Орындаған:Қалдыбек Айсана Қабылдаған: Әукен Айнаш Орынабсарқызы “Мұғалім тұлғасына заман талабына сай қойылатын талаптар”



бет3/4
Дата04.01.2022
өлшемі439,63 Kb.
#109167
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Қалдыбек Айсана

4)Коммуникативтік. Мұғалімнің оқушылармен, олардың ата- аналарымен, әріптестерімен, оқу орнының жетекшілерімен педагогикалық мақсатқа сәйкес қарым-қатынастар орната алу білігінен байқалады.

5)Сугессивтік. Оқушыларға эмоциональды-еріктік ықпал жасаудан көрінеді.

6) Зерттеушілік. Педагогикалық ситуациялар мен процестерді танып білу және объективті бағалау білігінен көрініс береді.

7) Ғылыми-танымдық. Мұғалімнің педагогика, психология, әдістеме салаларындағы жаңа ғылыми білімдерді меңгеруге саяды.

 

Қазіргі заман ұстазының кәсіби шеберлігінің негізі Мұғалімніңөмірге көзқарасы, оның идеялық нанымы. Пәнді жетік білуі,ойын оқушыларға жеткізу үшін жан жақты, тереңдайындықпен баруы, оқушылар бойына әдеп, әдет, дағды сияқты жақсы қасиеттер ді сіңіруі, моральдық нормаларды білуі. Оқыту мен тәрбиелеудің әдіс тәсілдерін міндетті түрде меңгеру. Білім берудің ұлттық моделін қолданушы ойшыл, зерттеуші, практикалық қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген, психолог -педагогтік сын көзбен қарай білетін іскер мұғалім қажет.

Күнделікті іс-тәжірибеде мұғалімнің кәсіптік білімін көтеруіне мектеп қабырғасында жағдай жасау керек. Ол үшін мектепте ғылыми әдістемелік кеңес пен бірлестіктердің және зертханалардың жұмыс істеуі тиіс. Бүгінгі өмір талабына сай ұстаздардың біліктілігі мен білімділігін шыңдап отыратын жоғарыда атап өткен мәселелермен қатар,әр мектепте заманауи талапқа сай оқу құрал-жабдықтарымен қатар интернет жүйесі тұрақты жұмыс істеуі қажет.

 

- қоғамның алдыңғы қатарлы  идеяларын игеру; 



- жан-жақты білімдарлық  өмірдің әртүрлі саласынан хабардар  болуы; 

- педагогикалық байланысты  пәндерден – психологияны, ЖПП  физиология, анатомия, мектеп гигиенасын, мектеп тану пәнін жақсы білуі  керек; 

- оқытатын пәнін, соған  байланысты ғылымдарды, олардың  жетістіктерін, ағымын жақсы білуі  керек; 

- жұмысына шығармашылық  көзқарас;

- баланы жете білу, олардың  жан дүниесін түсіну, педагогикалық  сенім, оптимизм;

- педагогтік техниканы  меңгеру, қисынды, мәнерлі сөйлей  білу;

- педагогтік әдептілікті  тактіні меңгеру; 

- балаға деген сүйіспеншілік  пен әділдік. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет