Күнделікті адамдардың көптеп жиналатын орындардың бірі сауда нысандары өрт сөндіру қызметі қызметкерлерінің ерекше бақылауында, сондықтан да базарлардың, сауда орталықтардың және үйлердің әкімшілігінен дұрыс өрт сөндіргіштің барлығын ғана емес, сондай-ақ басқа да маңызды талаптарды сақтауды талап етеді.
Өрт сөндірушілер сауда үйлері мен бөлшектеп сату кәсіпорындарына ерекше көңіл бөледі. Күтілудегі өрт-техникалық тексеру тіпті өзіне сенімді сауда нысанының иесін шарасыз жағдайда қалтырады.
Сауда нысандарында өрттер өте ауыр өтеді, өйткені үлкен өрт жүктемеліктен (жанғыш заттар, материалдар, тез түтанатын сұйықтықтар) өрт жаңа аудандарға тез таралады, бұл өрттер ірі материалдық залал әкеледі, адамдардың опаты да жиі кездеседі. Ал осындай оқиғалардың пайда болуы қауіпсіздік ережесін білмеуден немесе оны сақтамаудан.
Барлығына бұрын, автоматты өрт дабылының жұмыс істемеуі немесе болмауы, жайларда алғашқы өрт сөндіру құралдары санының жетіспеушілігі, желдету және түтін әкету жүйелерінің нашар жағдайлары, ішкі өртке қарсы су құбырының ақаулығы, ал сауда үйлерінің қызмет көрсету жұмысшылары өрт шыққан кездегі әрекетке дайын емес. Азамат, жұмысқа орналасқаннан кейін техника қауіпсіздігі сияқты өрт қауіпсіздігінен де кіріспе, алғашқы, қайталанған және басқада нұқауларды өтуге міндетті. Бірақ бұл талаптар сырт көріністе ғана. Ұйымдардың жетекшілері және жеке кәсіпкерлер өз нысандарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек. Өкінішке орай, олармен тәжірибеде өрт қауіпсіздігі бойынша нормативтік құжаттардың 10-15 пайызы ғана орындалады.
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет жаңа салынған, қайта жаңартылған, техникалық қайта жарақталған нысандарға қадағалау қызметін жүргізеді. Кәсіпкерлер өз міндеттеріне дұрыс қарау қажет, өйткені құрылысқа тапсырыс беруші ретінде оларға нысанды жобалау және салу процессінде өрт қауіпсіздік талаптарының орындалуы бойынша барлық жауапкершілік артылады, сондай-ақ медігерлерге және жобалаушыларға да. Нысан жетекшілерінің басты қателіктері, құрылыс-монтажды жұмыстарды жүргізуде жобада көрсетілген талаптар мен нормаларды толығымен орындамауы. Мысалы, жасалған жоба бойынша сауда үйінде өрт сөндіру жүйесі жұмыс істеу қажет, ал оны кейіннен кәсіпкерлер мүлдем ескермейді. Нысанды пайдалануға қабылдау кезінде екінші көшіру жолының жоқты анықталады, ал ол жоба көрсетілген және ең маңызды тармақтардың бірі болып табылады.
Мүмкін. Қолданыстағы заңға сәйкес, өрт қауіпсіздігін бұзғаны үшін айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік тартылу және сот арқылы жұмысын тоқтата тұру қарастырылған.
Қазақстан Республикасында сауда адам өмірінде үлкен мән алады. Жыл сайын сауда өндірістердің саны өсе береді.
Соңғы уақытта үлкен сауда-сауық кешендердің құрылыс тенденциясы пайда болады.
Сауда-сауық кешендері адамдардың көп болатын объекттерге(жұмыс уақытында) жатады. Пракзтикада жүзеге асырылатын өртке қарсы шараларының жүйесі, әр-түрлі нормативті құжаттармен ұсынылатын, болашақта жетілдірілу керек, әсіресе жоспарлаудың жаңа түрлерімен және жаңа құрылыс материалдардың пайда болуымен байланысты.
Ірі магазиндердегі өрттер, күрделі және ірі болып табылады, үлкен еңбекпен жойылады, адамның денсаулығы мен өміріне үлкен қауіп төндіреді.
Осындай өрттерді сөндірудегі ұйымдастырушы техникалық дайындық өртке қарсы қызмет гарнизондардың басты шарттардың бірі болып табылады.
Қазіргі сауда орталықтарының құрылысы кезінде көлемді қолдануды қазіргі құрылыс материалдары алады, олар жану кезінде адамның денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін токсикалық заттарды шығыры алады.
Өрт автоматикасы құралдарын кең түрде қолдану адамдарды өрттің қауіпті факторларынан қорғауға, өртті тиімді сөндіруге кепілдік береді, олардың жай күйден күрделі күйге айналуына қарсы тұрады, бұл материалдық құндылықтарды сақтауға әкеліп соқтырады.
Сонымен қоса өрт автоматикасы құралдарын қолдану өртке қарсы қызмет жеке құрамы және техника санын эквивалентті түрде азайту керектігін ескертпейді. Автоматиканы еңгізу - өрт сөндіру бөлімдерінің техникалық және штат мүмкіндіктері арасындағы келіспеушілікке жеткізбеуге және пайдалануға беріліп жатырған объекттер санының үздіксіз өсуіне әкеледі.
Өртке қарсы қорғау дамуының басты бағыты болып өрт пайда болуын ескерту табылады. Бірақта келтірілмеген себептер шартында өрт пайда болмайды деуге болмайды. Өрт пайда болғанда өрт қауіпсіздігіне жету үшін белгілі функцияларды атқаратын әр түрлі техникалық жүйелерді қолданады: олар өз уақытында пайда болған өртті жояды, технологиялық жабдықтарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, ғимараттар мен имараттардың отқа төзімділігін арттырады, өрт бола қалған кезде адамдарды көшіру қауіпсіздігін тудырады.
Өртке қарсы қорғауды қамтамасыз ету үшін өрт тез таралу шартын тудыратын жаңғыш заттар санын шектеу бойынша шаралар қарастырылады, өрт өлшемін қысқартуға және оны жоюға өрт сөндіру құралдарын қолдану, ғимараттар мен имараттарда отқа төзімді конструкцияларды қолдану, өрт бола қалған кезде адамдарды кедергісіз көшіру үшін көлемді-жоспарлы шешімдерді тудыруға қажет болады.
Өртке қарсы қорғаудың конструктивті шешімі оның алдына қойған мақсатына және оның құрылысына байланысты. Өртке қарсы қорғаудың техникалық жүйелерінің спецификасы оны қандай дәрежеде қолдануына байланысты болады. Мысалы, өрт туралы хабарлау және сезу жүйелері, өрт қажеттілігіне суды беру жүйесі, өртті автоматты түрде сөндіру жүйелері қазіргі кезде өте көп таралған болып келеді.
Автоматикалық өртке қарсы қорғау жүйесінің дұрыс есептелуі және жобалануы жоғары тиімділікке жеткізеді, өрт бөлімдері келгенше өрт көзін жоюды қамтамасыз етеді немесе олардың жұмысы үшін тиімді шарттар тудырады. Сонымен бірге бұл жүйелер әлі де маңызды тапсырмаларды шешуді қамтамасыз ету талаптары орындалуына жеткіліксіз.
Өрттен қорғаудың нақты шешімдері пайда болғанша өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі құрал автоматикалық өртке қарсы қорғау болып табылады.
АӨҚҚ жүйелерін кеңінен қолдану адамдарды өрттің қауіпті факторларынан қорғауға, өртті тиімді сөндіруге кепілдік береді, ал бұл мақсаттардың орындалуы мемлекеттің күшті және материалды құндылықтарын сақтауға мүмкіндік береді. Өрт автоматикасы құралдарының әлеуметтік-экономилық маңыздылығы келесі түрде жобалануы мүмкін. Республикамыздағы өрт қауіпсіздігі щаралары жүйесіндегі өрт автоматикасы әлеуметтік тыныштықты қамтамасыз етудегі негізгі буын болып табылады, ол ұлттық байлықты сақтау экономикасының негізгі буыны болып табылады.
Сауда өндірістерінде қауіпсіздікке жету жолдары – бұл бәрінен бұрын дұрыс конструктивті-жобалау шешімдерін қабылдау, көшіру жолдарын қамтамасыз ету, автоматикалық дабылдау жүйелерін және өрт сөндіру қондырғыларын кеңінен қолдану, өрт бөлімдерінің өртті сөндіру және адамдарды көшіру бойынша жедел жұмыстары, қауіпсіздік шарттары бойынша әкімшілік жауапкершіліктерді арттыру болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |