Л.Н.Толстойдың (1828-1910) діни философиялық доктринасының мәні: 1. салтанатты ырым-жоралғы, культтер, иерархиямен қоса көптеген діни догмалар сыни тұрғыдан қайта қарастырлып, керексізден тазартылуы тиіс; 2. діни — халыққа түсінікті де қарапайым болуы тиіс; 3. Құдай, дін дегеніміз — қайырымдылық, мейірбандылық, ақыл-парасат және ұждан; 4. өмір мәні - өзіндік жетілу; 5. мәселені шешуде қандай да болмасын зорлық, күштеуден бас тарту қажет; 6. адам тәртібінің негізінде "қарсыласпау" кағидасы жатуы тиіс; 7. мемлекет - күні біткен институт, және ол - күш көрсету құрал болғандықтан тіршілік етуге қақысы жоқ; 8. мемлекеттік құрылысты құлату, елемеу - сол мемлекеттің азаматтарының саяси өмірге қатыспай, шенеуліктер қызметке бармай қоюы қажет;