Материалдық жобалар
Жобаның бұл түрі кез-келген материалдық зат (заттар, құралдар,
оқу-көрнекі құралы және т.б) өндіруге бағытталған.
Шығармашылық жобалар
Шығармашылық жобалардың мақсаты шығармашылық өнім –
газеттер, шығармалар, альманах, бейнеролик, киім үлгісін, телебағдарлама
және т. б. шығару болып табылады. Шығармашылық жобалардың басқа
жоба түрлерінен ерекшелігі - олар оқушылар мен педагогтардың бірлескен
қызметінің егжей-тегжейлі пысықталған құрылымын талап етпейді, ол тек
қана белгіленіп, соңғы нәтижеге сәйкес дамиды. Алайда, бұл жобалар түпкі
нәтиженің нысаны мен құрылымын ойластыруды талап етеді, мысалы:
мереке сценарийі, шығарма немесе мақала жоспары, газеттің дизайны және
т. б.
|