Орта Азия және онымен шектес елдерде парсы және түркі тілдерінде жазылған шығармалар ортағасыр кезеңінің тарихы бойынша негізгі дереккөздер болып табылады
Орта Азия және онымен шектес елдерде парсы және түркі тілдерінде жазылған шығармалар ортағасыр кезеңінің тарихы бойынша негізгі дереккөздер болып табылады. Жоғары білім беру жүйесіндегі әлеуметтік-гуманитарлық цикл пәндерінің оқу бағдарламаларына жасаған талдау — олардың ортағасырлық түркітілдес дерек көздерінің толық кешенін зерттеу үшін жеке түрде бөлініп алынған уақыт аралығын қарастырмайды деп нақты айтуға мүмкіндік береді. Бұл жазба ескерткіштері фрагментті түрде Қазақстан тарихының әр кезеңдері бойынша айтылып, жеткізілуде және мұның ғылыми айналымдағы деректердің толығырақ зерттелуі үшін жеткіліксіз екендігі айқын. Осыған байланысты тарихи пікірді үйрету және қалыптастырудың өзекті мәселелерінің бірі өткеннен қалған жазба дерекнамаларды зерттеу болып табылады. Бұл жазба дерекнамалар адамдардың іс әрекеттерімен тікелей байланысты және қоғамның даму тарихы туралы мәліметтер береді.
Орта Азия және онымен шектес елдерде парсы және түркі тілдерінде жазылған шығармалар ортағасыр кезеңінің тарихы бойынша негізгі дереккөздер болып табылады. Дешті-Қыпшақ, Жетісу, Мәуренахр, Шығыс Түркістан және бір-бірімен тығыз байланыстағы басқа көршілес аймақтардың тарихы — бұл экономикалық дамудың ішкі және сыртқы факторларының әсерімен туындаған маңызды әлеуметтік оқиғалардың тарихы. ТМД мемлекеттеріндегі қолжазба қорларында XIII-XVIII ғасырлардағы Қазақстан мен Орта Азияның басқа да мемлекеттерінің тарихы және мәдениеті туралы ақпараттарды қамтитын парсы-түркі тілдеріндегі нарративті шығармалар аз емес. Олардың зерттелу деңгейлері әр түрлі — бір бөлшегі әлдеқашан табылған және өте жақсы зерттелген, олар қамтыған мәліметтер ғылыми зерттеулерде белсенді түрде қолданылды және қолдынылып та жүр; тағы бір бөлшегі ғылыми айналымға жаңа ғана енгізіліп жатыр; үшіншілері атаулары бойынша ғана белгілі және оларды санаулы мамандар біледі; төртіншілері әлі анықталу үстінде.
Жас егеменді мемлекетте ортағасырлық түркі тіліндегі дерекнамаларды зерттеуді дұрыс бағытқа қою қажет. Дерекнаматану зерттеулерінің әдістемелік мәселелері жаңа тұжырымдамалық ғылыми-теоретикалық тұрғылардан қарастырылуы керек. Нарративті дерекөздеріне тұтынушылық көзқараспен қараудан бас тарту керек, өйткені тұтынушылық көзқарас кезінде құжаттың толық мәтіні ескерілмейді, зерттелетін мәтіннен автор үшін ғана қажет және қолайлы ақпараттар таңдалып алынады. Зерттеушілер ұзақ уақыт бойы байырғы және түпнұсқалық дерекнамаларда баяндалған мәліметтер мен факторларға назар аудармай келді, олар қосымша дереккөздер ретінде ғана қарастырылды. Кеңес тарихнамасындағы өте кең таралған бұл үрдіс сол кезеңдерде ғылымның дамуының идеологияландырылуына байланысты орын алған еді. Бұған Марксистік таптық бағыт пен көшпелі социумның дамуын зерттеудегі догматикалық тұжырым көп әсер етті.
Зерттеушілердің көпшілігі француздардың тарихшы-позитивистері Ш. Ланглуа мен Ш. Сеньобосаның «құжат жоқ жерде тарих та жоқ» формуласын ұстанды [1, 8-бет].
Дерекнаматану ғылымының дамтылыуының заманауи кезеңінде номад өркениетінің жазба мәдениетіне деген көзқарасты өзгерту қажеттілігі туындады. Қазақстанның тарихына тікелей қатынасы бар ортағасырлық дерекнамаларды зерттеу мәселесі бойынша белсенді түрде шаралар жасалуы қажет. Жоғарғы білім беру орындарында бұл жазба ескерткіштерін жаңаша тарихи ойлау бағыты бойынша зерттеу керек. Сонда ғана бұрыннан белгілі болып келген фактілер басқаша жағынан айқындалып, бізге жаңа қырынан көрінетін болады, бұрын біз байқай алмаған аспектілері анықталады, жаңа көріністер мен оқиғалар қайтадан ашылады. Отырықшы және көшпелі компоненттердің өзара әсерлерінің, жазбаша және мәдени дәстүрлердің, ұрпақтар сабақтастығының, сонымен қатар түркілер және қыпшақ мұраларының арақатынасының анықталуы ортағасырлық Қазақстанның аумағындағы тарихи оқиғалар туралы түсінігімізді әлдеқайда кеңейте түсуі мүмкін.
Жоңғар жерінде, Қытай, Орталық Азия, Иран, Еділ және Қара теңіз маңы аумақтарында әртүрлі тілдерде жазылған құжаттар құрамының алуан түрлігі және қиындығы терең ғылыми-сын және кешенді зерттеуді талап етеді. Осыған байланысты дереккөздердің зерттелуі келесі қағидаттарға негізделуі керек:
— бүкіл шекаралас аймақтардағы дереккөздерді зерттеп, салыстыру арқылы сараптау;
— дереккөздерді ғылыми түрде саралап, дереккөздерді типі, түрі және түршелері бойынша бөлу, сонымен қатар жаңа әдістемелік деңгейде жүйелендіру;
— түркі тілдеріндегі дереккөздердің орнын және мағынасын анықтау;
— дереккөз мәтіндерінің мазмұндарынан көшпелі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының спецификасын табу.
Ортағасырлық дерекнамаларды зерттеу кезінде әдістемелік негіз ретінде тарихи өткенді зерттеудің этномәдени әдісінің жүйелілігі мен қағидаттары алынуы керек. Актілік дерекнамаларды зерттеу жұмыстары жаңа теориялық-әдістемелік тәсілдер деңгейінде және терең жүйелік-құрылымдық сараптамалар негізінде жасалып, оқиғалар мен жайттардың өзара байланыстары, олардың үнемі өзгерістер мен даму үстінде болатыны ескерілуі тиіс. Зерттеулердің дерекнама қорлары айтарлықтай кеңейтіліп, жаңа дереккөздер қамтылып және олар жүйеленіп, сараланып, сарапталуы керек.
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің Шығыстану институты тарапынан «ХІІІ-ХІХ ғғ. Қазақстан және Орталық Азияның басқа мемлекеттерінің тарихы мен мәдениеті, олардың өзара қатынасы туралы араб-парсы-түркі тілдеріндегі, қытайша дерекнамалар» атты үлкен тақырып дайындалуда. Болашақта бұл материалдардан «Қазақстанның тарихы мен мәдениеті туралы шығыстану ескерткіштерінің жинағын» қалыптастыру жоспарлануда. Республиканың түркітанушылары мен шығыстанушылары ортағасырлық дерекнамалардың нашер зерттелуін ең алдымен класификациялау мәселелерімен байланыстырады. Теориялық дерекнама бойынша Қазақстан мен Орталық Азия халықтарының тарихы туралы түркі және парсы дерекнамаларын аумақтық белгілері бойынша классификациялау аса кең таралған. Дерекнамалар тарихнаманың тимуридтік, шайбанидтік, шағатай, сефевидтік және османдық топтарына бөлінген [2, с. 14]. Көріп отырғанымыздай, дерекнаматану туралы орасан зор материалдарды классификациялау кезінде ең алдымен, дереккөздерінің тек қана географиясы мен жазылған жері ескеріледі. Бұл жерде ортағасырлық мемлекеттердің шекараларының бүгінгі таңдағы мемлекеттердің аумақтарына сәйкес келмейтінін ескеру қажет, бұл жағдай дерекнамалардың ғылыми зерттелуін қиындатып отыр.
Сонымен қатар дерекнамаларды лингвистикалық, яғни олар жататын тілдің белгісі бойынша классификациялау бар, бірақ бұл да олардың болашақта жан-жақты зерттелуіне көмектеспейді. Біз дерекнамалардың кешенді түрде классификациялануын, олардың жоғарыда аталған бірнеше факторлар бойынша жүйелендірілуін ұсынғымыз келеді. Осылайша, ортағасырлық түркі тілдеріндегі дерекнамаларды зерттеу кезінде төменде берілген факторларды ескеру қажет: