Орны: Мектеп кітапханасы



Дата04.01.2022
өлшемі22,83 Kb.
#109230
Байланысты:
латын туралы


«Рухани жаңғырудың кепілі – латын әліпбиіне көшу»
Дөңгелек үстел
Орны: Мектеп кітапханасы
Дөңгелек үстелге қатысушылар: Қазақ тілі мен әдебиеті пәні, тарих пәнінің мұғалімдері, кітапханашылар және 8 - 10 сынып оқушылары

(Кітапханаға дөңгелек үстел қойылады, кітапханада рухани жаңғыру бұрыштары алдын ала дайындалады, латын әліпбиінің үлгісі ілінеді. Жүргізуші ортаға шығып сөз бастайды)

Жүргізуші:
Құрметті дөңгелек үстелге қатысушы қонақтар, ұстаздар, оқушылар. Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін және болашақта барлық саладағы іс - қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екенін қадап айтты. Сондай - ақ, Үкіметке қазақ тілін латын әліпбиіне көші¬ру¬дің нақты кестесін жасауды тапсырып, уақыт ұттырмай бұл жұмысты қазірден бастан қолға алу қажеттігін атап өтті.
Демек, көп кешікпей егемен еліміздің латын әліпбиіне көшетіні айқындалды. Ал осы межелі мақсатқа кедергісіз қол жеткізу үшін не істеу керек? Бұл мәселені жан - жақты талқылау мақсатында бүгін дөңгелек үстел басында жиналып отырмыз.
Жүру барысы: «Рухани жаңғырудың кепілі – латын әліпбиіне көшу» атты тақырыбындағы дөңгелек үстелдің жоспары.
1. Латын алфавиті жайлы не білеміз?
2. Латын әліпбиі – өркениет кілті.
3. Латын әліпбиіне көшу – үлкен мәдени, рухани қадам.
4. Латын алфавтіне көшуде қандай кедергілер бар және одан қалай шығуға болады?
Жүргізуші: Пікір алмасуды әрі қарай сұрақтармен жалғастырайық. Құрметті оқушылар көкейлеріңізде жүрген сұрақтарыңыз, ойларыңыз болса, ортаға салыңыздар.

(әр оқушы өз пікірлерін білдіреді және мұғалімдерге бірнеше сұрақтар қояды)


1 - оқушы: Латын әліпбиіне кіру - әлемдік ғылыми, тілдік кеңістікке кіру үшін қажет. Бұл басқасын айтпағанда, түркі халықтарына ортақ әріп. Сонымен қатар, әріп қолданысы қазақ тілінің фонетикасына үйлесімдірек болып табылады. Біз, әлемдік ғылым мен технологияны, экономиканы игеру үшін ағылшын тілін үйреніп келеміз. Латын әліппесі сол тілді игеруге негіз, тиімді алғышарт болары сөзсіз. Халықаралық терминологияны алыңыз, немесе медицина мен басқа ғылымдар тілі көбінесе латынша жазылады.

2 - оқушы: Менің пікірімше, ынтасы бар адамға бұл әріпті үйренудің еш қиындығы жоқ, соның ішінде жоғары білімді немесе шет тілін білетін адамдарға.


Алысқа бармай - ақ қоялық, қазір көп адамдар әлеуметтік желілерде отырады. Сонда отырып - ақ, өзара латынша жазуды үйрене берсе де болады. Себебі, онда көбісінің аты - жөндері латынша болып келеді. Электрондық пошталары да солай.

3 - оқушы: Менің ойымша,, латын әліпбиіне өтуіміз еліміздің бай мәдениеті мен мұрасымен көптеген шетелдік оқырмандардың терең танысуына жол ашады. Ал, жастар үшін әлем кеңістігі, дамыған елдердің мол жинақталған техникалық, әдеби тағы басқа туындыларын түп нұсқада оқуға жол ашылады.

4 - оқушы: Менің ойымызша, латын алфавитін меңгере алу - алмау қорқынышы, қазақ тілін білу деңгейі және көпшіліктің ұлттық санасының орыс тілі, сонымен қоса кириллицаға тәуелділігі мәселесі.
«Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай - ақ, ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты. Мектеп қабырғасында балаларымыз ағылшын тілін оқып, латын әріптерін онсыз да үйреніп жатыр. Сондықтан, жас буын үшін ешқандай қиындық, кедергілер болмақ емес», — жазады Н. Ә. Назарбаев мақаласында. Шынымен, заманауи құралдар: компьютер, ұялы телефон, т. б. нәтижесінде ағылшын тілі әр - қайсымыздың үйімізге кеңінен кіріп жатыр. Сонымен қатар, қазіргі еңбектеніп жатқан 50 - 60 жас аралығындағы қызметкерлердің көбі кезінде мектепте болсын, ЖОО оқыған шағында ағылшын, француз немесе неміс тілі бойынша қарапайым білім иеленді, сондықтан оларға да латын әріпіне көшуге қиындық туғызбайды.
5 - оқушы:
Өз басым латын әліпбиіне әлдеқашан, сонау тәуелсіздік алған жылдары көшу керек еді деп ойлаймын. Ертерек қолданысқа енгізгенде әріптері ұқсас ағылшын секілді шет тілдерін үйрену, латын әліпбиін пайдаланатын түркі тілдес халықтармен қарым - қатынасымыз жеңілдей түсер ме еді бәлкім. Ал қазіргі кезде көшу қиын шығар. Өзіңіз ойлап көріңіз, тұтас әліпби түгілі, бір қала не өкілетті органның(мысалы милицияны полицияға) атауын өзгертудің өзі қанша машақатты, қағазбастылықты, қаражатты талап ететінін.
Жалпы латынша жазуға көшуге оң көзқарастамын, бірақ кешігіп қалдық қой деймін.
Латын əліпбиіне көшіру – ол, өз əліпбиімзіге оралу, нақтырақ айтқанда түрік əлеміне, тіліне оралу деп түсінемін, сондықтан тез арада көшуіміз қажет деген пікірдемін.

Латын әліпбиі – өркениет кілті.


Үстіміздегі жылдың 6 қарашасында Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығымен бекітілген латын графикасына негізделген қазақ әліпбиімен таныстыру мақсатында Таран ауданының мемлекеттік мекеме басшыларының арасында түсіндірме жұмысы жүргізілді. Таран ауданы әкімдігінің жанынан құрылған ақпараттық - түсіндіру тобының хатшысы А. О. Кафизова «Рухани жаңғырудың бастауы – ұлттық сана, тірегі тіл» атты баяндамасымен сөз сөйледі. Түсіндірме жұмысында қазақ тілін кезең - кезеңмен латынға графикасына көшіру, аталған реформа қандай факторларға негізделеді, жаңа әліпбиге көшуден Қазақстанда күтілетін жағымды өзгерістер, аталған әліпбиге көшуді табысты жүзеге асыру жолында Үкімет алдына қойылған міндеттер, бұл жұмысты іске асыру принциптері, жаңа реформа қалай жүргізіледі және қандай кезеңдерді қамтитыны туралы сөз қозғады. Кездесу барысында қатысушыларға жаңа әліпби үлгісі таратылды. Қатысушылар тарапынан туындаған сұрақтарға да түсінікті, толық жауап беруге тырысты.
Латын әліпбиіне көшу – үлкен мәдени, рухани қадам.
Үстіміздегі жылдың 6 қарашасында Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығымен бекітілген латын графикасына негізделген қазақ әліпбиімен таныстыру мақсатында Таран ауданының прокуратура қызметкерлері арасында түсіндірме жұмысы жүргізілді. Таран ауданы әкімдігінің жанынан құрылған ақпараттық - түсіндіру тобының хатшысы А. О. Кафизова «Рухани жаңғырудың бастауы – ұлттық сана, тірегі тіл» атты баяндамасымен сөз сөйледі. Түсіндірме жұмысында қазақ тілін кезең - кезеңмен латынға графикасына көшіру, аталған реформа қандай факторларға негізделеді, жаңа әліпбиге көшуден Қазақстанда күтілетін жағымды өзгерістер, аталған әліпбиге көшуді табысты жүзеге асыру жолында Үкімет алдына қойылған міндеттер, бұл жұмысты іске асыру принциптері, жаңа реформа қалай жүргізіледі және қандай кезеңдерді қамтитыны туралы сөз қозғады. Кездесу барысында қатысушыларға жаңа әліпби үлгісі таратылды. Қатысушылар тарапынан туындаған сұрақтарға да түсінікті, толық жауап беруге тырысты.
Қорытынды: «Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық орта¬ның, ком¬муникацияның, сондай - ақ, ХХІ ғасыр¬дағы ғылы¬ми және білім беру үрдісінің ерекше¬лік¬теріне байланысты», - деп Елбасы айтқандай латын әліпбиіне көшу – заман талабы. Ал ғалымдарымыз осы қаріпті қолдану арқылы әлемдегі ең дамыған өркениетті елдермен тереземізді теңестіре аламыз деген пікір айтып, оның тиімді тұстарын дәлелдеп бағуда.
Ендігі кезекте Мемлекет басшысы атап өткендей ғалымдардың көмегімен қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасы қабылданып, әдістемелік жұмыстар жүргізілуі тиіс. Сондай - ақ, жаңа әліпбиді үйрететін сапалы мамандар қатарын көбейтіп, мектептерге арналған оқулықтар дайындалуы қажет.
Міне, осы мақсатқа қол жеткізіп, соның жеміс көру үшін латын әліпбиіне көшудің маңызды үш қағидасын белгілеп айтты. Олар:
1. Латын графикасын пән ретінде орта және жоғары оқу орындарында оқыту;
2. Еліміздің солтүстік өңірлерінде орыс тілді халықтың шоғырлануына байланысты латын әліпбиіне көшу мәселесін орыс аудиториясына насихаттау;
3. Латын графикасы негізіндегі қазақ әліпбиі тіліміздің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік беру қажеттіліктері.
Дөңгелек үстел шарасынан осындай ой түйдік. Ал ғалымдардың еңбегін бағалап, ел болашағы үшін қабылданғалы отырған маңызды шешімге қолдау көрсету, жақсыны үйренбекке ұмтылу – жүрегі «елім» деп соққан әрбір қазақстандықтың абыройлы міндеті болмақ.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет