Frame – басқа компоненттерді орналастыруға арналған контейнер қызметін атқарады (қызметі форма терезесімен бірдей). Формадан айырмашылығы компоненттерге дайындық құра отырып, компоненттер палитрасында орналасады.
MainMenu – Программаның бас менюі. Бұл компонент күрделі иерархиялық меню құрып жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Label – форманың бетіне мәтін шығаруға аранлаған. Компоненттің қасиеті мәтіннің түрі мен орналасуын анықтайды.
Edit – енгізу өрісі – символдар жолынжөндеуге арналған.
Button – командалық батырма.
Memo – бірнеше жолдан тұратын мәтіндік редактор құру элементі болып табылады.
RadioButton – қызметі басқа батырмалардың қызметімен байланысты болатын тәуелді батырма болып табылады. Егер сұхбат терезесінде бірнеше ауыстырып қосқыш пайдаланылатын болса, онда әрбір топты RadioGroup компоненті арқылы беруге болады.
CheckBox – басқаларға тәуелсіз ауыстырып қосқыш батырманы сипаттайды.
ListBox – қажетті элементті таңдауға болатын тізімді береді.
ComboBox – енгізу өрісіне мәліметтерді клавиатурадан теріп енгізуге немесе тізімнен таңдауға мүмкіндік береді.
ADDITIONAL беті
Additional бетінде сұхбат терезелерінің түрін түрлендіруге мүмкіндік беретін 18 қосымша компоненттер орналасқан.