ТҮСІНІК ХАТ (4- сынып)
Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленді.
Пәннің маңыздылығы қазақ тілінің мемлекеттік тілмәртебесімен және ойды түсінікті жеткізуді мақсат тұтатын коммуникативтік бағытымен дәйектеледі.
Бағдарлама өзге тілде білім алатын бастауыш сынып оқушысын қазақ тілін сөйлесім әрекеті арқылы мәдениетаралық қатысым құралы ретінде меңгертуді көздейді.
4. Бағдарлама білім берудің ұлттық жүйесін халықаралық стандарттарға негіздей отырып, Қазақстан Республикасының қоғамдық-әлеуметтік, ұлттық және т.б. ерекшеліктерін ескере келе, тілді үйретудің тиімді әдістемесін жүзеге асырудың жолдарын айқындайды. Тілді меңгерту бойынша өркениетті елдердің тәжірибесі мен отандық озық дәстүрлер үйлестіріліп, тілдерді оқытудың жаңа бағыттары белгіленді.
5. Бастауыш мектепте 1-4-сыныптарда қарапайым деңгейдің 4 игерімін меңгерту талап етіледі:
1) 1-2-сыныптардағы қарапайым деңгей -А1 2 игерімді қамтиды: бастапқы жеңіл игерім А1 – 1-сынып; бастапқы орта игерім А1.1 – 2-сынып; 2) 3-4-сыныптардағы қарапайым деңгей -А1 2 игерімді қамтиды: бастапқы толық игерім А1.2 – 3-сынып;
Достарыңызбен бөлісу: |