар ұшан-теңіз. Дегенмен, уақыт бір орында тұрмайды. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің өркендеу стратегиясына сәйкес, жаһандану үдерісі туындатқан жаңа белестерге көтерілу, жаңа сындарға төтеп беру мәселелері ұлттың тарихи санасын қалыптастыруда уақыт күттірмейді, керісінше жалғастыруды талап етуде. Тарихтың терең зерттелуі – елдіктің, отаншылдықтың белгісі.
Ұлттық құндылықтарымыздың бірегей бағытындағы Елбасы
Н.Ә. Назарбаевтың қазіргі Қазақстан тарихындағы орнына баға беру. Қазақстан өлкелерінің тарихына барынша назар аудара отырып, осы бағытқа арналған оқулықтар, ғылыми шығармалар дайындауға аймақтағы тарихшылардың біліми - ғылыми потенциалдарын ұйымдастыруды қолға алу бағытында жұмыс жасау.
Арнайы орта, жоғары оқу орындарында міндетті түрде оқылатын «Өлкетану» пәнін енгізу арқылы ұлт тарихын ұлықтаудың ғылыми арнасын кеңейте түсері даусыз.
Тарихтағы адам, ұлт және мемлекет факторын оң пайымдау өркениеттік ілгерілеу мен іркілістегі Қазақстан орнын лайықты анықтауға жағдай жасайды. Интеллектуалдық ізденісті серік еткен, бәсекеге қабілетті қоғамның тарихқа қосары да, тарихтан аларыда мол болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: |