Орта білім беру



бет21/240
Дата23.12.2021
өлшемі1,41 Mb.
#127961
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   240
Байланысты:
1 ресурс ӘНХ 2021-2022 (1) (копия)

Жоба материалдары Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының сайтында орналастырылған https://www.nao.kz).

Еліміздің орта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздеріне сәйкес сегіз негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады.



Бірінші бағыт - «Қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие» білім алушылардың бойында қазақстандық патриотизм сезімін, құқықтық және азаматтық сана-сезімді, жеке бас бостандығы мен ар-намысының құндылығын, парасаттылық пен адалдықты, толеранттылықты, еңбекке деген құрметті, «толық адам» қасиеттерін қалыптастырады, зорлық-зомбылық пен агрессиялық ой-пиғылдың, әртүрлі типтегі кемсітушіліктің алдын алуды қарастырады.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 2021-2022 оқу жылында «Туған елге тағзым» жалпыреспубликалық экспедициясын,

«Тарих тағылымы» мен «Қазақ мәдениетінің антологиясы» әлеуметтік

жобаларын, «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» («Қазақстанның киелі географиясы») жобасын қамтитын «Ұлы дала мұрагерлері» жобасын іске асыруды жалғастыру қажет.

Білім алушылар арасында өлкетану білімін насихаттау және танымал ету келесі материалдарда:


  • Қазақстан Республикасында өлкетануды дамытудың Тұжырымдамалық негіздерінде;

  • «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында жалпы білім беретін ұйымдарда өлкетану жұмыстарын жетілдіру бойынша әдістемелік ұсынымдарда;

  • «Айналаға қара» («Ауыл өмірі», «Қала өмірі»: әлеуметтік – тарихи тәжірибе») бағытын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдарда;

  • «Өлкетану»: мәдени-генетикалық кодтың негізі» (мәдени мекемелердегі өлкетану сабақтары) (5-7-сыныптар) пәнін жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдарда;

  • «Қазақстанның киелі орындары Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» әдістемелік ұсынымдарында;

«Туған жер» бағдарламасы арқылы білім беру ұйымдарында білім алушылардың қазақстандық патриотизмін қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдарда көрсетілген (https://www.nao.kz).

«Жас қыран» (1-4-сыныптар), «Жасұлан» (5-10-сыныптар), «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубтары, балалар мен жасөспірімдер қозғалысының қызметін ұйымдастыру білім алушылардың бойында патриотизм мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру мен дамытуға негіз болады.

Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА әзірлеген әдістемелік ұсынымдар



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   240




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет