қоршаған орта - табиғи нысандардың, оның ішінде өзара қарым-қатынастағы атмосфералық ауаны, суды, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін сондай-ақ климатты қоса алғанда, табиғи ресурстардың жанды әрі жансыз жиынтығы.
қоршаған ортаны қорғау - табиғат пен адамның өзара үйлесімді іс-қимылына, қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды үтымды пайдалану мен толықтыруға бағытталған мемлекеттік және қоғамдык шаралардың жүйесі.
қоршаған ортаны қорғау нысандары- қоршаған ортаның заңдармен қорғалатын құрамдас бөліктері.
табиғи ресурстар- қоғамның материалдық, мәдени және басқа қажеттерін қанағаттандыру үшін қоршаған ортаның шаруашылық т.б. қызмет процесінде пайдаланылатын құрамдас бөліктері.
табиғатты пайдалану - адамның шаруашылық және өзге де қызметінде табиғи ресурстарды пайдалануы.