Ауданы – 1062мың км кв. Ең терең нүктесі – 3742м. Теңіздің солтүстік бөлігі қыста қатып қалады.
Климаты қоңыржай, муссондық. Теңіздің солтүстік және батыс бөліктері салқын келеді. Жазғы муссон теңізге жылы және ылғалды ауа алып келеді. Күзде тайфундар көп болып тұрады. Суының тұздылығы – 33,7-34,3 промилле.
Жапон теңізінің солтүстік пен оңтүстіктегі суасты әлемі бір-бірінен қатты ерекшеленеді. Солтүстік және солтүстік-батыс аудандарда қоңыржай ендікке тән флора мен фауна қалыптасқан. Теңізде теңіз жұлдыздары мен теңіз кірпілері өте көп.
Сахалин– Азияның шығыс жағалауында орналасқан арал. Ресей Федерациясының иелігіне кіреді. Охот және Жапон теңіздерімен шайылып жатыр. Материктен Татар бұғазы арқылы, Хоккайдо аралынан Лаперуза бұғазы арқылы бөлініп тұр. Ауданы 76,4 мың км кв. Жер бедері орташа биіктіктегі таулар, аласа таулар мен ойпаттардан тұрады. Аралдың орталық-оңтүстік бөліктері Батыс Сахалин және Шығыс Сахалин таулары болып бөлінеді. Олардың аралығында Тымь-Паранай ойпаты орналасқан. Ірі шығанақтары – Анива, Терпения. Климаты – қоңыржай муссондық. Орташа жылдық температура солтүстікте -1,5 С, оңтүстікте +2,2 С. Охот теңізінен келетін салқын ауа массасы аралға мол әсер етеді. Ірі өзендері: Поронай, Тымь, Найба, Лютога, Вал т.б.