Екі мәтіндегі ақпарат пен өз пікірлеріңізді пайдаланып, «Қызыл кітап» қорғаған аң-құстарды біз қорғай алмаймыз ба?» деген тақырыпта эссе жазыңыз. Эсседегі сөз көлемі 100-150 сөз болуы қажет.
[20]
ҚАЗАҚ ТІЛІ
(оқыту қазақ тіліндегі гуманитарлық бағыттағы гимназия сыныптары үшін)
Нұсқа №1
Төменде берілген екі мәтінді оқып, тапсырманы орындаңыз.
А мәтіні: газет мақаласынан үзінді
Тәуелсіздік - Тұғырым
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев осыдан 30 жыл бұрын аса күрделі геосаяси жағдайда Тәуелсіздікті жариялады.
«Артық жолдас таппадым татулықтан» деп халқымыздың ұлы перзенті хакім Абай айтқандай, Қазақстан қоғамының ынтымағы мен бірлігі біздің мемлекеттілігіміздің негізгі ұстанымына айналды. Тәуелсіздікке қол жеткізу арқылы тарихымыз бен мәдениетімізді жаңғырттық, экономикамызды өркендетіп, қуатты мемлекет қалыптастырдық. Қазақстанның биік белестерді бағындырып келе жатқан әр қадамы, табысы мен жеңісі – Тәуелсіздіктің арқасы.
Ұлы мақсаттарды көздеген халқымыздың жарқын болашағы жолында айқын мақсаттар қойылып, жасампаз істер атқарылуда. Бүгінде қайта жаңғырған мәдениетіміз бен руханиятымыз жаңа арнаға бет бұрды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы - халқымыздың тамыры терең мұрасын ұлықтаған төл тарихымызға жаңа тыныс беретін бірегей бастама. Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы - «Дала өркениетінің» әлем тарихындағы маңызы және оның адамзат өркениетіне ұсынған құндылықтары көрсетілген бірегей құжат.
Ұлы даланың сан ғасырлық ұлағаты ұлт тарихын жалғастырушы келешек буын өкілдерінің ертеңіне жол ашатынына күмән жоқ.
30 жыл ішінде мемлекеттігіміздің мықты іргетасы қалыптасты, Қазақстан әлемдік қауымдастықтағы беделі жоғары мемлекетке айналды.
Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткізген жетістіктерді одан әрі нығайту үшін халқымыздың көкейіндегі өзекті мәселелерге назар аударылуда. Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартудың маңыздылығы қазіргі әлемдік ахуалдың шиеленіскен тұсында аса өзекті мәселе.
Ұлы даланың сан ғасырлық ұлағаты ұлт тарихын жалғастырушы келешек буын өкілдерінің ертеңіне жол ашатынына күмән жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |