Орта білім беру



бет199/207
Дата21.05.2022
өлшемі5,03 Mb.
#144303
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   207
Байланысты:
1 ресурс ӘНХ 2021-2022 (1)

Қорытынды аттестаттауды өткізу мерзімі педкеңестің шешімімен белгіленеді.
Қорытынды аттестаттаудан өткен соң шетелде оқыған пәндер бойынша бағаларын, Қазақстан Республикасының мектептерінде алдыңғы сыныптарда алынған жылдық және қорытынды бағаларын ескере отырып, оларға № 39 бұйрықпен бекітілген жалпы орта білім туралы аттестат беріледі.
Халықаралық алмасу желісі бойынша шетелге оқуға шыққан және онда білім беру мекемелерін бітірген, сондай-ақ Қазақстан Республикасында немесе шетелде оқу кезеңінде 5 сыныптан 11 (12) сыныпты қоса алғандағы оқу кезеңінде барлық пәндер бойынша жылдық, қорытынды бағалары «5» болған және қорытынды аттестаттау бағалары «5» болған бітірушілерге № 39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес жалпы орта білімі туралы «Алтын белгі» аттестаты және «Алтын белгі» белгісі беріледі.
Білім беру ұйымдарында қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдар www.nao.kz сайтында қолжетімді.


  1. БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСТАРЫ


Цифрлық білім беру ресурстары – бұл цифрлық формада ұсынылған фотосуреттер, бейнефрагменттер, статикалық және динамикалық үлгілер, виртуалды шынайы және интерактивті үлгілеу объектілері, картографиялық материалдар, дыбыс жазбалары, символдық объектілер және іскерлік графика, мәтіндік құжаттар және оқу процесіндегі ресурстар болып табылатын өзге де оқу материалдары.


Цифрлық білім беру ресурстары (ЦБР) – цифрлық технологиялар базасында құрылған және жұмыс істейтін білім беру ресурстары.
Оқыту процесінде пайдалану үшін цифрлық ресурстардың келесі тізімі ұсынылады:
«Duolingo». Duolingo-да оқыту ойын түрінде өтеді: сөздерді дұрыс табу, сөйлем құрастыру және тапсырмаларды таймермен орындау қажет. Сервис ақпаратты қалай игергеніңізді қадағалайды және осы деректердің көмегімен жеке бағдарламаңызды құрайды. Сайт тегін, бірақ ақылы жағдайда жарнаманы алып тастауға болады.
«Memrise». Ондаған тілді үйренуге мүмкіндік беретін, интерактивті тапсырмалар мен әртүрлі тақырыптарға (өнер, ғылым, мансап, ойын-сауық және т.б.) арналған жүздеген курстарды қамтитын портал. Сонымен қатар, Memrise дұрыс жауап нұсқаларын таңдау қажет бейнедиалогтарды пайдаланады. Қаласаңыз, басқалар пайдалану үшін оқыту курсын өзіңіз де жасай аласыз.
«Udemy». Пайдаланушылар ұсынған он мыңдаған курс бар сайт. Курстардың басым көпшілігі ағылшын тілінде берілген. Музыка мен дизайннан бастап робототехника мен бухгалтерлік есепке дейінгі салалар қамтылған. Курстардың ұзақтығы екіден сегіз сағатқа дейін.
«edX». Сайтта әлемнің барлық университеттерінен мыңдаған онлайн- курстар табуға болады. Гарвард немесе Массачусетс технологиялық институтының оқушысы ретінде сезінудің тамаша тәсілі. Философия, логистика, программалау, саясаттану, өнертану және т.б. ғылым саласы бойынша мәліметтер табуға болады.
«Coursera». Әртүрлі тақырыпқа арналған курстар бар ірі порталдардың бірі. Мұнда кез келген тақырып бойынша зерттеу жүргізе аласыз. Қаласаңыз, үйден шықпай-ақ, қандай да бір шетелдік университеттің сертификатын алуға болады.
«Skillshare». Әр түрлі тақырыптар бойынша ондаған мың бейнесабақтар (фотосурет, SEO-оңтайландыру, маркетинг, идеялар генерациясы және т.б.) берілген. Бұл сайт контент құрушылар үшін өте пайдалы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   207




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет