Өртті негізгі әдістері:
Ормандағы және даладағы өртпен күресті жеке авиабазасы, өртхимия станциясы, бақылау күзет нүктесі бар Мемлекеттік қызмет жүргізеді. Өрттің түрі мен орнына қарамастан оны сөндіру 2 кезеңнен тұрады: өртті тоқтату (жайылтпау) -өрттің таралуын шектеу жөніндегі іс-әрекет және өрт ошағын тікелей жою.
Даладағы жойқын өртті ені 20м дейінгі кедергі қондырғысымен бегейді. Өрт аумағының шеті айнала жыртылып орта жағы күйдіріледі. Ормандағы төменде болған өртті топырақпен көмеді, оттың шоғын бұтамен өрт ошағына қарай сыпырады, маңайын күйдіреді
Орманның жоғарғы жағындағы өртті сендіру қиын, оның кедергі жасау, күйдіру және суды пайдалану арқылы сөндіреді. Бұл жағдайда кедергінің ені ағаш биіктігінен кем болмауға тиіс, ал жоғарыдағы өрт аумағының алдындағы күйдірілетін кедергінің (жердің) ені к мінде 150-200м өрт қанаттарының алдында кемінде 50м болуға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |