Өрісте бір арық қой жалғыз қалыпты. Қалың шілік арасынан шыққан қасқыр



Pdf көрінісі
бет6/8
Дата16.03.2022
өлшемі0,62 Mb.
#135869
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Ертегілер 1-2 сынып

Асқабақтың әлегі 
«Қауын жарықтық тәттілігін қойса, біз де Асан атаның бақшасына түсуімізді қояр 
едік». Әне, анау жайқалып жатқан Асан атаның қауын-қарбызы. Біз балалар 
олай-былай өткен сайын бақылап жүреміз. Енді екі-үш күн шыдасақ, қауын да 
пісіп қалады. 
Бақшаның қақ ортасында Асан атаға ұқсайтын қарақшы тұр. Одан бүгінгі күннің 
қу құстары да қорықпайтын болып алған. Атаны мазақ қылғандай бір торғай 
қарақшының бас киіміне қонып алыпты. 
Міне, біз асыға күткен күн де жетті. Бүгін түнде Асан атаның қауынын 
ұрламақшымыз. Ол біздің ұрлағанымызды бәрібір біледі. Ал бізге қауын жесек 
болды. Менің әкем де бақша егеді. Бақшамызда бәрі бар. Қауын да, қарбыз да. 
Бірақ неге екенін кім білсін, жылда Асан атаның қауыны ерте піседі. 
Біз көзге түспеуге тырысып жүріп, байқамаппыз: бүгін Асан ата бақшасының қақ 
төрінде төсек салып жатыпты. Бақшаның төрт бұрышынан аяғымызды мысықша 
басып төрт бала кіре бергеніміз сол еді, біздің үй жақтағы бұрыштан кірген 
Ерболдың «бақ» еткен даусынан селк ете түстік. Сөйтсек, ол аяғын аңдап басып 
келе жатса, ұйықтап жатқан атаның үстінен түсіп, шошып кетеді. Қорыққанынан 
даусы да шығып кетіп, барлық жоспарды құртты. Бойымдағы үрейді ашу қуып 
шығып, осыншама еңбектенгеннен кейін қалай бос кетем деп алға ұмтыла беріп 
едім, аяғым доп-домалақ қарбыз ба, әлде қауын ба, білмеймін, әйтеуір бір 
нәрсеге тиді. Дәу домалақты сабақ-мабағымен көтере қаштым. Әбден піскен 


болу керек, өзі қара зіл екен. Ентіккен қалпым қолымдағы олжамды дереу 
қорадағы маяның ішіне тыға салдым. 
Ербол бақырып жібергенде қалған достарымыз да зыта жөнеліпті. Абырой 
болғанда, аяқ астынан шыққан ащы дауыстан шал есеңгіреп, жан-жағынан тас 
па, таяқ па әйтеуір бірдеңе іздеп қарманып жатқанда Ербол да қашып үлгеріпті. 
Міне, төртеуміз келіскен жерде кездесіп отырмыз. Үшеуінің бастары салбырап 
кеткен. Араларында еңсесін биік ұстап отырған мен ғана. Өйткені, мен 
олжалымын. Қазір мыналар басқа бір айла тапқаннан кейін менің «тәтті 
қауынымды» қорада отырып алып жемекшіміз. Достарым ертең міндетті түрде 
Асан атаның піскен қауындарын ұрлап алатын болып келісті. 
Енді, міне төртеуміз біздің қорада отырмыз. Ақтөс біз екенімізді білгеннен кейін 
шәу етті де, қоя қойды. Бағана ас үйден дәу қара пышақты білдіртпей ала 
кеткенмін. Шөптің арасынан зілдей дәу «қара қауынды» алып шығып кесейін 
десем дәу қара пышағымның тісі батпады. Міне, керемет! Әрі тығам, бері 
тығам, пышақ өтпейді. Бір кезде Ербол: 
— Тфу! Мынауың асқабақ қой! — деп айқайлап жібергенде басым зың ете 
қалды. Сол минуттан бастап дүниедегі асқабақ атаулыны әбден жек көріп 
кеттім. Атып тұрып дәу асқабақты жерге алып ұрып, ортасынан қақ бөлдім. Енді 
көрмегенім асқабақ болсын! 
Осыншама бар жан-тәніңмен дайындалып келіп, тәтті қауын деп жей 
бергеніңде ол көк асқабақ болып шықса, сен де ашуланбай көр. 
Адина жүсіп 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет