Орындағандар: Қалибеков Дәулет,Құдайберген Аида,Мамутова Альфия Тексерген: Жоспар



Дата02.03.2022
өлшемі1,29 Mb.
#133869
Байланысты:
Жасуша 5апта

  • Тақырыбы: Митоз. Митоздың биологиялық маңызы.
  • Орындағандар: Қалибеков Дәулет,Құдайберген Аида,Мамутова Альфия
  • Тексерген:
  • Жоспар
  • 1.Кіріспе
  • 2.Негізгі бөлім
  • Митоз
  • Митоз фазалары
  • Митоздың тұқым қуалаушылықтағы маңызы
  • Хромосомалардың саны
  • 3.Қорытынды
  • Митоз - соматикалық жасушалардың бөлінуі. Митоз жасуша көбеюінің көбірек кездесетін әдісі.Осы әдіс генетикалық материалдың жас жасушаларға тең бөлінуін және жасуша ұрпақтарындағы хромосоманың ұқсастығын қамтамасыз етеді.
  • Жасушалардың бөлінуге дайындық кезеңі — интерфаза кезеңінде, сонымен қатар митоз барысында бірінен соң бірі жүретін және өзара байланысты процестер жиынтығын митоздық цикл деп атайды, ол тіршілік циклінің бір бөлігін құрайды. Митоз 4 фазадан тұрады. Митоз көп жасушалы ағзалар жасушарының көбеюінің негізгі жолы болып табылады.
  • Интерфаза – жасушаның екіге бөлінуі аралығындағы дайындық кезеңі. Бұл кезеңде боялып бекітілген ядроның боялған жіңішке жіпшелерден тұратын торлы құрылымын байқауға болады.Интерфаза G1,S,G2 бөлім, кезеңдерінен тұрады.
  • Митоз немесе кариокинез процесі кезекпен келіп отыратын 4 фазадан тұрады, олар: 
  • Профаза 
  • Метафаза 
  • Анафаза
  • Телофаза
  • Профаза – ядроның бөлінуге дайындалған бірінші сатысы. Бұл кезде хромосома жіпшелерінің өз осінде шиыршықталып бұратылуының салдарынан хромосомалар қысқарып, жуандайды. Профаза кезінде хромосомалар кариолимфада кездейсоқ жерлерде орналасады, осы кезеңде ядрошықтар бұзылады.
  • Ал профазаның аяқ кезінде ядро қабығы бұзылады да хромосомалар цитоплазма мен кариоплазманың сұйық заттарының қосындысы – миксоплазманың ортасында қалады. Ядро көлемі үлкейіп, хромосома ширатыла бастайды, екі центриоль жасуша орталығыжасушаның полюстеріне ажырайды.
  • Метафаза (грек. meta – аралық, кейін және фаза) – жасуша және оның ядросының бөлінуінің екінші фазасы. Митоз процесінде көптеген организмдердің жасушалары ядросының бөлінуі кезеңінде хромосомалар және ядро мембранасы жойылады және ұршық жіпшелеріне центромералары арқылы қосылған хромосомалар цитоплазмада қалады. Бұл фазада (стадияда) хромосомалар жасушаның бөліну ұршығының екі полюсы арасында орналасқан жазықтыққа жиналады. Түзілген метафазалық негізгі пластинка метафазаның ерекшелігі болып табылады.
  • Метафаза фаза сатысының екі кезеңі бар: метакинез – хромосомалар жасушаның экватор аймағына жиналып шоғырланады, жасуша бөлінуге дайындалады; нағыз метафаза – хромосома жіпшелері центромералармен байланысады, хромосомалар хроматидтерге жіктеледі. Клетка цитоплазмасы бұл кезде тұтқырлығын жоғалтады. Бұл кезеңде әрбір хромосоманың центромерасы дәл экваторда, ал қалған денесі экватордан тыс жазықта болуы мүмкін.
  • Анафаза – хроматин жіпшелерінің болашақ жас жасушалардың полюстеріне қарай созылып, ахроматин ұршығын құрау кезеңі. Ахроматин ұршығының белдеуінде хромосомалар түрліше орналасып, ең алдымен аналық жұлдызын құрайды. 
  • Сонан кейін аналық жұлдыздағы қосарланып орналасқан гомологиялық хромосомалардың ұзынынан бөлінуі нәтижесінде пайда болған жас хромосомалар жасушаның полюстеріне қарай ығысады да, екі жас хромосома жұлдыздары пайда болады. Осының нәтижесінде бір жасуша екіге бөлініп, жас жасушалар түзіледі. Анафазада хромосомалардың жасуша полюсіне ығысуы бірден басталып, өте тез арада бітеді.
  • Телофаза (грекше telos – соңы, соңғы және phases – фаза, кезең) –аналық жасушадан екі жас жасуша түзілетін митоздың соңғы фазасы. Телофазада жасушаның қарамауылықарсы өрістеріне ажыраған хромосомалар ісініп, көлемі ұлғаяды. Олар таралып, ұзын жіпшелерге айналады. Хромосомалардың айналасындағы мембраналы көпіршіктерден ядро қабықшасы (кариолемма) түзіледі.
  •  Клетка аймағында РНҚ және белоктардың мөлшері көбейіп, ядрошық пайда болады. Телофаза кезінде митоздық аппарат біртіндеп ыдырайды. Жас жасушалар ядролары түзілгеннен кейін аналық жасушаның цитоплазмасы екіге бөлініп, тең екі жасуша пайда болады. Мұнда хромосомалар саны диплоидты (2n). Ал жыныс жасушалары екі бөлінуден тұратындағыықтан (қаласы Мейоз.) Телофаза процесі де телофаза I және телофаза II кезеңдерінен тұрады. Мейоздың екі бөлінуінен кейін гаплоидты хромосома саны бар (n) жаңа төрт жасуша пайда болады. Телофаза кезеңінің әр жасушадағы ұзақтығы 1,5 мин-тан 400 мин-қа дейін созылады.
  • Митоздың тұқым қуалаушылықтағы маңызы
  • 1.Митоз әрекеті өсу барысының маңызды кезеңі.
  •  2.Аналық жасушадағы митоз барысында пайда болған генетикалық материал жас жасушаларға тең бөлінеді. Жас жасушалардағы генетикалық ақпарат аналық жасушадағы генетикалық ақпараттың көшірмесі болып табылады
  •  
  • 3. Бөлінгеннен кейінгі жас жасушалардағы хромосомалар аналық жасушалардағы хромосомалар санына сәйкес келеді.
  • Егер митоз әрекеті зақымдалса, хромосомалар санында ауытқу болады, көбейеді немесе азаяды. Хромосомалар санының ауытқуына байланысты жасуша үлкен өзгеріске ұшырайды. Жасуша тіршілігін жояды немесе мутация пайда болады.
  • Митоздың ұзақтығы әр түрлі болады.
  • Бір түр екінші түрден хромосомалар санына байланысты ажыратылады. Әр түрдің хромосомаларында сол түрдің тұқым қуалау қасиеттерін сақтайтын генетикалық ақпарат болады. Бір түрдің ядросындағы хромосомалардың толық жиынтығын диплоидты деп, ал оның жартысын гаплоидты жиынтық деп атайды. Адамның 46 хромосомасы бірігіп, 23 жұп түзеді.
  • Сомалық(дене) жасушалардың ядросында диплоидты(қосарлы) хромосомалар, ал жыныс жасушаларында хромосомалардың гаплоидты (сыңар) жиынтығы сақталады. Әр түрдің хромосомалары пішіні, саны бірінші реттік және екінші реттік үзбелердің орналасуы жөнінен бір-бірінен өзгеше болады.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет