Жалпы сұрақтары: Құстар тіршілігіндегі кезеңдік құбылыстар. Әртүрлі экологиялық топтағы құстардың ұшып келу, ұшып кету кезектілігі. Құс ойнағы. Жыныстық диморфизм, оның пайда болу формалары. Түлеу (түрлі топтардағы құстардың толық түлеуі, құс ойнақ алдындағы түлеу, оның ерекшеліктері). Түлеген құстарды қорғау, мерзімдік қоныс аудару, қыстау. Құстар биологиясындағы ұшып кетудің маңызы, қоныс аударуының пайда болуы.
Дәрістің қысқаша жазбасы. Құстар тіршілігіндегі кезеңдік құбылыстар ішінде алдымен жылдық тіршілік циклге, тәуліктік және мерзімдік ырғақтарға тоқталсақ. Құстардың жылдық тіршілік циклі. Климаттың маусымдық өзгерісі құстар тіршілігінде белгілі кезеңдік құбылыстарды тудырады. Құстардың әр түрінің тіршілігі жыл бойы бірнеше ауыспалы кезеңдерден тұрады. Оған олардың көбеюі, түлеуі, қоныс аударуы, көшуі, қыстауы, басқалар жатып, олар құстардың айқынды физиологиялық күйін сипаттайды. Осы кезеңдер немесе маусымдық тіршілік фазалары құстардың жылдық тіршілік циклін құрады. Енді, осы кезеңдерге сипаттама берелік. Құстардың қысқы тіршілігі. Олардың қыстауға қалған түрлер құрамы орман аумағында нашар, себебі құстардың барлығы оңтүстік ендікке ұшып кетеді. Оның ішіндегі су, батпақты қоныстанатын құстар толық кетеді. Жусан арасында қыстауға сушылқара, қоңырүйрек, өте сирек үлкен бейнеарық үйрек қалады. Бұл құстардың көбі орман құстары. Оларға құр, тоқылдақ, шекілдек, шымшық, қызыл бауыр шымшық, сарышымшық, жорғаторғай, шиқылдақ торғай, әрі жапалақтардың бірнеше түрлері және жыртқыш қырғи жатады. Шетен жемісі жақсы піскен жылы орманда қыс бойы саурауық қалады. Қыста көптеген құстар топталып, көшіп қонып тіршілік етеді. Түрлі экологиялық топтағы құстардың ұшып келу және кету кезектілігі. Бұл кезеңдер тұрақты жыл сайын жүргенімен. олардың өз мерзімі болады. Бірақ олар бір айға созылуы мүмкін. Алдымен кәрі еркектер ұшып келеді. Кейін аналықтармен жас құстар қайтады. Түрлі құстардың орманға ұшып келуінің өз мезгілінің бір ізділігі байқалады. 18.03. бірінші болып ұзақ, одан кейін қара торғайлар, дала, орман бозторғайы, наурыз соңында), 1-10.04-шұбар шымшық, ақ қаратамақ торғай, наурызек, шабындық жадырақ торғайы, қызғыш, күйкентай, кейбір жыртқыштар. 10-20.04-өзен үйректері, шалшықшы, шағала, тырна, орман құстарынан-саурауық, көгершіндер. Сәуірдің соңы-мамыр айының басында-аққулар, қаздар, басқалар келеді. Орман аумағына құстардың жалпы келу кезеңі 2 айдан артық мезгілге созылады. Құсойнақ (токование). Құстардың көктемде тәртібі өзгереді, олардың мінез-құлқында шұғыл өзгерістер байқалады. Қыстаған, ұшып келген құстар топтары ыдырайды, ұя салатын жерлерді мекендейді, территорияда тең бөліну байқалады, аталықтардың қарқынды құсойнағы басталады. Құсойнақ дауыс беру, әуе ойны, құсойын ұшуында, түрлі тұру кейпінде, ерекше қимылында көрінеді. Құстардың ойын түрлері өте түрліше болады. Оның биологиялық маңызы-басқа жыныс түрі дарағының назарын аудару, олардың жыныстық қозуына түрткі салу. Балапан жабыны алмасуы. Ұрықтық мамық (балапан жұмыртқаны жарып шыққанда), кейбіреуінде ұзын, әрі басқа түске боялған балапан мамығы (күндізгі жыртқыштар, гагаралар, дауылпаз) немесе ерекше ұрпақтанудағы мамық қауырсындану, жастық (ұядағы) қауырсын және маусымдық түлеу. Маусымдық түлеу. Түлеудің негізгі механизмі гормон әсерінен басталады. Оның алдында қанға қалқанша без гормондары қарқынды түсе бастайды. Ол әдетте гипофизбен жыныс бездерінің белсенділігі басылғаннан кейін жүреді. Құстардың түлеуі және көбеюі бір-бірімен байланысты, әдетте бір-бірінсіз жүретін құбылыс. Түлей бастаған құс, қосымша жұмыртқа салуға қабылетсіз болады. Піштіргенде түлеу кезеңі бұзылады. Кейбір құстарда түлеу мен көбею мерзімі жартылай бірге келеді. Орман аумағындағы құстардың негізгі түлеуі 07, 08, 09 айлардың соңына келеді. Жыл бойында көптеген құстар бір (күзгі), кейде 2 (үйректер, торғай тәрізділер, басқа), тіпті 3 рет (ақ шілдер) түлейді. Максымдық, немесе кезеңдік қоныс аударуы. Кезеңдік қоныс аудару деп, ұя салған жерден қыстақ орнына және кері қайтудағы құстардың көктемде және күзде үнемі қоныс аударуын атайды. Құстар мекенінде күрт қорек жетімсіздігі және қолайсыз ауа-райы болса, онда кезеңсіз қоныс аудару жүреді.
Достарыңызбен бөлісу: |