22
ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ
(жалпы орта білім беретін мектептердегі
қазақ тілінде оқытылмайтын сыныптарға)
Нұсқа №2
Төменде берілген мәтінді оқыңыз.
Асан қайғы туралы аңыз
Асан қайғы (Хасан Сәбитұлы) 1361–1370 жж. шамасында Еділ бойында туса
керек. Қазақтың
данышпан ақылгөй ақын-жырауы,
өз дәуірінің бас биі Асан
қайғы — Шыңғыс хан тұсында жасаған Үйсін Майқы бидің алтыншы ұрпағы.
Майқы Алтын Орданың қырағы данышпан адамы болған.
Бірнеше хандарды
қолынан өткізген.
Қазақстан Ғылым академиясының Қолжазба қорындағы көптеген аңыздарды
салыстырғанда мынаны аңғарамыз: Асанның әкесі —
саятшы Сәбит, шешесі —
Салиха, ал оның әйелінің аты Күлжазира-сұлу, баласы Абат батыр екені көрінеді.
Асанның енді бір баласы Жетім Жаңалы атаныпты. Ол
әз-Жәнібекпен бірге
қалмақ хақында бірнеше жыл кепілдікте жүрген. Оның жетім атануы, асылы, ол
Асанға өкіл бала боп кеткен аға, інілерінің баласы болса керек.
Достарыңызбен бөлісу: