Өрт қaуiпciздiгi қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №1682 Қаулысы «Өрт қayiпciздiгi туралы»


-тарау. Ағаш материалдарын сақтау тәртібі



бет15/22
Дата01.04.2017
өлшемі4,92 Mb.
#13196
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22

4-тарау. Ағаш материалдарын сақтау тәртібі
1-параграф. Ағаш материалдар қоймаларын ұстау тәртібі
      1498. Сыйымдылығы 10000 текше метрден астам ағаш материалдарының қоймалары құрылыс нормаларының талаптарына сәйкес қарастырылады.
      1499. Сыйымдылығы 10000 текше метрден кем ағаш материалдары қоймаларында сақталатын материалдардың шекті көлемін, өртке қарсы бөліктер мен қатарлар арасындағы, сондай-ақ қатарлар мен көршілес объектілер арасындағы өту жолдарын көрсете отырып, қатарларды орналастыру жоспарлары әзірленеді.
      1500. Қатарлар арасындағы өртке қарсы бөліктерде ағаш материалдарын, жабдықты жинап қоюға болмайды.
      1501. Қатарларға арналған орындар шөп жамылғысынан, жанғыш қоқыс пен қалдықтардан топыраққа дейін тазартылады, жердің немесе қиыршық тастың қалыңдығы кемінде 0,5 метр болуы қажет.
      1502. Әрбір қойма үшін кәсіпорын жұмыскерлері мен техникасын тарту мүмкіндігін ескере отырып, қатарларды, баланс үймесі, жоңқаларды бұзу өрт шыққан жағдайда қатарларды артып әкету, техниканы, баланс қорларын, жоңқаларды бұзу шараларын анықтап, жедел өрт сөндіру жоспары әзірленеді. Жыл сайын өрт қауіпті маусым басталмас бұрын кәсіпорынның барлық ауысымы мен өртке қарсы қызметтің тиісті бөлімшелерінің жұмыскерлерін тарта отырып, жоспар пысықталады. Жазғы уақытта қойма аумағын мерзімді суару қажет.
      1503. Қоймаларда алғашқы өрт сөндіру құралдарынан басқа бекеттер(бекеттер) жедел өрт сөндіру жоспарларында анықталатын мөлшерде әр түрлі өрт техникасы түрлері қорымен жабдықталады. Ағаш материалдарының қоймаларында өрт сөндіру үшін қажетті су қоры болуы қажет.
      1504. Қоймада ағаш материалдарын сақтаумен байланысы жоқ жұмыстарды атқаруға болмайды.
      1505. Ағаш материалдары қоймаларындағы жұмысшыларға арналған тұрмыстық үй-жайлар өртке қарсы бөліктерді сақтай отырып, бөлек ғимараттарда ғана орналастырылуы мүмкін.
      Бұл үй-жайларға жылу беру тек зауытта дайындалған электрмен жылыту аспаптарын қолдануға болады.
      1506. Іштен жану қозғалтқыштары бар шығырлар дөңгелек ағаш қатарларынан кемінде 15 метр қашықтықта орналастырылады.
      Шығырдың айналасындағы алаң кесек қалдықтардан, қабықтардан және өзге де жанғыш қалдықтар мен қоқыстардан босатылуы қажет. Қозғалтқыштарға құюға арналған жанар-жағармай материалдарын бір бөшкеден аспайтын мөлшерде және шығырдан кемінде 10 метр және жақын орналасқан қатардан 20 метр қашықтықта сақтауға болады.
3-параграф. Ағаш материалдары қоймаларын ұстау тәртібі
      1507. Ағаш материалдары қатарларын төсеу және бұзу кезінде тасымалдау пакеттерін өту жолының бір жағынан ғана орнату қажет, бұл ретте жолдың қалған бөлігінің ені кемінде 4 метр етіп орындалады. Қатарларға төселмеген ағаш материалдарының жалпы көлемі олардың тәуліктік қоймаға түсуінен артпауы қажет.
      1508. Тасымалдау пакеттерін өртке қарсы бөліктерде, өту жолдарында, өрт сөндіру су көздеріне кіреберістерге орнатуға болмайды.
      1509. Тетіктердің жұмысы уақытша тұрып қалған жағдайда пакеттерді іріктеу және орнату, құрал-сайман және төсеу материалдарын сақтау арнайы алаңдарда жүргізіледі.
      1510. Тасымалдау пакеттерін су өткізбейтін қағазбен орау (бұл операция бірыңғай технологиялық үдерісте болмағанда) арнайы бөлінген алаңдарда жүргізіледі.
      1511. Пайдаланылған су өткізбейтін қағаз, оның қиындылары мен кесінділері контейнерлерге жиналады.
      1512. Жабық қоймаларда қатарлар мен ғимарат қабырғаларының шығыңқы бөліктерінің арасындағы өту жолының ені кемінде 0,8 метр болуы қажет. Қойманың есік ойықтарына қарсы ені есіктердің еніне тең, бірақ кемінде 1 метр өту жолдары қалдырылады.
      1513. Жабық қоймаларда қалқалары мен қызмет бөлмелері болмауы керек.
      1514. Жабық қоймалар мен бастырма алаңдарының едендері жанбайтын материалдан жасалады.
4-параграф. Жоңқа қоймаларын ұстау тәртібі
      1515. Жоңқаны жабық қоймаларда, бункерлерде және едені жанбайтын жасалған ашық алаңдарда сақтауға болады.
      1516. Жоңқа беру конвейерлерінің электр қозғалтқыштары орнатылған будкалардың отқа төзімділігі ІІ дәрежеден төмен емес етіп қарастырылады.
      1517. Жоңқаның қызу температурасын бақылау үшін кертпектің ішінен жылу электрлік түрлендіргіштерді орнату үшін жанбайтын материалдардан жасалған құдықтар қарастырылады.
5-тарау. Көмір қоймаларын ұстау тәртібі
      1518. Көмір жинауға арналған алаңдар оларды жауын-шашын немесе топырақ суларының басуын болдырмайтындай етіп жоспарланады.
      1519. Мыналарға:
      1) жаңа қазылып алынған көмірді бір айдан артық жатқан ескі көмір үйіндісіне жинауға;
      2) қоймаға өздігінен тұтану ошақтары анық байқалатын көмірді қабылдауға;
      3) жанып жатқан көмірді транспортер ленталары арқылы тасымалдауға және оларды теміржол көлігіне немесе бункерге артуға;
      4) көмір қатарларын жылу көздерінің (бу құбырлары, ыстық су құбырлары, қызған ауа арналары) үстіне, сондай-ақ төселген электр кабельдері мен мұнай-газ өткізгіштердің үстіне орналастыруға болмайды.
      1520. Көмірді жинау және оны сақтау кезінде қатарларға ағаштың, матаның, қағаз бен өзге де жанғыш материалдардың түсуіне жол берілмейді.
      Әр түрлі маркалы көмір бөлек қатарларға жиналады.
      1521. Ұзақ мерзімді сақтау үшін қоймаға түсетін көмір мүмкіндігінше қысқа мерзімде оның вагондардан түсірілуіне қарай қатарлап жиналады. Түсірілген көмірді екі тәуліктен астам формасыз үйіп және төгіп сақтауға болмайды.
      Қатарлармен регламенттік жұмыстарды орындау, сондай-ақ тетіктер мен өрт сөндіру машиналарының өтуі үшін қатарлар төменгі шетінен бастап қоршайтын дуалдарға немесе кран жолдары іргетасына дейінгі қашықтық кемінде 3 метр, ал рельс бастиегінің сыртқы шетіне немесе автожолдың жиегіне дейін кемінде 2 метр етіп қарастырылады.
      Өту жолдарына қатты отын төгуге және оларды жабдықпен үймелеуге болмайды.
      1522. Қоймада жиектеріне бақылау темір құбырлары мен термометрлерді орнату арқылы немесе өзге де қауіпсіз тәсілмен көмір қатарларындағы температураны жүйелі түрде бақылау қамтамасыз етіледі.
      Температура 600С астам жоғарылағанда температура жоғарылаған жерлерде қатарларды нығыздау, қызған көмірді қазу немесе температураны төмендету бойынша өзге де қауіпсіз әдістер қолданылады.
      Температураның жоғарылауы байқалған қатарлар ең алдымен жұмсалады.
      1523. Көмірді тікелей қатарларда сумен сөндіруге немесе салқындатуға болмайды. Жанған көмірді қатардан қазып алғаннан кейін ғана сумен сөндіріледі.
      1524. Өздігінен тұтанған көмірді салқындатқаннан немесе сөндіргеннен кейін қатарларға қайта салуға болмайды.
      1525. Өндірістік ғимараттардың жертөле немесе бірінші қабатында орналасатын, көмір сақтауға арналған үй-жайлар өртке қарсы бөгеттермен (қабырғалармен және қалқалармен) бөлінеді.
6-тарау. Жанғыш талшықты материалдар қоймаларын ұстау тәртібі
      1526. Барлық талшықты материалдар жабық қоймаларда сақталады, ерекшелік ретінде, ашық алаңдар мен шатыр астында сақтауға жол беріледі.
      1527. Талшықты материалдар бумасын түсіру, тиеу және төсеу кезінде бумалардың металл орамына ілмектердің соқтығысуына жол берілмейді.
      1528. Талшық қатарлары мен бастырмалары рет-ретімен ұяшықтарға, топтарға және секторларға қойылады.
      1529. Қатардағы талшық массасының 300 тоннадан артуына жол берілмейді.
      1530. Қатарлардың өлшемдері 22 х 11 метрден аспайтындай, биіктігі бойынша 8 метрден аспайтындай етіп қарастырылады.
      1531. Ұяшықта алты қатардан немесе бастырмадан аспайтындай етіп қарастырылады, бұл ретте қатарлар арасындағы аралықтар – кемінде 15 метр, бастырмалар арасында барлық бағыттар бойынша – 20 метр.
      1532. Топта төрт ұяшықтан аспайтындай (24 қатар немесе бастырма) етіп қарастырылады, ұяшықтар арасындағы аралық – барлық бағыттар бойынша кемінде 30 метр.
      1533. Секторда төрт топтан аспайтындай (96 қатар немесе бастырма) етіп қарастырылады, топтар арасындағы аралық – барлық бағыттар бойынша кемінде 50 метр.
      1534. Секторлар арасындағы аралықтарды 100 метрден кем болуына жол берілмейді.
      1535. Талшықты материалдар сақтауға арналған қоймалар, бастырмалар және ашық алаңдар орналасқан учаскелер қоршалады, бұл ретте қоршаудан бастап қашықтықтың 5 метрден кем болуына жол берілмейді.
      1536. Тез жанатын талшықты материалдарды тек бумаларда ғана сақтауға жол беріледі. Бұзылған бумалар бөлек учаскелерде немесе арнайы бөлінген алаңдарда сақталады. Олар қайта өңдеуге ең алдымен жіберіледі.
      1537. Жабық қоймаларда талшықты материалдар бумаларын жинау ені 2 метр бір бойлық өту жолы мен ені дәл сондай болатын әр есікке қарсы көлденең өту жолдары қалатындай етіп жүргізіледі. Биіктігі бойынша бумалар буманың үстінен бастап электр шамдарына дейінгі қашықтық кемінде 1 метр болатындай етіп жиналады.
      1538. Өндірістік қалдықтарды шикізатпен және дайын өніммен бірге сақтауға жол берілмейді.
      1539. Ашық алаңдардағы талшықты материалдардың қатарлары жабылады, ал бастырмалар барлық жағынан брезентпен тартылады.
      1540. Автомашиналармен, тракторлармен (тартқыштармен) тасымалдау кезінде талшықты материалдар брезентпен жабылады. Оларды тасымалдау кезінде темекі шегуге жол берілмейді.
      1541. Жабық қоймалардағы және шатыр астындағы өту жолдары, сондай-ақ ашық алаңдардағы қатарлар арасындағы аралықтар бос ұсталады.
      1542. Талшықты материалдардың бастырмалары мен қатарларына ұшқын өшіргіштерсіз темір жол (паровоздардан басқа) және автокөліктің 5 метр, ал тракторлардың 10 метр жақын келуіне жол берілмейді. Бұл орындарда шектеу бөренелері орнатылады. Автокөлік жабық қоймаларға, талшықты материалдардың бастырмалары мен қатарларына пайдаланылған құбырға қарама-қарсы жағынан өтеді, бұл ретте ажыратқыш жарамды ұшқын өшіргішпен жабдықталады.
11-бөлім. Автожанармай құю станцияларын ұстау тәртібі
1-тарау. Жалпы ережелер
      1543. Автожанармай құю станциялары штаттық қызметкерінің саны кемінде екі адам болғанда автожанармай құю станцияларын пайдалануға болады.
      1544. Осы бөлімнің ережелері негізінде автожанармай құю станцияларының иелері өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықтар әзірлейді, онда мыналар көрсетіледі:
      1) мұнай өнімдерін қабылдау тәртібі, оны сақтау және тұтынушыларға жіберу шарттары;
      2) аумақты ұстау тәртібі;
      3) өрт сөндіру құралдарын ұстау, оларды іске қосу және өртті байқаған кезде өртке қарсы қызмет бөлімшелерін шақыру ережесі;
      4) май сүртілген материалдар мен құмды жинау, сақтау және шығару, арнайы киімді сақтау, үй-жайларды жинау және технологиялық жабдықты тазалау тәртібі;
      5) өрт шығу қаупі бар жағдайлар мен өрт туындағанда өртке қарсы қызмет бөлімшелері келгенге дейін автожанармай құю станциясы персоналының міндеттері мен іс-әрекеттері;
      6) автожанармай құю станцияларының өзге де өзіндік ерекшеліктері.
      1545. «Өрт шығу қаупі бар жағдайлар мен өрт туындағанда автожанармай станциялары персоналының міндеттері мен іс-әрекеттері» деген бөлімде міндетті түрде автожанармай құю станциялары жұмыскерлерінің мынадай іс-әрекеттері регламенттеледі:
      1) автожанармай құю станцияларында өрт шығу қаупі бар жағдайлар туындағанда технологиялық жүйелердің электр қоректендіргішін (аварияға қарсы және өрттен қорғау жүйелерінің электр қоректендіргішінен басқа) ажыратып, автожанармай құю станцияларын пайдалануды тоқтатады және оның аумағын көлік құралдары мен келушілерден босатады және сонымен қатар өрт шығу қаупі бар жағдайды жоюға кіріседі;
      2) отын 4 м 2 кем алаңға отын төгілген кезде тез арада отын аққан жерді бекітіп, өрт шығу қаупі бар жағдайды жоюға кіріседі;
      3) отын 4 м 2 астам алаңға отын төгілген кезде тез арада барлық алаңға ауа-механикалық көбікті төгіп, кейін төгілген көбіктің қабатын отын авариялық резервуарға толық құйылып болғанша кемінде 0,05 метр қалыңдықта ұстайды;
      4) отын автоцистернаға тікелей жақын жерге төгілгенде (бензин төгілгенде бұл қашықтық төгілген жерден бастап автоцистернаның габаритіне дейін 6 метрге дейін және дизелдік отын төгілгенде 3 метр етіп қабылданады) автоцистерна қозғалтқышын қосуды және оны автожанармай құю станцияларының аумағынан шығаруды (егер бұл адам өміріне қауіп төндірмесе) тек төгілген отын тұтанғанда ғана немесе өрт шығу қаупі бар жағдайды жою үшін төгілген отын көмілген ластанған құм шығарылғаннан кейін жүргізеді. Едәуір қашықтықта төгілгенде автоцистерна бензин төгілген шеттен кемінде 6 метр қашықтықта және дизелдік отын төгілген шеттен 3 метр төгілген жерді айналып өтіп, дереу шығарылады;
      5) автоцистерна жабдығы жанғанда әрқайсысының көлемі кемінде 50 литр ұнтақты өрт сөндіргіштердің көмегімен және автоцистернаның штаттық өрт сөндіргіштерімен отты сөндіруге, ал отын жанғанда қосымша әрқайсысының көлемі кемінде 100 литр ауа-көбікті өрт сөндіргіштермен кіріседі;
      6) автожанармай құю станцияларында өрт шыққан жағдайда өрт туралы өртке қарсы қызметке дереу хабарлап, аумақты келушілер мен көлік құралдарынан босату шараларын қолданумен қатар, алғашқы өрт сөндіру құралдарымен отты сөндіруге кіріседі.
      1546. Автожанармай құю станцияларының барлық жұмысшылары мен автоцистерна жүргізушілері өртке қарсы нұсқаулықтан (алғашқы және қайта және өрт-техникалық минимумы сабақтары) тұратын арнайы өртке қарсы дайындықтан өтеді.
2-тарау. Автожанармай құю станцияларының үй-жайларын, ғимараттарын, құрылыстарын және аумағын ұстау тәртібі
      1547. Автожанармай құю станцияларының аумағы жоспарланады және көріктендіріледі, жанғыш қоқыс пен төгілген мұнай өнімдерінен тұрақты тазартылады.
      1548. Ғимараттар мен құрылыстар арасындағы өртке қарсы бөліктерді әр түрлі заттар мен материалдарды жинау үшін, көлік құралдарын орналастыру және күрделі және уақытша объектілерді салу үшін пайдалануға болмайды.
      1549. Автожанармай құю станцияларының аумағы арқылы көлік құралдарының қозғалысы бір жақты етіп қарастырылады. Бұл ретте бөлек кіру және шығу жолы қамтамасыз етіледі.
      1550. Автожанармай құю станцияларының аумағына кіру алдында оның аумағында көліктің қозғалысын ұйымдастыру сызбасы мен жүргізушілер мен жолаушылар үшін өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау туралы талаптары бар стенд ілінеді.
      1551. Автожанармай құю станцияларының аумағына өту жолдары, су көздеріне кіреберістер мен алғашқы өрт сөндіру құралдарына бару жолдары әрқашан бос етіп ұсталады. Қысқы уақытта өту жолдары мен өтетін жерлер қардан тазартылады.
      1552. Пайдаланылған сүрту материалдары мен мұнай өнімдері сіңіп кеткен құмды жинау үшін қақпақтары тығыз жабылатын металл жәшіктер орнатылады. Сүрту материалдары мен мұнай өнімдері сіңіп кеткен құм аптасына кемінде бір рет автожанармай құю станцияларынан (бұдан әрі - АЖС) тыс шығарылады.
      1553. АЖС аумағында темекі шегуге болмайды.
      1554. АЖС барлық үй-жайларына кіретін есіктерде, сондай-ақ сыртқы қондырғыларда:
      1) «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентіне сәйкес жарылыс қаупі мен өрт қауіптілігі бойынша үй-жайлардың санаты;
      2) Электр қондырғыларын орнату қағидасы бойынша жарылыс қауіпті және өрт қауіпті аймақтардың сыныбы;
      3) өртке қарсы жай-күй үшін жауапты жұмысшының тегі, аты-жөні;
      4) өртке қарсы қызмет бөлімшелерін шақыру телефондарының нөмірлері көрсетілген жазбалар дайындалады.
      1555. АЖС үшін мыналар әзірленеді және көрінетін жерлерде ілінеді:
      1) өрт қауіпсіздігі шаралары жөніндегі нұсқаулықтар;
      2) қолда бар үй-жайлар, эвакуациялық шығу жолдары, өрт сөндіру құралдары мен дабылды орналастыру орындары көрсетілген ғимараттардың жоспарлары.
      1556. АЖС автожанармай құю станцияларының аумағынан жанып жатқан көлік құралын шұғыл эвакуациялау үшін ұзындығы кемінде 3 метрлік қатты буксирлеу штангісімен қамтамасыз етіледі.
      1557. АЖС қауіпсіздік белгілерімен және жол белгілерімен қамтамасыз етіледі, оның қатарында темекі шегуге және ашық отты пайдалануға тыйым салатын, жолаушылар мен жанармай құйылатын көліктің қозғалысын реттейтін белгілер болады.
      1558. Автожанармай құю станциясында АЖС персоналы үшін мынадай қызметтік және тұрмыстық ғимараттарды (үй-жайларды) орналастыруға болады: оператор бөлмесі, әкімшілік, тамақ ішу, күзет қызметі, сондай-ақ санитарлық тораптар, арнайы киім, құрал, қосалқы бөлшектер, аспаптар мен жабдық үшін қойма. Көрсетілгендерден басқа, АЖС аумағында жер асты резервуарларымен қатар жолаушыларға, жүргізушілер мен олардың көлік құралдарына сервистік қызмет көрсету ғимараттарын (үй-жайларын) орналастыруға болады.
      Жолаушылар мен жүргізушілерге сервистік қызмет көрсетуге бөлінген үй-жайларда ілеспе тауарлардың дүкенін, дәмхана мен санитарлық тораптарды, көлік құралдарына сервистік қызмет көрсету үшін – автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жуу посттарын орналастыруға болады. Жер беті резервуарлары бар АЖС аумағында автожанармай құю станциясының персоналына арналған үй-жайлармен қатар сауда залысыз ілеспе тауарлар дүкенінің үй-жайын орналастыруға болады.
      1559. Бір ғимаратта:
      1) көлік құралдарына сервистік қызмет көрсету үй-жайлары мен жүргізушілер мен жолаушыларға сервистік қызмет көрсету үй-жайларын;
      2) тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды сату қарастырылған дүкен үй-жайы мен қоғамдық тамақтану үй-жайын біріктіруге болмайды.
      1560. АЖС ғимараты орталық жылу жүйесімен жабдықталады.
      Автожанармай құю станциясының үй-жайларында зауытта дайындалған, өрт қауіпсіздігі талаптарына сай майлы электрмен жылыту аспаптарын жанғыш құрылымдар мен материалдарға дейінгі тиісті қашықтықты сақтай отырып орнатуға болады. Жылыту аспаптары мен әр түрлі құбырларға жанғыш материалдарды (арнайы киімді, сүрту материалын) қоюға, сондай-ақ жылыту аспаптарында киім мен аяқ киімді кептіруге болмайды.
      Автожанармай құю станциясының аумағы мен ғимараттарында жылу беру қондырғылары мен ашық от қолданылатын құрылғыларды пайдалануға болмайды.
      1561. Қызмет көрсетуші персоналдың арнайы киімі металл шкафтарда ілінген күйде сақталады.
      1562. Автожанармай құю станциясын жалынның таралуы мүмкін (дәнді дақылдар, мақта егісі) ауылшаруашылығы дақылдары егісіне немесе егістіктер мен дала алқаптарына іргелес дала алқаптары бойымен жақын орналастыру кезінде АЖС шекаралары ені кемінде 4 метр жыртылады.
3-тарау. Технологиялық жабдықты пайдалану тәртібі
      1563. АЖС технологиялық жабдығы:
      1) жобалық, техникалық-пайдалану құжаттамасына және техникалық шарттарға сәйкес болуы тиіс;
      2) бақылау және реттеу аспаптары жарамды болуы тиіс;
      3) герметикалық болуы тиіс.
      1564. Технологиялық жабдықты:
      1) отынның ағуы болғанда;
      2) бақылау және реттеу құралдары болмағанда, ақаулы болғанда, ажыратылғанда немесе тексеру мерзімі өтіп кеткенде;
      3) кез келген жарамсыздық кезінде пайдалануға болмайды.
      1565. Технологиялық жабдыққа автожанармай құю станциясының өрт қауіптілік дәрежесінен артық құрылымдық өзгерістер енгізуге болмайды.
      1566. Бақылау-өлшеу аспаптарына пломба салынады және технологиялық жабдықтың өртке қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін анық белгіленген шекті рұқсат етілген өлшемдермен (қысым, температура, қосылым, құю деңгейі) белгіленеді.
      Рұқсат етілген шектерден тым болмаса бір өлшемі ажыратылған болса, автоматты түрде ескерту (жарық немесе дыбыс) сигналдары беріледі.
      1567. Автожанармай құю станциясының технологиялық жүйелерін дайындаушы зауыттың келісімінсіз аварияға қарсы және өрттен қорғау жүйелерінің жұмыс істеу өлшемдерін өзгертуге болмайды.
      1568. Негізгі және қосалқы технологиялық жабдықта статикалық электрден қорғағышпен қамтамасыз етіледі.
      1569. Отын сақтауға арналған резервуарлар 90 %-ға дейін толғанда автоматты түрде сигнал (жарық немесе дыбыс) беруді, ал АЖС 95%-ға дейін ең жоғарғы рұқсат етілген дәрежеге дейін толтырғанда 5 секунд бұрын автоматты түрде резервуарды толтыруды тоқтатуды қамтамасыз ететін, олардың шамадан тыс толтырылуын болдырмау жүйелерімен жабдықталады.
      1570. Фланецтердің, келте құбырлардың, штуцерлердің және атмосферадан отын мен оның буын бөлетін басқа да құрылғылардың қақпақтары мен келте құбырлары арматурамен жанасу орындарында ұшқын шығармайтын және мұнай өнімдері мен қоршаған ортаның әсеріне тұрақты төсемдермен жабдықталады.
      Пайдалану кезінде ашу үшін көзделген көрсетілген қақпақтар мен бітеуіштер ұшқын шығармайтын материалдардан жасалады.
      1571. Отын сақтауға арналған резервуарлар деаэрация желілерімен жабдықталады.
      Деаэрация желілерінің құбырлары от бөгегіштермен немесе қосымша от бөгегіштері бар тыныс алу клапандарымен жарақталады.
4-тарау. Жөндеу және регламенттік жұмыстарды жүргізу тәртібі
      1572. Жанғыш бу-ауа қоспалары түзілуі мүмкін аймақтарда жұмыстар ұшқын шығармайтын киім мен аяқ киімде ұшқынға қауіпсіз аспаппен орындалады.
      1573. Бұрын пайдалануда болған резервуарларды отын толықтай шығарылғаннан, су буымен буландырғаннан, жылу сумен жуғаннан, инертті газбен үрлегеннен және газ талдағыштың көмегімен отын буының бар-жоғына тексерілгеннен кейін ғана тасымалдау, алаңда орындарын ауыстыру, орнату, жөндеу жүргізіледі.
      Сыйымдылықтағы отын буы қосылымының төменгі тұтану қосылымы шегінен 20 % артуына жол берілмейді.
      1574. Автожанармай құю станциясының технологиялық жүйелерінің  герметикалығына пневматикалық сынақтар жүргізу үшін (резервуардың қабырға аралық кеңістігі, резервуардың ішкі кеңістігі, құбырлар) жанбайтын газдар (азот, көмір қышқыл газы) пайдаланылады. Жабдықтың герметикалық емес екендігі анықталған жағдайда автожанармай құю станциясын пайдалану тоқтатылады.
      1575. Қатты бөлшектерді (шламдарды) іске қосып, барлық резервуар түрлерінен тауар суын шығару жабық тәсілмен жүргізіледі. Осы мақсатта қолданылатын жабдық ұшқын шығармайтын материалдан жасалады және бензинмен және дизелдік отынмен жұмыс істеуге арналады. Қол сорғыштарды пайдалану кезінде шлам булану алаңы мүмкіндігінше ең аз ашылған, жабық сыйымдылыққа ғана ағызылады. Шламдарды шығару кезінде осы операциямен байланысты емес барлық люктер мен штуцерлер жабық болады. Шламға арналған сыйымдылық резервуарға жапсарлас аумақтағы тұғырға орнатылады және жерге қосылады. Бірнеше камералы резервуарлардан шламдарды шығару әр камера үшін бөлек-бөлек жүргізіледі.
      Шлам шығару аяқталғаннан кейін шлам автожанармай құю станциясынан тыс шығарылады.
      1576. От бөгегішті немесе онымен жабдықталған тыныс алу клапанын деаэрация жүйесiн құбырының шығу жолында осы құбырды тығын арматурасымен герметикалық жабынсыз алуға болмайды. От бөгегiштiң түрі пайдалану аймағының климат жағдайларында оның қалыпты жұмыс істеу жағдайларына сәйкес орындалады.
      1577. Технологиялық жүйенің құрылымында резервуарға көлік құралының отын багынан шығатын отын буын рециркуляциялау желісі болған жағдайда отын буын рециркуляциялауды жүзеге асыру үшін резервуарды деаэрация құбырын жабуға болмайды.
      1578. Автожанармай құю кешендерінің жабдығына техникалық қызмет көрсету, аспап және сақтандыру жабдығын метрологиялық сынау қатаң түрде осы жұмыстардың кестесіне сәйкес жүргізіледі. Технологиялық жабдыққа техникалық пайдалану құжаттамасында көрсетілмеген қандай да бір регламенттік жұмыстарды жүргізуге болмайды. Мұндай жұмыстар жөндеу шеберханаларында жүргізіледі.
      1579. Автожанармай құю кешендерінің аумағында, ғимараттарында, құрылыстарында, үй-жайларында, технологиялық жүйелерінде жөндеу жұмыстарын жүргізуге объектінің басшысы жазбаша рұқсат ресімдейді.
5-тарау. Отын қабылдау мен беруге арналған жабдықты пайдалану тәртібі
      1580. Автоцистерналардан отын құю жабық сызба бойынша орындалады. Резервуарлар мен автоцистерналардың тыныс алу құрылғыларынан басқа, қоршаған ортаға отын буының шығуына жол берілмейді.
      1581. Автоцистерналардан отын құймас бұрын резервуардағы отын деңгейі өлшенеді және қорғағыш құрылғылардың жарамдылығы тексеріледі. Құю үдерісін автожанармай құю станциясының жұмысшылары немесе автоцистерна жүргізушісі бақылайды.
      1582. Резервуардағы отын түрін ауыстыру кезінде (бензин – дизелдік отын) соңғысы бұдан бұрын сақталған өнімнен мұқият тазартылуы және резервуардың корпусында немесе жер асты резервуарларының құятын құбырларының көрінетін жерлерінде сақталған отынның түрін көрсетілген жазба болады.
      1583. Бірнеше камералы резервуарда егер технологиялық жүйеге техникалық шарттар мен техникалық пайдалану құжаттамасымен көзделген жағдайда бензин мен дизелдік отынды бір мезгілде сақтауға болады.
      1584. Автожанармай құю станциясына отыны бар автоцистерналар өтерде оны аумағынан барлық көлік пен бөгде адамдар шығарылады. Бір мезгілде екі және одан астам автоцистерналардың болуына жол берілмейді.
      1585. Автоцистернадан отын құю операциясын автожанармай құю станциясының кемінде екі жұмысшысы және мынадай талаптарды орындағанда жүргізіледі:
      1) автоцистерналарға арналған жанармай құю алаңында әрқайсысының көлемі кемінде 100 литр жылжымалы ауа-көбікті өрт сөндіргіш орнатылады;
      2) автоцистерналардың жанармай құю алаңдарынан мұнай өнімдерімен ластанған атмосфералық жауын-шашын қалдықтарының науасы жабылады және отын төгіндісін авариялық резервуарға бұру құбыры ашылады;
      3) автоцистерна жерге орнатылады, одан кейін автожанармай құю станциясының резервуарларына отын құю операциясына кірісуге болады.
      Автопойыздан мұнай өнімін құю кезінде әр цистерна оны әбден босатқанға дейін жеке-жеке жерге орнатылады.
      1586. Иілгіш жерге қосатын мыс сым автоцистернаның корпусына тұрақты қосылады және ұшында жерге қосылатын құрылғыға қосуға арналған құрылғы (қысқыш, бұранда ұштығы) болады.
      Жерге қосатын сымдарды автоцистернаның сырланған және ластанған металл бөліктеріне қосуға болмайды.
      1587. Автожанармай құю станциясында көлік құралдарына жанармай құю кезінде:
      1) мотоциклдер мен мотороллерлер отын құю колонкаларына қозғалтқыштары өшіріліп беріледі, оларды іске қосу және тоқтату колонкалардан кемінде 15 метр қашықтықта жүргізіледі, автомобильдер өздігінен жүреді;
      2) қозғалтқышты қосқанға дейін жүргізуші немесе автожанармай құю станциясының қызмет көрсетуші персоналы көліктің мұнай өнімдерімен ластанған бөліктерін құрғатып сүртеді;
      3) жерге төгілген мұнай өнiмдерi құммен жабылады, ал былғанған құм мен май сүртілген материалдарды қақпақтары тығыз жабылатын металл жәшіктерге жинау қажет және жұмыс күні аяқталғаннан кейін автожанармай құю станциясының аумағынан шығарылады;
      4) жанармай құятын жерде тұрған автомобильден бастап кезекте  тұрған келесісіне дейінгі қашықтық кемінде 1 метр етіп қарастырылады.
      1588. Автожанармай құю станциясында:
      1) қозғалтқыштары жұмыс iстеп тұрған көлік құралдарына жанармай құюға;
      2) егер белгіленген тәртіппен келісілген және бекітілген, қолданылатын технологиялық жүйеге техникалық шарттар мен техникалық пайдалану құжаттамасында көзделген болса, жер асты резервуарларымен көлік құралдарының өтуіне;
      3) найзағай болғанда және атмосфералық разрядтардың пайда болуы қауіптілігі болғанда резервуарларға отын құюға және тұтынушыларға отын беруге;
      4) бензин қабылдау, сақтау немесе беру операциялары жүзеге асырылатын автожанармай құю станциясына ұшқын өшіргіштермен жабдықталмаған тракторлардың өтуіне;
      5) автожанармай құю станциясының жабдығын, ғимараттары мен құрылыстарын жөндеумен тікелей байланысы жоқ жөндеу жұмыстарын жүргізуге;
      6) жолаушылары бар көлік құралдарына (кемінде төрт есікті жеңіл автомобильдерден басқа) жанармай құюға;
      7) жарылғыш заттар, сығылған және сұйытылған жанғыш газдар, тез тұтанатын сұйықтықтар мен жанғыш сұйықтықтар, тез тұтанатын материалдар, улы және радиоактивті заттар мен басқа да қауіпті бұйымдар мен материалдар артылған көлік құралдарының кіруіне болмайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет