«Орман мелиорациясы» пәні №1-2 тәжірибелік сабақтар Орман мелиорациясы туралы түсінік Орман мелиоративтік екпе



бет18/39
Дата14.12.2021
өлшемі168,77 Kb.
#126924
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   39
Байланысты:
orman melioratsiyas praktikal k sabaktar
!1-СОР Алгебра 8 классс каз (1), Отсканированные документы, Документ (1), Научный стиль , Жылуалмасу аппараттары туралы жалпы м лімет, Дәріс 12.Термомеханикалық зерттеу әдісі., 64537
«Орман мелиорациясы» пәні

17-18 тәжірибелік сабақтар



Орман жолақтарының қардың жиналуына және бөлінуіне әсері
Қазақстанның далалы аймақтарында қардың жиналуы және оны ұшырып әкетуден сақтау аса маңызды мәселе болып табылады. Ашық даладағы жыртылған жерлердегі (аңыздардағы) қардың жиналған мөлшері қысқы жауын-шашын мөлшелерінің 60%-ын құрайды. Қалған қардың 24%-ы желмен көшсе, ал 16%-ы булануға кетеді. Жел екпіні қатты учаскелердегі қар көшіру 73%-ға жетеді. М.Е. Васильев және Г.Г. Ибрагимовтың (1965) мәліметтері бойынша, Қазақстанның солтүстік облыстары аумақтарында I ға жыртылған жерлерде қардың бірқалыпсыз жиналуы мен жер бетімен ағуы әсерінен жыл сайын 400-500 м3 су жоғалады.

Қардың жинаулы мен сақталуын қамтамасыз ететін шаралар жүйелерінде егіс қорғайтын орман жолақтарының ролін бағаламау мүмкін емес. Мысалы, орман жолағының бір шаршы метрінде ашық даладағы қар мөлшеріне қосымша 50-80 м3 қар тоқталады, ол жолақаралық учаскелердегі ауылшаруашылық дақылдарды қатудан және топырақтың артық ылғалдануынан сақтауға үлкен әсер етеді.

Орман жолақтарының аталған түрлері бөлену сипатына әртүрлі әсер етеді.

Тығыз (жел өткізбейтін) жолақтар жел жылдамдығын жолақ ішінде шұғыл төмендетіп, өзінің екі жағына биік күртік қар жинайды. Қар етектерінің ұзындығы бұл кезде орман жолағының 5-7 Н-не жетеді, ал жолақаралық учаскелерде қар бірқалыпсыз таралып, көбінесе ұшырып әкетіледі. Тығыз орман жолақтары маңындағы биік күртік қарлар топырақтың шектен тыс дамқылдануына соқтырып, әрі көктемгі дала жұмыстарын бастауды кешіктіреді. Бұл жолақтарды қар тоқтатуды қажет ететін жолдар, жыралар, аңғалар мен елді мекендер маңына өсіру тиімді.

Селдір орман жолақтары тығыз жолақтарға қарағанда үлкен қашықтықта жел жылдамдығын баяулатып, егістерде қарларды жақсы әрі біркелкі бөледі. Күртік қар төбешігі бұл кезде жолақтың ық жағында 1-3 Н қашықта болады. Қар биіктігі көбінесе 1,5 биіктіктен аспайды. Күртік қардан кейін егіс танаптарына қарай ұзын жазық болып, қар етектері орналасады. Ал оның ұзындығы 10-15 Н қашықтыққа жетеді.

Егіс танаптарын қорғайтын селдір құрылымды орман жолақтары жел ұшырып әкету қаупі бар, механикалық құрамы жағынан жеңіл топырақтарда өсіріледі. Құрғақ топырақтар мен жауын-шашын мөлшері аз аудандарда бұл жолақтар ылғал жинауға әсер етеді. Сусымалы (жел өткізгіш) орман жолақтары жолақаралық кеңістікте қарды бірқалыпты тоқтатады. Бұл кезде орман жолағының ішінде қар тоқтамайды, ары қарай ұшып кетеді. Орман жолағы ішіндегі күртік қардың ең жоғары биіктігі 1 метрден де аспайды. Қар етегінің ұзындығы алқа ағаштардың 12-20 Н-не жетеді. Егіс танаптарын қорғау үшін өсірілген сусымалы орман жолақтары жауын-шашын мөлшері мол, жиі қарлы боран, бұрқасын болатын аудандарда механикалық жағынан орташа және ауыр топырақтарда отырғызылады.

Селдір-сусымалы орман жолақтары орналасқан танаптарда қар қалыптаспайды, олар жолақтардан 20 Н қашықтықта ұзыннан етектеніп жиналады. Аталған орман жолақтарын суық және бұрқасын желдері бар аудандарда құрғақ топырақтарда өсіру ұсынылады. Н.Д. Никитин (1972) оларды Қазақстанның солтүстік обылыстары мен Батыс Сібірде өсіруге болатынын анықтаған.

Қорыта айқанда, маңызды табиғат факторы болып табылатын қар ұғымды, орман жолақтары қорғанышында жаңа сандық мағынаға ие болады. Орман бар егіс танаптарында, ашық даламен салыстырғанда, қар теңдессіз көп жиналып, онда ұшыру мен булану мөлшерлері едәуір кемиді. Нәтижесінде топырақ бетінің ылғалдылығы артады, аумақтардың гидрологиялык, режимі жақсарады, еріген қар суларының жер бетімен ағуы азайып, ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігі жоғарылайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет