Реферат
Орындаушы: Бозтай Асылай
Қабылдаушы: Ибраев Жеңіс
«Гимнастика және оның түрлері. Қазақстандағы гимнастиканың дамуы».
Гимнастика –(грекше gymnastike, gymnazio-жаттығу жасаймын,жаттықтырамын) арнайы жаттығулар жүйесінен тұратын, адам денсаулығын нығайту және оның денесінің үйлесімді дамуы үшін қолданылатын дене шынықтыру мен әдістемелік тәсілдер. Қазақстанда гимнастиканың акробатика, көркем гимнастика және спорттық гимнастика сынды түрлері жақсы дамыған.
Акробатика (лат. Akrobateō, көне грекше: ἀκροβάτης — аяқтың ұшымен жүремін, өрмелеймін)
Күш жұмсай орындалатын дене шынықтыру жаттығуларының бір түрі;
Цирк өнерінің жанры (акробатикалық күш жұмсау, секіру арқылы орындалады);
Спорт түрі (спортық гимнастика) Акробатика біздің заманымыздан бұрын шамамен 2300 жылы Ежелгі Мысырда, Грекияда, тағы басқа елдерде пайда болды. Акробатикалық жаттығулар алғаш қалалардың ашық алаңдарында, базарларында орындалды. Бертін келе цирк аренасына көшіп, жаттығулары күрделене бастады. Акробатика – қазір спорттың кең тараған бір түрі. Қазақстанда спорттық акробатика 1933 жылдан тарай бастады және одан тұңғыш чемпионат 1949 жылы өткізілді.
Көркем гимнастика – спорттың бір түрі; музыка сазымен арнаулы затпен (лента, доп, шеңбер, т.б.) немесе затсыз гимнастикалық жаттығулар комбинациялары орындалатын қыздар арасындағы жарыс.
Көркем гимнастика шұғылданушылардың дене сұлулығын қалыптастырып, эстетикалық тәрбие береді. Онда толқынды, серіппелі қозғалыс, иіліп, бұралу, денені тік ұстау, би өнеріне тән жүріс, жүгіріс, секіру, халықтық би мен шалқыма би басым келеді. Көркем гимнастикадан дүниежүзілік чемпионат 1963 жылдан бері өтіп келеді . Олимпиялық ойындар бағдарламасында 1984 жылдан бар. Қазақстанда 1947 ж. Алматы дене тәрбиесі интернатында көркем гимнастика секциясы ашылды. 1949 ж. гимнасшы-қыздар арасында тұңғыш республикалық жарыс өтті. Қазақстандағы көркем гимнастика спортын ұйымдастырып, дамытуда Л.Каспарова, Э.Волкова, К.Морозова, К.Степанова, Э.Осадчая, Л.Дягилева, т.б. спортшылар мен жаттықтырушылар көп еңбек сіңірді. Көркем гимнастикадан А.Батырбекова, С.Рахметова, С.Барлыбаева сияқты қазақ қыздары 1960 – 70-жылдары республиканың бірнеше дүркін чемпионы болып, халықар. Жарыстарға қатысты. 1991 ж. республика тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда павлодарлық Ә.Мұстафина, алматылық З.Жақыпова, шымкенттік Ә.Юсупова, т.б. гимнасшы қыздар бірнеше дүркін Азияның чемпионы, халықаралық турнирлердің жеңімпазы, жүлдегері болды.