Орындалу түрі: Эссе Факультет: Мейіргер ісі Тобы



бет4/6
Дата07.02.2022
өлшемі18,71 Kb.
#84893
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
В12

Этиология мен патогенезі.
Күнi бүгiнге дейiн созылмалы гастриттің этиологиясы мен патогенезі толық зерттелмеген. Соңғы көзқарас бойынша созылмалы гастрит екі жолмен дамиды. Созылмалы А типтi гастрит тұсында асқазанның жапсырмалы жасушаларына қарсы аутоантиденелер түзіліп, олар ең алдымен асқазан түгiнiң атрофиясына әкеліп соғады. Созылмалы В типтi гастриттің дамуына аутоиммундық себептер әсер етпейді. Оның дамуына емдәмді бұзу, көп мөлшерде арақ-шарап қабылдау, темекіні көп тарту, т.б. себептер әсер етеді. Соңғы жылдары созылмалы В типтi гастриттің даму барысында микроағзалардың (helicobacter pylori) әсері дәлелденуде.
Жiктелyi.
Созылмалы гастриттi жiктеудiң ер түрлi жолдары бар. Тәжірибелік маңыздылығын ескерсек, гастриттің морфологиялық түpiн (беткейлi, атрофиялық) орналасуын (антралды, фундалды, диффузды), қышқыл және пепсин түзетiн функциясын (қалыпты, көтерiңкi, төмен), даму кезеңі (үдеуi, ремиссия), белгiлi деген этиологиялық себептерiн (мысалы, созылмалы iшiмдiлiк гастрит) көрсeтyiмiз қажет. Сондай-ақ созылмалы гастриттің кейбiр түрлерiн (гигантты гипертрофиялық гастрит, немесе Менетрие ауруы, ригидтi антралды гастрит, т.б.) ерекше бөледi.
Емі: Созылмалы гастрит терапиясының негізі төменде берілген:
• айқын өршу сатысында стационарлы ем қажет;
• Диетасы: тамақ механикалық жэне химиялық өңделген болу керек (шырышты көжелер, ұнтақталған көкөністер және ет, кисельдер, ботқалар). Тамақтыңбарлығын эрбір 3 сағат сайын жылы күйінде қабылдау керек;
• Асқазанның жоғарғы секрециясы кезінде антисекреторлы препараттар тағайындалады - гистаминнің Н2 - рецепторларының блокаторлары (мысалы,ранитидин);


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет