Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері педагогтарының біліктілікті арттыру курсының 2-деңгейінен өткен Сахитова Кенжегүл Слямжанқызының Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Шорға ауылының Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінде өткен коучинг сабағы туралы рефлексивті есебі 1. бөлім: Тақырыпты негіздеу
Коучинг сессияның тақырыбы: «Оқу сапасын және оқушылардың білімін бағалау.»
Коучинг сессияның мақсаты: Блэк пен Уильямның сыныптың «қара жәшігін» пайдалану және сол арқылы ОүБ-қолдану «қара жәшік ішіндегі жұмыс» ретінде белгілі болады.
Нәтиже: Бағалаудың түрлі нысандары туралы түсінік беру және мұғалімдердің оқыту мен оқу сапасын бағалау арқылы жақсарта алатындығына көз жеткізу.
Екінші деңгей бағдарламасының мақсатының бірі-өз әріптестерінің тәжірибесін жетілдіру мақсатында оларды оқыту және тәлімгерлік етуде теориялық және практикалық кәсіби құзіреттілігі мейлінше терең мұғалімдерді даярлауға биылғы 2014-2015 оқу жылында 12 әріптесімді өз қалаулары бойынша алып, жоспар жасап,мектеп басшысына бекіттірдім. Коучинг – ол мұғалімдердің дамуы мен жетілуіне көмек көрсетудің тиімді тәсілі. Коучинг арқылы ұстаздар өздерінің кәсіби әлеуетін және оқыту тәжірибесін жақсартуға мүмкіндік алады. Александердің пайымдауынша,
(104 – бет) сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысаның артында тек қана жеткілікті дәрежеде емес,нормалар мен стандарттар ғана емес,сондай-ақ баланың дамуы мен оқуы және ынтасы туралы түсінік,сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жататындығын байқауға болады.Мектебіміздің даму бағдарламасында да «Оқытудың инновациялық әдістерін және арнаулы нысандарын енгізу жолымен мектептегі бағалаудың деңгейін көтеру, ол үшін оқушының шығармашылығын және дарындылығын ынталандыру» деген жоспарланған тақырыпты басшылыққа ала отырып, коучинг сессияма осы бағалау тақырыбын таңдадым. Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінде әлі де болса, дәстүрлі бағалаудан аса алмай жүрген «бағалау» ұғымын тек «баға қою» ретінде қабылдап жүрген ұстаздар жетерлік. Бұл тақырыпты алудағы мақсатым: қазіргі уақыттағы Кембридж тәсілі бойынша оқытудағы қалыптастырушы және жиынтық бағалау болып табылатындығы. Оқушының білімі және дағдыларын бағалау арқылы мұғалімдер олардың болашақтағы мінез-құлқы мен дамуын болжайтындығы. Коучинг сабағымды бастамас бұрын әріптестерімнің көңіл күйін көтеру үшін,жагымды атмосфера калыптастыру максатында оларды шеңбер бойымен тұрғызып, әрқайсысына есімдерінің алғашқы әріптерін келтіре отырып, жақсы тілегін айтудан бастадық.