Өрт және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк, Азаматтық қорғаныс саласындағы жеке кәсiпкерлiк аясына жатпайтын объектiлер үшiн тәуекелдер дәрежесiн бағалау критерийлерi мен тексеру парақтарын бекiту туралы



бет1/8
Дата19.07.2020
өлшемі366,5 Kb.
#74444
  1   2   3   4   5   6   7   8

Өрт және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк, Азаматтық қорғаныс саласындағы жеке кәсiпкерлiк аясына жатпайтын объектiлер үшiн тәуекелдер дәрежесiн бағалау критерийлерi мен тексеру парақтарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрiнiң м. а. 2011 жылғы 10 тамыздағы № 335 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2011 жылы 6 қыркүйекте № 7165 тiркелдi


"Казахстанская правда" 20.09.2011 г. № 302-303 (26693-26694)

      «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 13-бабының 3-тармағына сәйкесБҰЙЫРАМЫЗ:


      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) Өрт және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк, Азаматтық қорғаныс саласындағы жеке кәсiпкерлiк аясына жатпайтын объектiлер үшiн тәуекелдер дәрежесiн бағалау критерийлерi 1-қосымшаға сәйкес;
      2) Өрт қауiпсiздiгi саласындағы тексеру парағының нысаны 2-қосымшаға сәйкес;
      3) Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы тексеру парағының нысаны 3-қосымшаға сәйкес;
      4) Азаматтық қорғаныс саласындағы тексеру парағының нысаны 4-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Өртке қарсы қызмет (С.Ғ.Әубәкiров) және төтенше жағдайларды және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi мемлекеттiк бақылау (С.Б.Ахметов) комитеттерi:
      1) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде осы бұйрықтың мемлекеттiк тiркелуiн;
      2) осы бұйрық мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн оның ресми түрде жариялануын;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсiн.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзiме қалдырамын.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Министрдiң м.а.                                  В. Петров

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар 
министрiнiң м.а. 
2011 жылғы 10 тамыздағы
№ 335 бұйрығына 
1-қосымша    



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет