Орманпаталогиялық зерттеу және зиянкестер мен ауруларға қарсы күресудің аэроғарыштық әдістері



бет1/2
Дата04.04.2023
өлшемі47,8 Kb.
#173684
  1   2
Байланысты:
13-дәріс


13-дәріс
Орманпаталогиялық зерттеу және зиянкестер мен ауруларға қарсы күресудің аэроғарыштық әдістері

Зиянкестілері көп объектлер мен орман ауруы кең тараған алқапта- рының санитарлық жағдайын арнайы орман патолоғиялық бөлімдері тексереді. Соңғы уақытқа дейін тексеру жұмыстары тек жер бетінде жүргі- зілетін, қазірғі уақытта жергілікті әдістер қашықтық әдістерге ауыстырьшған, ол әуе құралдары мен қашық сурет материалдарына негізделген. Өткен ғасырдың 60 жьшдары «Орман орналастыру» тайга ормандары үшін авиадесантты орман патологиялық зерттеуге аралас тәсіл жасап шығарады.


Авиадесанттық орманпатологиялық зерттеудің негізгі мақсаты - Сібір жэне Қиыр Шығыстың тайга ормандарындағы қылқан кеміргіш, дің зиянкес- терінің таралуы мен дамуын бақылау.
Оны қойылған мақсатақа байланысты II санатгы дәлдікпен жүргізеді. I санат жүмыстарды орман зиянкестерінің ошағы және топталған белгілі болғанда немесе ағаштың белгісіз себептермен қурауына байланысты жүргізеді. Мұндай зерттеудің мақсаты: аймақтағы зиянкестер ошағының таралу шекарасын анықгау, түрлерінің сапалық сандық жэне зақымдану сипатын анықгау, ағаштарға қауіп тудыратын зиянкестердің эрі қарай дамуын болжау, ауру ошағын жоятын шаралар жобасын жасау.
II санат жұмыстарды қылқан кеміргіш көбеюіне қолайлы жағдай іуған аудандарда жүргізеді. Мүндай зерттеудің мақсаты: үлкен аумақтарды авиа- орман патологиялық бақылау жэне санитарлық орман патологиялық жағдайы нашар орман бөліктерін анықгау; эуе бақылауынан алынған санитарлық- орманпатологиялық жағдайы нашар орман бөліктерін авиадесантымен таңдамалы тексеру; егер зиянкестердің жаппай көбею ошағы анықгалса немесе аудандарда ағаштың курауы байқалса, онда I санат жүмыстары жүргізіледі. Жас орманды, орман екпелерін, орман түқым участоктарын зерттеу керек болса, онда арнайы орманпатологиялық жер зертгеулерін жоспарлайды.
Авиадесанты орман патологиялық зертгеу қүрамына дайындық жүмыс- тары кіреді: орман патологиялық таксация, десантты жэне таңдамалы зерттеулер, стационарды есепке алу, зиянкестердің жаппай көбею ошақга- рында сынақ пен зерттеу жүргізу, қажетті шаралар қүру үшін дала- камералдық жүмыстарды жүргізу.
Дайындық жұмыстарының процесінде объектер шекарасын белгілейді жэне зерттеу мақсатын нақгылайды, орман қүрудың материалдарын зерт- тейді, тарихи-табиғи жағдайларын, орман патологиялық бақылау мен орман болжаудың мәліметтерімен танысады. Бүдан басқа зерттеу техникасын және шараларды жобалау үшін инженер-техник қызметкерлермен (ИТҚ) жаттығулар өткізеді.
Орман патологиялық әуеболжауында алқаағаштың жалпы жағдайын тексереді. Зақымдалған және зақымдалып бара жатқан ағаштарды және қабатының түсі өзғерғен орман бөліктерін анықгайды. Жерді зерітеу үшін участоктерді таңдайды, тікұшақ қонатын алаңды белғілейді, маршруттардың жағымды ара қашықгығын және алдағы уақытта ұшатын маршруттарды белгілейді. Мүндай бақылау ұшуды орман орналастыру партия бастығы немесе дайындалған мамандар бақьшаушы-ұшқыштың қатысуымен жүргі- зеді. Ұшудың 1 млн.га аудан үшін жалпы ұзындығы 1000-1200 км. Бақылап ұшуды мамыр айында жүргізеді. Әуеорман патологиялық бақылауды (2-3 рет) маусымдық ұшуды да қолданады, себебі вегетациялық кезеңде зақымдану дэрежесі мен шекарасы бойынша озгерістерді анықгау керек. Мұндай тікұшақтарда 200-300 м биіктікте жүргізеді. Негізінде әуе бақылау- ын, әуетаксация сияқты АН-2 ұшағында 400-500 м биіктікте немесе МИ-1, МИ-2 тікұшағымен жүргізеді.
Әуебақылаудың алқаағаштағы құрамына, жасына, жағдайына байланыс- ты алынған мәліметі бойынша М1:300000 топографиялық карта әуетакса- циялық ұшу үшін маршрут белгілейді. Мұнда 1 санат бойынша арақашықтық 6 шм, ал 2 санат бойынша 8 шм. Маршрут ара қашықгығы 4-10 шм, бедеріне, гііскен қылқанды ағаштардың таралуына, орман құру мен эуе фотосурет материалдарына, анықгалған орман патологиялық жағдайға байланысты болады. Топографиялық картаға ұшу маршрутынан басқа кварталды (орам) және жағдайы нашар участоктарды енгізеді.
¥шудың бірінші кезеңін орманпатологиялық таксация үшін жаздың басына белгІлейді, өйткені бұл уақытта қылқандардың зиянкестермен кемі- рілуі анық көрінеді. Маршрутты орман патологиялық таксация кезінде дайын жұмыс топографиялық картасына зиянкестер зақымданған, құрғауы табиғи жоғары орман қабатының түсі өзгеруін, жел құлатқан жэне жаңа өртеңдердің аумағы 10 га жоғары барлық орман бөліктерін енгізеді. Мұндай бөліктерді журналға жазады, орналасқан жерін белгілейді қысқаша таксация сипат- тамасын зақымдану дэрежесін, зақымданудың себебі мен сипатын т.б. жазады. Орман қабатының зақымдануын келесі градациясымен анықгайды: <25% элсіз, 26-50 орта, 51-75 күшті, >75% жаппай. Алқаағаштың қурау дэрежесінде көрсетеді; <25,26-50, >50% ағаштар құрғаудың, зақымданудың себебі орман ішіндегі жұмыс процесінде анықгайды. Сонымен қатар ұшу кезінде картада қылқанды орман алқаптарын белгілейді, өйгкені ол жерде Сібір жібек көбелегі жэне қылқан кеміргіш зиянкестердің жаппай көбеюі мүмкін. Орманпатологиялық бақьшаудың бірінші кезеңіндегі материалдар бойынша жұмыс карта-үлгісін жэне таңдамалы авиадесантты зерттеудің шұғыл жоспарын, жерде зерттеу маршрутын жасайды.
Жерде таңдамалы зерттеу жұмыстарын орман пагология инженері басқаратын топтар жүргізеді. 1 санат жұмысқа 1 млн.га жерде зертгеу пункті 30 кем емес, маршруттың жалпы ұзындығы 1000-2000 шм. Ал 2 санат жұмыста 20 шм емес, 600-700 шм болады. Маршруттардың арақашықгығы 1-2 шм алқаағаштың орман патологиялық сипатына қарай жерде зерттеу кезінде алқаағаштың санитарлық жағдайына егжей-тегжейлі сипат беріледі.
1 санат зерттеу кезінде далалық стационар үйымдастырады, оның мақсаты зиянкестердің популяциялық, сандық жэне сапалық көрсеткішін анықгау. Стационарда зиякестердің үлгілерін жинап, сақгайды. Кейіннен зақымдану түрін анықтауға эдістемелік нұсқауларды жасайды. Стационарда жұмыстар дала жұмыстарының кезеңінде жүргізіледі. Стационар ауданында жэне қьшқан кеміргіш зиянкестер ошағының резервациясына жэне сынақ алаңшаларына популяция түрі мен жағдайын бірнеше рет (3 кем емес), зиянкестер дамуының барлық кезеңін тексеру үшін есептейді. Жою шара- лары кезінде стационар жұмысшылары оның тиімділігін, биопрепараттармен өңделген ағаштарды бақылауға қатысады.
Далалық жұмыстар біткен соң зерттелген алқаағаштардың орман патологиялық жағдайы туралы материалдары біріктіреді, негізгі зиянкестің ошақтары белгіленген картаның бірінші вариантын жасайды.
Орманпатологтары топтама жасайды, ал орман орналастыру партия бастығы соның негізінде есеп жазады, онда зерттелген ағаштың жағдайы туралы жазылады: ауру ошақтары мен орман ауруының барлығы, олардың саны жэне алқаағаштың зақымдалуы, келесі жылға болжау, сауықгыру мен зиянкестер санын азайтуға қолданылған шаралар, орман қорғаудың орман шаруашылық жұмысына бағасы.
Әуеғарыштық сурет материалдарын орман патологиялық жағдайын зерттеуге қолдану
Зиянкестермен зақымданған, ауруға ұшыраған, өртке т.б., табиғи апаттар зиян келтірілген ормандар жағдайын анықтау тэсілдері кеңінен қолданса да, кемшіліктер жеткілікті. Сондықтан ТМД елдерінде жаңа эдістер жасалады, ол қашықгық құралдарға негізделген. Яғни, өндіріске өртпен, зиянкестермен зақымданған орман жағдайын әуе-ғарыштық сурет матери- алдарымен талдау енгізілуде.
Орманның жағдайын эртүрлі эуе-ғарыштық сурет материалдарымен бағалауға болады. Сурет материалдарының барлық түрінде жаңа өртеңдер жақсы көрінеді, бірақ масштабқа немесе шешу кабілетіне байланысты оның ауданын анықгау өте үлкен шетке ауытқиды. Мысалы, «Метеор» ЖЖС-нен түсірілген суретте (шешу қабілеті 200-300 м) тек аумағы 5-10 мыңнан үлкен өртендерді байқауға болады. Ал ЖЖС «Ландсат» (шешуі 75 м) жэне (КОС) (ұзақ уақыттық орбиталық станция). «Салют» (20-50 м) зиянкестермен қатты зақымданған немесе басқа қолайсыз алқаағаштардың минимальды ауданда- рын көрсетеді. Ғарыштық суреттерді көз шолу арқылы дешифровкалағанда зақымданған алқаағаштың ауданын түсі бойынша анықгайды. Мұнда түрлі- түсті спектрозональды немесе синтезді көп зональды суреттерді қолданған тиімді. Шешу қабілеті жоғары суреттерде өртеңнің, жел, қар қүлатудың негізгі белгісі болып морфометрия саналады (анық түсірілген суреттерде өртең шекаралары қатгы кескінді болып келеді).
Осьшай ғарыш суреттері бойынша орман қоры территориясы өзгерістерін (анамалияларды) анықтауға болады. Сонымен бірге орман қоры жағдайын бақылауды үлкен аумақгарда аз еңбек және шамалы шығынмен жасауға болады.
Орманға толық сипаттаманы әртүрлі масштабтағы аэрофотосуреттерден алуға болады. Аурумен, зиянкестермен, өртпен зақымданған ормандарға М1:50000-1:10000 түрлі-түсті спектрозональды және көпзональды, М1: 50000-1:100000 суреттерде қатты жэне орташа зақымданған ормандар көрінеді. Әлсіз зақымдану кіші масштабты суреттерде көрінбейді. М1:10000- 1:15000 аэрофотосуреттер зақымданудың 3-4 санаты (өлген, қатты, орта, әлсіз, зақым) көрінеді. Ірі жэне өте ірі масштабты суреттермен зақымдану дәрежесін орманға ғана емес, жеке дара ағаштарда да анықтауға болады.
Бірақ аэрофотосуретпен тек зақымдану дәрежесін ғана анықтауға болады, ал оның түрін, себебін тек орман ішінде ғана аэрофотосуреттерден анықтауға болады. Себебі, оларға тэн өздерінің дешифровка белгілері бар. Сондықтан орман патологиялық зерттеуді тек әуеғарыш сурет материалдары негізінде ғана емес, жергілікті зерттеумен біріктіріп қарастыру керек.
Өндіріске «Орман қүру» енгізілген, ғарыш сурет материалдарының негізінде өрт, табиғи апат болған орман қорын картографиялау, ұйымдастыру жүмыстарының 3 түрін қарастырады. Біріншісі ғарыш суреті арқылы өртке жэне табиғи апатқа үшыраған аудандарды анықтайды. Дешифровка мэліме- тімен орман орналастыру түгендеу материалдарымен салыстыра отырып, өртенген немесе зақымданған алқаағаштардың жэне басқа санатты аудан- дардың орман қорын келтіретін зиянын анықтайды. Екінші вариант бойынша зақымданған аудандарға дэл сипаттама беру үшін қолайсыз жағдай алдында жэне түсірілген ғарыштық материалдарын пайдаланады, ал үшіншісі - үшақган алынған авиашолу материалдарды пайдалану. Үшінші вариант көп шығынды, бірақ зақымдануды бақылау дәлдігі жоғары.
Ормандарға өрт, табиғи апатпен үлкен аумақта зиян келтірілсе онда ғарыш суреттерін жэне таңдамалы ірі масштабты аэрофотосуреттерді қолда- ну керек. Ғарыш суретгері бойынша зақымданған аудандардың нүсқауын, алқаағаш топтарының стратификациясын, зақымдану дәрежесін, ал ірі масштабты сурет бойынша сақгалған жэне орманға егжей-тегжейлі сипат- тама береді. Ғарыш суреті болса, онда зерттеуге жаппай кіші масштабты жэне таңдамалы ірі масштабты аэрофотосуреттерді қолданады. Бүл жағдайда еңбек шығыны көбейеді, бірақ жүмыс дәлдігі де жоғарылайды.
Алқаағапггарға, әсіресе қьшқандьшарға өндіріс қалдықтары көп зиян тигізеді. Оның әсерінен қылқанның ассимиляция аппараты бүзьшады,
мезофил клеткасы деформацияланады, т.б. өндіріс қалдыктары зақымданған аудан көлемі аз болғандыктан оларды аныктауға аэрофотосурет жеткілікті.
Алқаағаштың санитарлық жағдайын анықгауға қолданылатын аэрофо- тосурет материалдарына қойылатын талаптар: суретте ағаш бөрікбастарының қабаты жеке көрінуі керек. Сондықган аэрофотосуретке түсіруді көп зональ- ды жэне түрлі-түсті спектрозональды М 1:500 пленкасында жүрғізу керек. Мұндай алқаағаштардағы зерттеудің нәтижелі тэсіпі - таңдамалы, суретке түсіруге байланысты керекті барлық жерді қамтиды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет