22
ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ
(жалпы орта білім беретін мектептердегі
қазақ тілінде оқытылмайтын сыныптарға)
Нұсқа №2
Төменде берілген мәтінді оқыңыз.
Асан қайғы туралы аңыз
Асан қайғы (Хасан Сәбитұлы) 1361–1370 жж. шамасында Еділ бойында туса
керек. Қазақтың
данышпан ақылгөй ақын-жырауы, өз дәуірінің бас биі Асан
қайғы — Шыңғыс хан тұсында жасаған Үйсін Майқы бидің алтыншы ұрпағы.
Майқы Алтын Орданың қырағы данышпан адамы болған.
Бірнеше хандарды
қолынан өткізген.
Қазақстан Ғылым академиясының Қолжазба қорындағы көптеген аңыздарды
салыстырғанда мынаны аңғарамыз: Асанның әкесі — саятшы Сәбит, шешесі —
Салиха, ал оның әйелінің аты Күлжазира-сұлу, баласы Абат батыр екені көрінеді.
Асанның енді бір баласы Жетім Жаңалы атаныпты. Ол
әз-Жәнібекпен бірге
қалмақ хақында бірнеше жыл кепілдікте жүрген. Оның жетім атануы, асылы, ол
Асанға өкіл бала боп кеткен аға, інілерінің баласы болса керек.
Асан жасынан жұртының мұң-мұқтажын армандап, болашағын
ойлаумен, болжап толғанумен боп, шерменде бола беріпті. Осыдан жұрт оны,
«қайғы» деген лақап есім қосып, Асан қайғы деп атап кеткен
Асанның (Хасанның) әкесі Сәбит Арал өңірінің Сырдария жағасын мекен
еткен. Шежіре- аңыздардың айтуынша, ол ұзақ жасаған. Он сегіз мың ғаламның:
құстың, жан-жануардың тілін білетін, өзі көріпкел, әулие, атақты саясатшы болса
керек. Ал баласы Асанды ес білгеннен осы қасиеттерге баулып өсіреді.
Сондай
өнегелі, ұлағатты тәрбие көрген Асан жас кезінен-ақ туған халқының қамын,
оның келешекте ірі де, іргелі ел болу жағын ойластыра бастайды. Сондықтан да
ол жас болса да өз тұсындағы хан, сұлтан, би, бектермен бірге жүріп, оларға ақыл
қосады. Ой,
пікір жарыстырып, тайталасып ер жетеді. Сол бозбала кезінен-ақ
ақындық, жыраулық, шешендік, тапқырлық өнерді жете меңгереді. Ел дауын, жер
дауын, әдет-ғұрып мәселесін
шешерде оның ақылдығы, алғырлығы, кесімді,
шешімді билік сөздері өзге би, шешендерден үстем боп шыға береді.
Бұл
жерде ерекше айта кететін жай, Асан қайғының нақты қай жылы, қай
жерде өлгені әлі белгісіз. Бір мәліметтерде Асан Ата
қазіргі Өзбекстан жерінде
Жиделі Байсында дүние салды делінеді. Ел аузындағы қарияның айтуынша, Асан
қайғы Сарыарқада дүние салып, оған Ұлытаудың топырағы бұйырған. Ал,
Ш.Уәлихановтың жазуында Асан Ата өмірінің соңғы жылдарын Жетісуда өткізіп,
Ыстықкөлдің жағасында дүние салған.
Достарыңызбен бөлісу: