ТАРИХИ ЖАДЫНЫҢ
САҚТАЛУЫ
Орындағандар : Есмағамбетова Ш
Исенбай М
Қоңырбайқызы А
Қуанбекқызы А
Қуаныш Ш
•
Тарихи сана – бұл бүгінгі ұрпақтың әлеуметтік жадысы. Әлеуметтік
жады формасы жағынан әмбебап және мазмұны жағынан нақты болып
келеді. Сондықтан да тарихи сана қашанда нақты- тарихи, әлеуметтік,
ұлттық және индивидуалдық мазмұнмен толтырылады. Қазіргі кезеңде
әлеуметтік жадының үш деңгейінде де – жаhандық деңгейінде, ұлттық
деңгейде және жеке тұлғалық дәрежеде түбірлі өзгерістер болып
жатыр: адамдық индивидуалдық деңгейде антропологиялық төңкеріс
орын алды, әлеуметтік немесе этностық деңгейде ұлттық сана-сезімнің
бұрын-соңды болмаған дүмпуі байқалды, ал жалпыадамзаттық
деңгейде ақпараттық жаhандану үдерісін бастан кешіп отырмыз. Бұл
өзгерістер, өз кезегінде тарихи сана мәселесін күн тәртібінің алдыңғы
қатарына шығарып отыр. Әлеуметтік-мәдени еспен сипатталатын
тарихи жады немесе тарихи сана неғұрлым терең болған сайын адам
да, тұтастай алғанда қоғам да рухани бай бо- лады. Бүгінгіні түсіну мен
болашақты болжау үшін өткенді білу тарихи білімнің негізгі арқалайтын
жүгі екендігі рас.
ӘЛ-ФАРАБИ, ЖҮСІП БАЛАСАҒҰН,МАХМУД
ҚАШҚАРИ, ҚОЖА АХМЕТ ЯССАУИ ЕҢБЕКТЕРІ
•
Қазақстанда Әбу Насыр әл-Фараби мұраларын аудару,
зерттеу, насихаттау жұмыстары мен әрекеттері ХХ
ғасырдың 60-70 жылдарынан басталып, Қазақстан
фарабитанудың әлемдегі ең үлкен орталықтарының
біріне айналды. Қазақстандық фарабитанудың басында,
негізгі ұйытқысы, мұраларын тұңғыш іздеуші, аударушы,
мәселені көтеруші ретінде А.Машани есімі аталса, ал
1968 жылы ҚазКСР ҒА Философия және құқық
институтында «Әл-Фараби мұраларын зерттейтін
шығармашылық топ» құрылды, топты ҚР ҰҒА
корреспондент-мүшесі, философия ғылымдарының
докторы, профессор А.Х. Қасымжанов үйлестірді. әл-
Фарабидің өмірі мен энциклопедиялық ғылыми мұрасы,
рухани әлемі оның көзі тірі кезінде-ақ сол заман
ғалымдарының назарын өзіне аудара бастаған. Фараби
өмірден өткеннен кейін бұл зерттеулер бүгінде әлемнің
алуан тілде жазатын ғалымдар шығармаларымен
толығып, «Фарабитану» атты тұтас бір ғылым саласына
айналды.
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ФАРАБИТАНУШЫЛАР
•
А.Х.Қасымжанов үйлестірген «Философия тарихы жəне Қазақстандағы қоғамдық-саяси ойлар»
бөлімі жанынан құрылған шығармашылық топта И.О.Мұхаммед (Иран), Еуропа тілдерінің маманы
Б.Я. Ошерович, шығыс математикасының маманы А.Қ. Көбесов, арабтанушылар А.С. Иванов,
К.Х.Таджикова, Н. Караев сынды ғалымдар болды, сонымен қатар мəскеулік арабтанушылар Б.Г.
Ғафуров және А.В. Сагадеевпен байланыстар орнатылды. Осы ғылыми шығармашылық топтың
арқасында ұлы ғұлама философ əл-Фарабидің шығармашылығымен, қолжазбаларымен мұқият
танысуға зерделі зерттеулер басталып кетті. Өткен ғасырдың соңғы ширегінде А.Қасымжанов,
М.Бурабаев, Ә.Дербісалиев, Қ.Жарықбаев, Г.Шаймуханбетов, С.Сатыбековалардың еңбектері
қазақстандық фарабитану кеңістігін ұлғайта түсті. Алғаш рет əл-Фарабидің «Философиялық
трактаттары», «Əлеуметтік-этикалық трактаттары», «Логикалық трактаттары», «Математикалық
трактаттары», сондай-ақ «Птоломейдің «Алмагестіне» түсініктеме» атты мирастары қазақ-орыс
тілдерінде жарық көрді.
ФАРАБИТАНУДЫ ҚҰРАЙТЫН МҰРАНЫ ШАРТТЫ
ТҮРДЕ БЕС ТОПҚА ЖІКТЕУГЕ БОЛАДЫ.
ортағасырлы
қ араб, парсы
ғалымдарын
ың
жазбалары
батыс
авторлары ж
азбалары
патшалық
Ресей және
кеңес
заманындағ
ы
шығыстануш
ылар
түркітілдес
халықтар
ғалымдарын
ың
жазбалары
19-20 ғ.ғ
Мысыр,
Сирия,
Ливан, Иран
және
Ауғанстан
ғалымдары
Жүсіп Баласағұн еңбектерінің 92%-ы ел
басқаруға арналған
Күллі түркі жұртына ортақ ғұлама ойшыл, ақын,
ғалым, саясаткер Жүсіп Баласағұнидың «Құтадғу
білік» кітабын жас ғалым Бекарыс Нұриман ана
тілімізде қайта аударып шықты. 200 беттік кітаптың
қанша тиражбен таратылатыны əзірге белгісіз.
Баспадан «Құтты билік» атауымен шығатын кітаптың
алғашқы нұсқасымен Президент Қасым-Жомарт
Тоқаев танысқан.
Жас ғалым осыдан 10 ғасырдан астам уақыт бұрын
қазақ жерінде өмір сүрген ғұламаның еңбектері өз
деңгейіне насихатталып жатқан жоқ деп санайды.
Жұрттың түсінігінде «Құтадғу білік» орта ғасырдағы
философиялық еңбек деп қана бағаланады.
Шындығында, əлемнің бірнеше тіліне аударылған
кітапта негізінен, ел басқаруға бағытталған жазбалар
басым. Алайда, кеңестік идеология, көшпенділерде
мемлекет басқару институты қалыптасқанын жоққа
шығару мақсатында оны теріс насихаттаған.
ҚҰТТЫ БІЛІК КІТАБЫНЫҢ ЕЛ БАСҚАРУДАҒЫ
МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
• «Бұл кітап бастан-аяқ ел басқаруға бағытталған. Ағылшындарда бұл кітапты «Ханзадалар
айнасы» (The mirror of princes) деп аударды. Кеңес кезінде бұл еңбекті діни уағызға,
философиялық ақыл-кеңеске негізделген насихат жанрындағы кітап деп келдік.
Шындығында, бастан-аяқ ел басқаруға арналған, басшылықтағы əр саланы нақтылап
көрсетіп берген еңбек. Осыдан бір мың жыл бұрынғы мемлекеттің құрылымы туралы
айтады. Егер бұл кітапты Кеңес Одағы кезінде тура мағынасында айтса, онда біздің
даламызда 10 ғасыр бұрын мемлекет болғанын, басқару жүйесі қалыптасқанын
мойындауға тура келетін еді. Орыс ғалымдары мұның ел басқаруға арналған кітап екенін
білді де, өзара даудан кейін философиялық нұсқасын шығарды. Билік атауынан қашты
да, даналыққа негіздеді. Əлі күнге дейін біздің ойымызда даналық кітабы ретінде
қалыптасқан»
Махмұд Қашқари- әйгілі «Диуани лұғат ат-түрік», яғни «Түркі
сөздерінің жинағы» атты еңбектің авторы. Толық аты-жөні - Махмуд
ибн әл-Хұсейн ибн Мұхаммед Қашқари.
Дерек көздерге сүйене отырып, ғұламаның туған жері туралы
ғалымдар түрлі пікірлер айтады. Мысалы филология
ғылымдарының докторы, профессор Немат Келімбетовтың
жазуынша: «...ғалым орта ғасырдағы мәдениет орталықтарының
бірі болған Баласағұн шаһарында туылған». Ал Қазақ
энциклопедиясына сүйенер болсақ, туған мекені : «... қазіргі
Қырғызстан жеріндегі Ыстықкөл маңайындағы ( кей деректе Шу
бойындағы ) Барысхан қаласы».
Ал ғұламаның толық атына Қашқари есімінің тіркеле айтылуына
оның бабасының бір кездері Қашқардан көшіп келгені себеп
болған деген тұжырым айтады ғалымдар.
Достарыңызбен бөлісу: |