Орман типологиясыныѕ ќўрылуы



бет23/28
Дата25.12.2021
өлшемі127,2 Kb.
#105227
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
.archivetempлесоводство дәріс

Шайыр заттылар

Орманды тірі кезіндегі қолданудың бір тәсілі ол шайыр заттыларын алу,

Яғни қарағай, майқарағай, самырсын, кейде шырша ағаштарын әдейі жарақаттау арқылы табиғи шайырлы зат алады. Қайың, үйеңкі ағаштарына жасанды жарақаттағанда – қантты шырын, ал торпикалық каучукты өсімдіктерден (Бразильдік гевея, эластикалық фикус және т.б.)- латекс-ерекше сүттенген сұйықтық алынады.

Сағызды орман – химиялық өңдеуден өткізгеннен кейін, одан бағалы конифоль және скипидар заттарын алуға болады, оларды көбінесе халық шаруашылығында және химиялық өнеркәсіптерде шикізат ретінде қолданады. Негізгі қолданушылар, ол – қағаз шығаратын, электро – техникалық, резеңке, лак, пластмасса, азық-түлік шығаратын өнеркәсіптер. Скипидар халық медицинасында, химия формацевтикасында, тоқыма, порфюмерия өндірісінде пайдаланылады.

Шайыр заттылар – дегеніміз ол бонитеті төмен қарағай діңдерінен шыққан сағыз және шайырланған жері. Сағыз алудан басқа, бұтақтардың шайырлануын жоғарлату іске асырылады, олар шайыр скипидарлы және экстрационды өндірісте құнарландырылған сығынды алу үшін қолданылады.

Шайыр заттыларды алу үшін қарағай бұтақтарының учаскелерін дайындап, оларды кеседі. Бұл учаскелерді ағаш қабығын кесу деп аталады, мұнда ағаш қабығын кесуге арналған құралды орнатып және вегетация кезеңінде шайыр заттылар алу уақыты арасында жаңартулар еңгізеді. Ағаш қабығын ені бойынша кесу, ағаш қабығын жаңарту деп аталады. Жаңартуларды еңгізудегі еңбек үрдісі – көтеру, ал оны жүргізушіні – көтеруші деп атайды.

Бір жерде және бір ағаштың кесілген қабығындағы күнтізбелік күндердің 2 кезекті көтерулердің уақыт арасы – көтерулердің іркілісі, ал учаскелерде бір көтеруді қолданса - ол айналма жол деп аталады. Қарағайдан шайыр заттыларды алу үшін оған ашық сыртқы жарақат еңгізеді, мұнда 2 тәсіл белгілі, жоғарғы және төменгі, химиялық шайыр шығуға, шайыр пайда болуға жағдай жасау іс-шарасы және шайыр заттылар шығару іс-шаралары. Ағаш қабығын кесудің жоғарғы тәсілі бұтақтардың қабығын жоғарыдан кесе бастауымен сипатталады. Бұл тәсіл тәжірибиелерде көп қолданылады, әсіресе, Шығыс Сібірде. Ағаш қабығын кесудің төменнен кесу тәсілі ол бұтақтардың қабығын кесу оның алдында кесілген жерден төмен орналасды.

Химиялық шайыр шығару және шайырдың пайда болуына жағдай жасауға химиялық заттар әсер етеді, мысалы, хлорлы ақтас, күкірт қышқылы, бардян концентраты, тұндырма, азық-түлік ашытқы концентраттары және т.б. Бұл реагенттер сұйық және қою күйде паста түрінде ағаш қабығының кесілген жеріне еңгізіледі және қарағай сүрегіне сіңеді, содан кейін ұзақ және мол шайыр ағады.

Диаметрі 6 см және одан жоғары ұсақ ағаштарда және піскен, тұрып қалған қарағайларда шайыр заттылар шығарылады. Бұл тәсілдің ерекшелігі ол ағаштарда аудан бойынша ірі жарақаттар жасалынады, одан сағыз шығады және ағаш сүрегі шайырланады. Шайырланған ағаштарды шайырлы заттылар алынғаннан кейін кесіп тастайды.

Орманнан шайырлы заттыларды алу әлі күнге дейін ең қиын механикалық үрдіс болып табылады, сондықтан механикалық үрдістер ең басты мәселе. Бір ағаштан бір ағашқа көшу қолдан жаңартулар еңгізу, сағыздарды жинау көп уақытты талап етеді. Сондықтан, тек өндірістік жұмыстар үшін жұмыс уақытынан 15-20% қана кетеді. Осы сұрақтарға байланысты шайырлы заттыларды алу механизациясы, оның химизациясы орман химиялық өнеркәсібінің, орман шаруашылық экономикасының және орман өндірісінің жұмыскерлерінің көңіл аударуын керек етеді.

Шайыр заттыларын алу үшін арнайы шикізат базасы қажет, олар өз кезегінде қарағайлы отырындылар болу керек. Ресейде шайыр заттыларын алу үшін шикізат базасында негізінен піскен және тұрып қалған қарағайлы ағаш бітімдер, сонымен қатар 40% бонитеті жоғары (I-III) қарағайлар да бар. Ондай отырындылар, II және III орман топтарында орналасқан, ең басты кесуге дейін шайыр заттылар алыну керек. Көбінесе шайыр заттыларын алынуы 10 ж ішінде, кейде ұзақ мерзімге – 15 ж дейін созылады. Осы мерзімнен кейін қарағай ағаш діңдері ең басты күтімдік кесулерге жатқызылады. Қысқа мерзімдік шайыр алғанда (5 ж дейін) ағаштар ағаш қабықтарымен қарқынды жабылады. Қарағайдан басқа, самырсын, шырша, үйеңкі, балқарағай, және қайыңдарды шайырландырып, майқарағай сағызын алады. Самырсынды шайырлау қарағайды шайырлаумен ұқсас, ал шырша мен балқарағайдың үлкен емес өлшемде кеседі, себебі, шырша кесулерге өте сезімтал және тез ауырып қалды, сонымен қатар, шайырды аз береді. Шыршалы сағыз скипидарды қарағайға қарағанда аз береді. Кепкен шыршалы сағыздарды жинау көбінесе тайгалық зонада жүргізіледі, егер са,ыз бұтақтың сыртына кездейсоқ жарақаттар әсерінен шықса және ауада көп уақыт болса, құрамындағы скипидарды жоғалтып, қатты массаға айналады. Майқарағайдан сағыз алу үшін оның қабығындағы түйіндерді жинау керек, өйткені оның ағаш сүрегінде шайырлы жүрістер жоқ, олар тек қабықта және қылқанда. 30-40 см биіктіктегі үйеңкіні және қайыңды шайырлау үшін топырақ жоғарғы бетінен 3-4 см тереңдік бойынша саңылау теседі, оған ағаш науа еңгізеді, олар арқылы шырын шырынқабылдағышқа қарай ағады. Ол көбінесе көктемде шығады және құрамында 2,5 дейін қант болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет