Б1.3 Оқу-танымдық (1) Ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану.
0,3
Б4.4
Б4.4 Кәсіби (1) Ғылыми зерттеушілік
0,3
Пәннің мақсаты: –Өткен заман мен қазіргі заман классиктерінің шығармашылық мұрасын тарихи-хронологиялық ретпен зерттеу: біртұтас, тарихи дамып келген, әлеуметтік-тарихи процеспен тығыз байланыстағы құбылыс болып отырған музыкалық өнер туралы студенттердің түсінігін қалыптастыру.
Пәннің міндеттері: Классикалық музыканың әртүрлі жанрларының қалыптасуының, дамуының және әлеуметтік себептерінің тарихи заңдылығы туралы білім беру;
- композиторлардың өмір жолы мен шығармашылығы туралы білім беру;
- музыкалық-тарихи проблематиканы дұрыс ұғынуына мүмкіндік беру;
- классикалық музыканың көркемдік жағынан жетілген, жастарға эстетикалық тәрбие беруде құнды үлгілерімен олардың танысуына жол беру;
- музыкалық тарихи материалдардың мазмұнын өз бетімен талдау және жалпы білім беретін мектептерде оны әдістемелік творчестволық тұрғыда қолдану әдетіне тәрбиелену;
- жастар арасында салмақты музыканы белсенді түрде үгіттеу жұмысын жүргізуге дайындау.
Пререквизит:Музыкалық этнография
Постреквизит: Жоқ
Пәнді оқытудың сонғы нәтижесі: - Тарихи құндылықтар мен мәдениеттік дәстүрлерге ұқыпты қарауға және құрметтеуге дайын;
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен шетел музыка әуендеріне деген өзінің дербес қызығушылығын танытады.
- зерттеулер мен көркем-шығармашылық қызметі саласында өзінің жұмысын бағалай алу қабілетіне ие.