ҚР заңдарында белгіленген тәртіппен өздерінің меншігіндегі немесе ұзақ мерзімді жер пайдалануындағы жекеше орман қоры учаскелерін иелену, пайдалану және оларға билік ету;
Өздерінің меншігіндегі немесе ұзақ мерзімді жер пайдалануындағы жекеше орман қоры учаскелерінде орман пайдалануды жүзеге асыру;
Жобалық және техникалық құжаттамаға сәйкес тиісті мемлекеттік органдармен келісім бойынша жеке орман қоры учаскелерінде құрылыстар мен ғимараттар салу;
Өздері өсірген және дайындаған өнімді және оны өткізуден түскен табысты менншіктену.
Міндеттері
Өздерінің меншігіндегі немесе ұзақ мерзімді жер пайдалануындағы жекеше орман қоры учаскелерінде орман шаруашылығы мен орман пайдалануды осы Кодексте және ҚР басқа да заң актілерінде көзделген экологиялық жағынан оңтайлы тәсілдермен және әдістермен жүргізу;
Өздерінің меншігіндегі ормандарды күзетуді, қорғауды, ормандардың санитарлық жай-күйін жақсартуды және оларды күтіп-баптауды қамтамасыз етуге;
ҚР заңдарында белгіленген тәртіппен уәкілетті органға орман қорының мемлекеттік есебін, мемлекеттік орман кадастрын жүргізу үшін қажетті материалдарды табыс етуге;
ҚР заңдарында белгіленген тәртіппен өздерінің меншігіндегі жекеше орман қоры учаскелерінде ормандағы өрттерді және олардың зардаптарын тіркеуді жүргізуге міндетті, т.б.
ОРМАН ҚОРЫН ИЕЛЕНУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ТОҚТАТЫЛУЫ
Мемлекеттік орман қоры учаскелеріне орман иелену тұрақты жер пайдалану құқығымен туындайды.
Мемлекеттік орман иелену құқығы:
Мемлекеттік орман қоры учаскелері орман иеленуінде болған заңды тұлға таратылған және олар басқа мемлекеттік орман иеленушіге берілген жағдайда;
Мемлекеттік орман қорының жері ҚР Жер кодексінде белгіленген тәртіппен мемлекет мұқтажы үшін алып қойылған жағдайда;
ҚР заңдарымен көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.
Жекеше орман иелену құқығы жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың оларға ҚР Жер кодексіне сәйкес жеке меншігіне немесе ұзақ мерзімді жер пайдалануға берілген жерлерінде туындайды.
Жекеше орман иелену құқығы ҚР заңдарына сәйкес тоқтатылады.