Орындаушы: Колдасбаев Асылбек



Дата08.12.2023
өлшемі14,29 Kb.
#195941
Байланысты:
Бөж


Мәдениеттаныу
БӨЖ№4
Орындаушы: Колдасбаев Асылбек
Тақырып: Қазақыстанның мәдени саясаты.
• Мәдени саясат – қоғамның негізгі құндылықты бағыттары мен тұлғаның жасампаз бастамасын қалыптастыратын әрбір дамыған мемлекеттің басты идеологиялық тұғырнамасы.Қазіргі таңда мәдениет – әлемдегі барлық мемлекеттер дамуының маңызды басымдықтарының қатарына
кіреді. Ұлттық және әлемдік мәдени мұраны сақтау мен байытуды, сапалы мәдени құндылықтарды құруды, трансляциялау мен қолдануды қамтамасыз ететін мәдени институттар мен механизмдердің тиімді жұмыс жасайтын инфрақұрылымдарының болуы дамыған мемлекеттің өлшемін көрсетеді.
Қазіргі заманғы мәдени саясатты жасауда ЮНЕСКО —білім және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен ұлттар Ұйымы айқындаушы рөл атқарады.Ұйым 1945 жылы 16 қарашада құрылды, штабпәтері Францияның Париж қаласында орналасқан. Ұйым құрамына әлемнің түкпір-түкпірінде орналасқан 67 бюро мен бөлімшелер кіреді. Бүгінгі күні Ұйымға 193 мемлекет мүше.
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы қазақстан Республикасы тұңғыш Президенті
Н.Ә.Назарбаев бастамасымен іске асырылды. Бағдарлама халықтың үлкен мәдени мұрасын,оның ішінде заманауи ұлттық мәдениет,фольклор және салт-дәстүрлерін; ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру; ұлттық әдебиет пен жазбаның ғасырлар бойындағы тәжірибесін жалпылау; мемлекеттік тілде әлемдік ғылыми ойлар,мәдениет және әдебиет жетістіктерінің үздіктері негізінде толымды қор жасауды зерттеу жүйесін құруды қарастырады.«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы рухани және білім беруді дамыту салаларындағы негізгі құжат, стратегиялық ұлттық жоба болып табылады.
«Мәңгілік ел» идеясының тарихи негіздері 2014 жылдың 17 қаңтарында «Қазақстан жолы– 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты өзінің Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақстандықтардың бәсекеге қабілетті мәдени ментальдігін қалыптастыруға, заманауи мәдениет кластерлерін дамытуға бағытталған елдің мәдени саясаты дамуының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын әзірлеу және бекіту» туралы нақты міндет қойды. Бұл міндетті жүзеге асыру – 2050 жылға дейін Қазақстанның әлемдік мәдениет пен өнердің даму орталықтарының біріне айналуына мүмкіндік береді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет