ҚОрЫТЫнДЫ СҰрАҚТАр:
ҚР салық кодексіне жақында енгізілетін өзгертулердің бизнес-ортаға ықпалы туралы жазуға тапсырма алған журналист ең алдымен қай ақпарат көзіне жүгінуі керек?
A. Салық кодекстіне енгізілетін өзгертулер туралы заң жобасын әзірлеуші ведомство.
B. «Біздің салықтар» үкіметтік ұйымының эксперті.
C. Салық кодексіне енгізілетін өзгертулер жайлы жаңалықты бірінші болып жариялаған Tax- News.kz газетінің редакциясы.
D. Қазақ заң академиясының салық құқығы жөніндегі маманы .
2. ИнвестКредит банкі өзі бірнеше жыл бойы жобаларын қаржыландырып келген аты- раулық «МұнайЖабдықтар» зауытының банкрот болғаны туралы құжаттарды сотқа өткізгенін мәлімдеді. AtyrauNews.kz интернет-газетінің журналисі оқиға туралы мақа- ласында мынандай дерек көздерін пайдаланды: Атырау облысы әкімінің өнеркәсіпті қа- дағалайтын орынбасары; «МұнайЖабдықтар» зауытының директоры, зауыттың бас
инженері.
Ақпарат көздерін пайдаланудағы қандай ұстаным бұзылған:
A. А. Сәйкестік.
B. B. Объективтілік.
C. C. Дұрыстық.
D. D. Мақала жоғарыда аталған барлық негізгі ұстанымдаға сәйкес әзірленген.
3. Қазақстандағы БАҚ туралы заңға сәйкес төменде аталғандардың қайсысы ақпарат көзі бола алмайды?
A. Қр президенті.
B. CEo Apple Inc.
C. рФ сыртқы істер министрлігі.
D. ХФҚ баяндамасы.
4. Мемлекеттік органдар журналистің сұранымына қандай уақыт аралығында жауап беруі керек?
A. 1 күннен кешіктірмей.
B. 3 күннен кешіктірмей.
C. 7 күннен кешіктірмей.
D. 30 күннен кешіктірмей.
5. Қазақстандағы төменде аталған органдардың қайсысы инфляция туралы ақпарат көзі бола алады?
1) ҚР ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті, 2) ҚР ұлттық банкі,
3) ҚР Энергетика министрлігі
А. 1 ғана. B. 2 ғана. C. 1 мен 2. D. 1 мен 3.
6. Журналистің сұранымы қосымша зерттеу мен тексеруді қажет етеді. Жауап қандай уақыт аралығында берілуі керек?
A. Бір айдан кешіктірмей. B. 2 аптадан кешіктірмей. C. 2 айдан кешіктірмей. D. 3 аптадан кешіктірмей.
7. Журналистің сұранымына заңда белгіленген мерзімде жауап берілмеді. Ақпарат алу үшін ол заңға сәйкес қалай әрекет етуі керек?
A. Ақпарат көзінен ақпаратты талап ете беруі керек. B. Сотқа жүгінуі керек.
C. Ақпарат көзін жайына қалдыруы керек.
D. Сұранымын қайталауы керек.
8. Ньюсмейкерлердің байланыс деректерін жылдам табуға мүмкіндік беретін құралы:
A. ньюсмейкерлердің жалпы базасы.
B. Журналистің жақсы жады.
C. ньюсмейкерлердің дербес базасы.
D. Компаниялар мен мемлекеттік органдардың баспасөз қызметімен тікелей байланыс жасау
Достарыңызбен бөлісу: |