Орындаған:Қуаныш Тұрғаным 2020 Эксперимент әдісі


Нашар еститін балалардың ерекшеліктері



бет2/4
Дата29.12.2021
өлшемі101 Kb.
#106451
1   2   3   4
Байланысты:
Диагностика13.05.20

Нашар еститін балалардың ерекшеліктері

Нашар еститін балалардың естімейтін балалардан айырмашылығы қалдық есту мүмкіндігін оқу процесінде қоршаған ортаны тану және адамдармен қарым-қатынаста жеткілікті деңгейде тиімді пайдалануы мүмкін. Есту қабілеті жоғалған бiрақ сөйлеу тілі сақталған, кейіннен естімей қалған балалардың да артықшылықтарын атап кету керек. Осы балалардың сөйлеу қабілетінің сақталу дәрежесі бірқатар төмендегі факторларға әсер етеді: естімеуі басталған уақыт, баланың өсуі мен даму ерекшеліктері, қалдық есту қабілетінің деңгейі, баланың ауызша сөйлеуін дамыту жұмысының сапасы. Дамудың кейінгі кезінде пайда болған естімей қалу, егер балада оқу және жазу дағдылары қалыптасқан болса, айтарлықтай түрде сөздік қорын бұза алмайды. Нашар еститін балалар 75 дБ аспайтын сөйлеу жиілігінің аймағында (500-ден 2000 Гц) есту қабілетінің төмендеу дәрежесінің тәуелділігіне қарай дыбысты ажыратады. Сөзді нашар еститіндердің дамымаған және бұрмаланған сөздiк қорының жұтаңдығы байқалады, сөздердің лексикалық мағынасы дұрыс меңгерiлмеген, грамматикалық құрылымдарды дұрыс емес, мысалы: әртүрлi санаттарды араластырған, олардың мәнін дұрыс түсінбеу және соның салдары ретінде өз сөзінде оларды дұрыс пайдалана алмауы. Нашар еститіндердің ішінара естуі сөйлеуді қалыптастыруға мүмкіндік туғызады, бірақ сөйлеу қоры және сөзді түсінуі бұрмаланған. Соның салдарынан сөйлемдерді өзгеше қабылдайды және бұрмаланған түсінік пен ұғымдар қалыптасуы мүмкін. Сөзді түсінуі және қабылдауы өзінше көрініс береді, бала ұғымдарды бірыңғай біріктіре қабылдай алмайды, көп жағдайда қоршаған орта туралы жаңсақ пікір қалыптасады. Бұл танымдық iс-әрекетте көрініс табады: салыстыру, талдау, жинақтау әрекеттері ерекшеленіп тұрады. Сөздік қорының аздығы, баланың сөзді бұрмалау сипаты, естуді қабылдауы бұзылғанда қалыптасады, танымдық қызметінің дамуы барысында өзіндік ерекшелігі болады. Естуі ішінара бұзылған баланың даму ерекшелігінің биологиялық (естудің физикалық ақауы) себептері әлеуметтiк зардаптарға алып келедi (қарым-қатынастың бұзылуына, психологиясының қалыптасуында ауытқуға әкеліп соқтырады). Осының салдарынан пайда болған көріністер функционалдық сипат береді (сөйлеудің дамымай қалуы, ойлау ерекшеліктері, есте сақтауы, зейіні, қабылдауы, көзқарасы). Сондықтан, кемшіліктердің дамуына тосқауыл қою, өзінің табиғаты жағынан тұлғаға тұтастай әсер ететін әлеуметтік жолдарды және арнайы құралдарды, ұйымдастырылған оқыту жағдайын талап етеді. Арнайы ұйымдастырылған педагогикалық түзету процесі кейін естімей қалған және нашар еститін оқушыны тұлғалық жанжақты қалыптастыруға бағытталған. Арнайы оқыту нәтижесінде оларда ойлау, сөздi есте сақтау қабілеті, сөйлеу тілі дамиды, компенсаторлық және потенциалдық мүмкiндiктерікеңейетін қажетті жағдай жасалады.

Естімейтін және нашар еститін балаларды оқытуда қосымша құрал ретінде сөйлеуді қабылдауын, сөздің дыбыстық құрамын түсінуді жеңілдететін дактилология тәрізді арнайы құралдарды қолдану қажет. Ым-ишарамен сөйлеу оқытудың негізгі емес қосымша құралы ретінде тек естімейтін балаларға қолданылады. Оқу материалын қабылдау есту-көру негізінде аудио визуальды және сурдотехникалық құралдарды пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

Сөйлеу тілі есту қызметінің нашарлауына тікелей тәуелді. Естімейтін балалар нашар еститіндерге қарағанда даму деңгейі төмен. Естімейтін балалар сөйлеу тілін арнайы оқыту барысында ғана меңгереді, ал нашар еститіндер өздерінің есту қызметінің қалдығы көмегімен, сөздік қорын аз да болса жинай алады. Педагогикалық дәрісті дұрыс ұйымдастыру үшін сөйлеу тілінің деңгейін, арнайы білім беру мекемесін анықтау мақсатында есту қызметінің деңгейін білу қажет. Сөйлеу тілінің дамуына есту қызметінің бұзылу уақыты үлкен әсер етеді. Есту қызметі бала өмірінің қай кезеңінде болмасын бұзылуы мүмкін, сөйлеу тілінің деңгейі де осыған байланысты болады. Есту қызметі қанша ерте бұзылса, сонша сөйлеу тілінің деңгейі төмен болады. Мектеп жасына дейінгі нашар еститін балалардың сөйлеу тіл деңгейінің диапазоны кең: бала нақты заттарға қатыстырмай, жеке буындарды айтып, былдырлағаннан қысқа сөз тіркесіне тіпті аграмматизмді және онсыз сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлеу тілін меңгерген болуы да мүмкін. Бірақ есту қызметі бұзылған бала қарым-қатынастық сөйлеу тілі дамыған кезде де оның тілінде өзіндік ерекшеліктері болады. Дыбысталудың өзіндік бұзылушылықтары болады («жазылған» артикуляция, екпінді бұрып айту және т.б.). Нашар еститін балаларда пассивті және активті сөздігінің көлемі қатысты, ал есту қызметі қалыпты мөлшерде пассивті сөздік қорынан әлде қайда басым болады. Есту қызметі бұзылған бала өзі сөйлеу тілінде қолданатын сөздерді ғана жақсы түсінеді. Бұл балалардың сөздігінде жалпы мағыналы сөздер болмайды (керемет, жеңіс, арман, еркін, байсалды және т.б.), сол сияқты бүтіннің бөліктерін білдіретін нақты сөздер де бар. Бала ұқсас заттардың атауын білмейді. Мысалы,үй деп шалашты да, ит үйшігін де атайды. Сол сияқты мағынасы мен дыбысталуы, ұқсас сөздерді ауыстырады (бақ-гүлзар және т.б.). Мағынасы ұқсас сөздер лексиконында қажетті сөздер болмағандықтан, есту қызметі көмегімен ажырата алмағандықтан акустикасы ұқсас дыбыстарды шатастырады. Сөйлеу тілінің тәжірибесінің аздығы, сөздік қорының таяздығы және сөздің басы мен аяғын толық естімегендіктері тілдің грамматикалық құрылысын меңгеруге әсер етеді. Жиі кететін қателіктері тоқталып өтейік:

— синтаксистік байланыстың үйлесімділігі мен ережесінің бұзылуы;

— артық шылау сөздерін қосу, ауыстыру, қоспау;

— септік жалғауларын шатастыру;

— сөздерді дұрыс қолданбау;

— сөйлем мүшелерін тастап кету.

Нашар еститін балаларда сөздің дыбыстық құрамы туралы нақты түсініктері болмайды, бұл олардың дыбысты айтуы мен жазуынан байқалады. Бала сөзді бұрыс естігендіктен сөздерді өзгерген түрінде естерінде сақтайды, сондықтан да оны қате айтып, жазады. Жиі кездесетін қателіктер түрі:

— дыбыстарды араластырып жіберу (қатаң-үнді, ұяң және т.б.);

— аффрикат;

— дыбыстарды тастап кету;

— дара дыбыстардың орнын ауыстыру және қосу;

— сөздің екпін түспейтін бөлігін тастап кету. Бала қаншалықты кіші болса, оның арнайы сабақ «өтілі» соншалықты аз, сондықтан да жіберетін қателері де көп болады. Сөйлеу тілінде синтаксистік құрылымдарды пайдалану, оның сөйлеу тілінің дамуына тәуелді болады. Нашар еститін балалардың дауыс реңі кедей, сөйлеу тілі бірқалыпты, айқын емес,көңілсіз болады. Балалар жиі қайталап сұрайды, айтқан адамның артикуляциясын бақылайды. Балалардың көп бөлігі сөзге түсетін екпінді дұрыс қоя алмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет